«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Төрлет төрге, Жаңа жыл!" бағдарламасы

Сайқымазақ №2:Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! Жаңа жыл мерекесін қарсы алу үшін патшамыз ғажайып патшалығымыздың кішкентай тұрғындарын ғажайып сарайға балға қатысуға шақырады! Сарайға қарай асығыңыздар! 
Асығыңдар! Асығыңдар! 
Жаңа жылдық кешімізді 
Біз бастаймыз! Бастаймыз! 
Жиналыңдар,жиналыңдар, 
Сарайға тез келіңіздер! 
Жаңа жылды қарсы алайық, барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Патша (Нұрлыбек) : Патшалардың қолынан бәрі келеді, бәрі келеді.Айтпақшы, жаңа жылдық балға бәрі дайын ба екен? Уәзірді шақырыңдар! 

Қолында үлкен қойын дәптері бар Уәзір келеді.
Патша : Жаңа жылдық құттықтауларды жібердің бе? 
( Уәзір басын изейді). Қонақтарға арналған сыйлықтар дайын шығар?

( Уәзір тағы басын изейді). Ал шыршамыз қандай біздің?

Уәзір (Ерген): Ұлы мәртебелім, шырша өте керемет. Өте биік, әдемі безендірілген, әлемде оған тең келер шырша жоқ!  
Патша : Сарайға келетін барлық жол қардан тазартылды ма? 
Уәзір : Тазартылды, Ұлы мәртебелім! Сіз бәрін де ойлап жүресіз, бір мезгіл демалсаңызшы? 
Патша: Қайдағы демалыс! Иә! Ал музыка жағы қалай? 
Уәзір: Бәрі дайын! Көршілес патшалықтардан да әншілер шақырдық.
Патша: Бәрі дайын дейсің бе? Сонда да өзім бір қарап шығайын.

(Патша залдан шығып кетеді)

Музыка қосылып тұрады. Патша:Армысың, аманбысың халқым менің!
Жаңа жылым, О, менің Жаңа жырым !
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Салтанатты кешімнің қонақтарын ,
Қарсы алыңдар, қошеметпен!!! 

(патша уәзірді ымдап шақырады, уәзір ортаға шығып ақ бетті парағын жайып жіберіп оқи жөнеледі.)
Уәзір:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Қызықтан құр қалмаңыздар. 
Сарайында патшаның ,Жаңа Жылды тойлаңыздар. 
О, Жарандар , қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Қызықтаңдар, сайраңдаңдар,
Патшаның жарлығына құлақ түріңіздер!

Пауза, жарлық жазылған бетті ашады.
Құрметті сарай қонақтары! Мәртебелі патшамыздың сарайында «Жаңа жыл» мерекесіне орай кеш болмақ. Бұл мерекеде жан жақтан келген өнер иелеріне - мәртебелі патша сансыз сый құрмет жасамақ. Патшамыздың тамаша сыйынан құр қалмаңыздар.

Патша: Ендеше, көп кешіктірмей Жаңа жылдық балымызды бастайық! Патшалықтар өз сый- сияпаты ретінде өнерлерін көрсетсін. Біз де бағасын беріп, керек марапаттарын таратуға әзірміз!

1-жүргізуші:Кәне, кәне, келіңіздер!  Періштелеріміздің биін көріңіздер!
Мейрамдаңдар, сайрандаңдар  , Жаңа жыл кеші басталды,
Кейіпкерлердің келу құрметіне періште қыздардың биін тамашалап, қошемет көрсетіп отырайық! БИ: «Періштелер» Періштелер 5- сынып патшалығы
1жүргізуші.Армысыздар, қадірлі ата - аналар, қымбатты ұстаздар, аяулы оқушылар! Жаңа жыл балмаскарадын ашуға рұқсат етіңіздер! 

Қош келдіңіз, бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге .

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге! Құттықтау сөз кезегін мектеп директорына береміз.

ә-жүргізуші:Келіңіздер халайық , Жырға жырды қосайық

Әнмен шашу шашайық , Бимен балды ашайық . Вальс

2- жүргізуші.Қызығын да, қиындығын да көлденең тартқан 2019 – ші доңыз  жылы аяқталуға да аз уақыт қалды. Өмірімізге енейін деп тұрған 2020 - ші тышқан жылы табалдырықтан аттайын деп тұр. Олай болса, Жаңа жыл баршаңыздың отбасыларыңызға денсаулық пен бақыт, береке мен бірлік, жақсылық пен қуаныш әкелсін.

2-жүргізущі: Жаңа жыл да есіктен сығалап кіріп келеді. Балымыз басталып та кетті. Ал, біз осы орайда балымыздың қызығын қандыратын жұмбақтар топтамасын ұсынaмыз.

2-жүргізуші алма-кезек оқиды

Бір ақсақал жылына Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына Сыйлық әкеп береді.(Аяз ата)

Қыста жерді жауып кетті, Ал көктемде ағып кетті. (Қар)

Көкке қарап наздана Қолын созар күнімен.

Күз, Қыс, Көктем, Жазда да

Өзгермесбіртүрінен. (Шырша)

Жасыл ине киімім, Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң, Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)

Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты.

Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз)

Қыс түсіп, қар жауса, кілең Дала кезіп тыншымайды.

Көрінбейтін саусағымен Бетті аямай шымшылайды. (Аяз)

Бет-аузыңнан сүйеді, Ерні суық тиеді. (Аяз)

Бір кісінің он екі баласы бар, Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.

Әр баласы сапарға шыққан сайын, Отыз шақты серігін ала шығар.

(Жыл мен он екі ай)

Терезеге қонады, Әсем ою ояды. (Қырау)

Тікен,тікен тік пістe. Қысы жазы бip түсте(Шырша)

Айналып жүріп шыршаны, Барлық адам  ән салды.

Барлығы да шаттанып, Қай мезгілді қарсы алды? (Қыс)

Қыста  ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады.

Аппақ етіп айналаны, Ақ көбелек айналады. (Қар)
1-жүргізуші: Уа, халайық, жараңдар,Айналаға қараңдар.
Қызық көріп шат болып,Шалқып күліп, тараңдар.

2-жүргізуші:Уа, халайық құрметті,Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып,Өткізейік дүрмекті деп.
Қыстың әнін шырқауға шақырамын.

ӘН: «Жаңа жыл»6-сынып патшалығы

1-жүргізуші: Уа, халайық той бүгін, Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық Тышқан жылын Ұзатып сап Доңызды !

2-жүргізуші: Олай болса, кешіміз одан әрі жалғасын табады.

 Ортаға 7 сынып патшалығының жас таланттарын шақырамыз!

БИ: «Jingle Bells» 7-сынып патшалығының орындауында.

Жүргізушілер ойнатады.«Күлдіргіш» ойыны.
Әрбір ойыншы бір есімнен алады, мысалы, мұз, ойыншық, қар, шырша,қарбаба, т.б. Жүргізуші барлығын айналып жүріп, түрлі сұрақтар қояды: «- Сен кімсің? - Шырша. - Бүгін қандай мейрам? - Мұз. - Мынауың не? (мұрнын көрсетіп) – Ойыншық, -Жаңа жылда не болғың келеді?-Бала кезінде сәған қандай ләқап ат қойып мазақтаған?... . Әрбір ойыншы барлық сұраққа өзіне берілген «есіммен» жауап беруі тиіс, және де ол сөзді қажетінше септеуіне болады. Оған қоса, жауап бергенде, күлуге тыйым салынады. Кім күліп жіберсе, ойыннан шығады.

1- жүргізуші: -Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

2-жүргізуші: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
 Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
 Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./

Аяз Ата, Ақшақар, кіреді.

Аяз ата: Амансыңдар ма, бозбалалар мен бойжеткендерім!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4 - пен 5 - ке оқыңыздар!

Өмірдегі бар сыннан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспіз!

Сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, жиналған қауым! Орманды көктей өтіп жеттік - ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып бізді тосып, отырсыңдар екен.

 Аязата: Қандай керемет сарай, қандай әсем шырша! Айнала қандай әдемі!

Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?

Патша: Әрине ,төрден орын алып, жайғаса беріңіздер! Төрлетіңіздер!

1-жүргізуші:Аппақ бүгін қыр, далам, Ақ мақтаны жапқандай!

Бүкіл әлем – бір ғалам,  Қонақ күтіп жатқандай.

2-жүргізуші: Көңілде көп қуаныш, Әр көңілде - әр қылық.

Кетер жылға мың алғыс,  Әкелген көп жақсылық.

Көрініс: «Ағалар парызы.»

ӘН: «Қош келдің, Жаңа Жыл!» 8-сынып патшалығынан.

Мандаринмен эстафета ойыны.
Қонақтар екі топқа бөлінеді. Залдың соңына ішінде мандариндер бар екі табақ қойылады. Әр қатысушының міндеті – табаққа дейін жетіп, ас қасыққа мандарин салып, оны тобына дейін алып келу. Алып келген соң қасықты келесі қатысушыға береді. Мандариндердің барлығын қай топ бірінші болып алып келсе, сол топ жеңеді.

1-жүргізуші:Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

2-жүргізуші: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!

БИ: «» 9-сынып патшалығы
Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,  Тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық Қастарыңда болмасын Сау болыңдар, балалар!

Аяз-Ата: Қош, сауболыңдар, балалар!

Жүргізуші: Аязата мен Ақшақардышығарыпсалдық, ендігікезектімәртебелі  патшамызға береміз.Мәртебелі патшамыздың сарайында өткен «Жаңа жыл» мерекесіне  қатысқан  өнер иелеріне - мәртебелі патшамыз  сансыз сый құрмет жасамақ. Патшамыздың тамаша сыйынан құр қалмаңыздар.

 Сонымен бүгінгі кештің  жеңімпаздары:  ... Қане, қошемет білдірейік.

1-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл. Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, 

 2- жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл. Сан тілектіңбастамасығанабұл.

 Ән 11- сыныптың және хор «Жаңа жылым, жаңа күнімардақты.»

1-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын!

2-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!
Сайқымазақ №1:«…Жаңа жылда бәрі де өзгереді,Таңғажайып ертегілер әлеміндей.

Ертегілер әлеміне шақырамыз,  Есігіміз ашық тұр баршаңызға
 Сайқымазақ №2:Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! Жаңа жыл мерекесін қарсы алу үшін патшамыз ғажайып патшалығымыздың кішкентай тұрғындарын ғажайып сарайға балға қатысуға шақырады! Сарайға қарай асығыңыздар! 
Асығыңдар! Асығыңдар! 
Жаңа жылдық кешімізді 
Біз бастаймыз! Бастаймыз! 
Жиналыңдар,жиналыңдар, 
Сарайға тез келіңіздер! 
Жаңа жылды қарсы алайық, барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Патша : Патшалардың қолынан бәрі келеді, бәрі келеді.Айтпақшы, жаңа жылдық балға бәрі дайын ба екен? Уәзірді шақырыңдар! 
Қолында үлкен қойын дәптері бар Уәзір келеді.
Патша : Жаңа жылдық құттықтауларды жібердің бе? 
 

Патша: Патшалардың қолынан бәрі келеді, бәрі келеді.Айтпақшы, жаңа жылдық балға бәрі дайын ба екен?

Уәзірді шақырыңдар! 
Қолында үлкен қойын дәптері бар Уәзір келеді.
Патша
: Жаңа жылдық құттықтауларды жібердің бе? 
( Уәзір басын изейді). Қонақтарға арналған сыйлықтар дайын шығар?

( Уәзір тағы басын изейді). Ал шыршамыз қандай біздің?

Уәзір (): Ұлы мәртебелім, шырша өте керемет. Өте биік, әдемі безендірілген, әлемде оған тең келер шырша жоқ!  
Патша : Сарайға келетін барлық жол қардан тазартылды ма? 
Уәзір : Тазартылды, Ұлы мәртебелім! Сіз бәрін де ойлап жүресіз, бір мезгіл демалсаңызшы? 
Патша: Қайдағы демалыс! Иә! Ал музыка жағы қалай? 
Уәзір: Бәрі дайын! Көршілес патшалықтардан да әншілер шақырдық.
Патша: Бәрі дайын дейсің бе? Сонда да өзім бір қарап шығайын.

(Патша залдан шығып кетеді)

1-жүргізуші: Ханымдар мен мырзалар! Сарайға мәртебелі патша келе жатыр! Қарсы алыңыздар! (Фанфары)
(Залдағы қонақтар қақ айырыла жол беріп, иіле амандасады. Патша мен  уәзір бірге кіріп келеді де таққа отырады.) 

Музыка қосылып тұрады.
Патша:Армысың, аманбысың халқым менің
Жаңа жылым, О менің Жаңа жырым 
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Салтанатты кешімнің қонақтарын 
Қарсы алыңдар, қошеметпен!!! 

патша уәзірді ымдап шақырады, уәзір ортаға шығып ақ бетті парағын жайып жіберіп оқи жөнеледі.

 


Уәзір:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! 
Қызықтан құр қалмаңыздар. 
Сарайында патшаның 
Жаңа Жылды тойлаңыздар. 
О, Жарандар , қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Қызықтаңдар, сайраңдаңдар,
Патшаның жарлығына құлақ түріңіздер!

Пауза, жарлық жазылған бетті ашады.
Құрметті сарай қонақтары! Мәртебелі патшамыздың сарайында «Жаңа жыл» мерекесіне орай кеш болмақ. Бұл мерекеде жан жақтан келген өнер иелеріне - мәртебелі патша сансыз сый құрмет жасамақ. Патшамыздың тамаша сыйынан құр қалмаңыздар.

Патша: Ендеше, көп кешіктірмей Жаңа жылдық балымызды бастайық! Патшалықтар өз сый- сияпаты ретінде өнерлерін көрсетсін. Біз де бағасын беріп, керек марапаттарын таратуға әзірміз!
Патша: Әрине ,төрден орын алып, жайғаса беріңіздер! Төрлетіңіздер!

 

Жаңартылған күні: 08.01.2020 00:01
Құрылған күні: 08.01.2020 00:01

Текст