«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Армысың, әз Наурыз!» (мерекелік бағдарлама.)

08.04.2019

Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты:1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Залдың төр жақ шетінде ақбоз үйдің жарты көрінісі қойылған. Ішіне ұлттық үй жиһаздары жиналған.  Саханада күмбірлеген күй әуенімен «Аққайың » би тобының биі орындалуда. 1-жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар! Бәрің бері қараңдар,

Наурыз думан басталды,Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға  Келе жатқан жаңғырып.

2-жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы, Бізбен бірге жырлашы.

Елімнің дастарханына  Береке, ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған         Наурызымыз армысың!

1-жүргізуші. Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!Наурыз тойларыңыз құтты болсын!

2-жүргізуші. Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!

1- жүргізуші: Қызылтаң  мектеп оқушылар ұйымы дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Құдайберген С.Қ –на беріледі.

Залдың төр жақ шетінде ақбоз үйдің жарты көрінісі қойылған. Ішіне ұлттық үй жиһаздары жиналған. Көрпелер төселіп, әр жерден жастық тасталған төрде әже отыр. Үй алдында  немересі асық ойнап жүр. Даладан ат дүбірі, иттің үрген даусы естіледі.  Әже (Жұмаш Қалымовна ) : Балам, қонақтар келді ғой деймін, аттарын байлап, үйге кіргізіңдер.

2-Бала (Аман) : Мақұл, әже. (деп, жүгіріп шығып кетеді де, бүкіл балалармен, жүргізушімен бастап кіреді)

Жүргізуші: Амансыз ба, апа? Әже: Амансыздар ма, құлындарым? Балалар: Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші: Апа, Наурыз мерекесін әжеміздің ақбоз үйінде өткіземіз. Өзіңізді немелеріңізбен іздеп келдік. Әже: Ой, айналайындар. Бәсе, бәсе. Өзім де сендерді сағынып жүр едім. Келіңдер,төрлетіңдер! Жүргізуші: Ендеше, Наурыз кұтты болсын, әжесі. Өзіңізді, мына балаларды, барлық қонақтарды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. 1-бала: Әдептен озып аспайық, Үйренуден қашпайық. Мейірімді, әже, өзің айт, Тойды неден бастайық? Әже: Бізге жаңа жылды көктем әкеледі, қарағым. Көктемнен бастаңдар. Есіктен көк көйлекті көктем кіреді. Көктем: Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін. Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал-бұтақтың. Жыл бойымен жарысқан,

 Күн мен түнді теңеймін. Жер қабатын өңдеймін.

Гүл болып кырда егілем, Дән болып жерге себілем.

Жаңбыр болып жауам да, Нұр болып көктен төгілем.

 Шуағын төгем әлемге Қуатын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне, Тіршілігін әперем.

Қыстың қалың киімін, Шешіп өзім тастаймын.

Наурыз болып еліме, Жаңа жылды  бастаймын.  

Мансур: Көктем, сені күттім мен, Көк шалғынды сағынып.

Жүретін әсем гүліңді, Шаштарыма тағынып.

Әділ: Сені күттім, Наурызым, Көктем боп қашан келер деп.

 Берекелі мерекең, Куанышқа бөлер деп.

Мақсұт Неталиевтің «Ұлыс күні» өлеңін Оразымбет Көркем орындайды.

Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,

Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.

 Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,

 Бар тіршілік Наурыздан басталған!

Ел де тыныш! Жер де тыныш – бұл күні,

 Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.

Табысқан жұрт таныс тауып жатады,

Жамалғандай жүректердің жыртығы!

 Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,

 Күн өрлейді күмбезінен жоғары.

Наурыздың жиырма екісі толғанда,

Тоғысады тоғыз жолдың торабы...

Жылғалардан су аққанда сырғанап,

Шаң-тозаңнан тазарады нұрлы алап.

Толтырады шаңырақтың шаттығын –

Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап?!

Ол – осынау Наурыздың арқасы! –

«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!

Сағынғали Сейітовтің «Науан Наурыз, армысың! » Мұрат  Мерей

Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

 Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

 Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,

Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.

Наурыз Б.Тұрсын қызы  (Саида)

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

Қымбат білген адамға сөз өнері,

 Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.

Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,

Гүлге толсын көгеріп көшелері.

Шат күлкіге шомылып замандары,

Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.

Әрбір жанның арманы орындалып,

Сәтті болсын биылғы қадамдары.

Ел-жұртымның тілеуін тілесейік,

Жаңа жылда қалайық бір есейіп.

Наурыз Бейімбет Майлин (Нұрлыбек)

Біреуім екеу болды - мал қосылды,

Қораға бұзау, лақ, қозы толды.

Ызғарлы суық қыстың кәрі кеміп,

Аспаннан күн күлімдеп, шырай оңды.

Ұзамай қарда кетер, жаз да болар,

 Сай-сала гүрілдесіп суға толар.

Бөленіп жер жібекке, мың құлпырып,

Шалғынға көкорайлы ауыл қонар.

Жаз иісі бүгін келді, жан жайланды,

Кешегі көрген бейнет артта қалды.

Өмірге жаңа жолдар ашатұғын,

Жаңа жыл - бүгінгі күн, жаздың алды.

Наурыз Несібелі Иманқызы  (Нұржан)

Қош келдің, Наурызым төрлет бері,

Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.

Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,

Жадырады адамдардың келбеттері.

Наурыз, жыл он екі ай елдің жүгін,

Арқалап арамызға келдің бүгін.

Дамытып бейбіт елдің еркіндігін,

Жайлауын жарастырдың елдігімнің.

Наурыз түріп тастап жер түндігін,

Айығып ақ күмістей серпілді күн.

Сұлудай сылаңдаған мөлдір сулар,

Жылғамен ағып жатыр еркін бүгін.

 Халқымыз қастерлеген ежелден-ақ,

Келе бер аттың басын тежемей-ақ.

Наурыз көжемізден қанып ішкін,

 Ұлыстың ұлы күні тұрма қарап.

Шуағы жер әлімді жандандырып,

Өріске барады өріп алуан түлік.

Дән сеуіп молшылықты жасаймын деп,

Барады диқан жігіт таңнан тұрып.

Бақыттың тігілген соң көк байрағы,

Шарықтап көңіл құсым көкте ойнады. Нақышын Наурыздың арқау етіп,

Жүргізуші: Ой, рахмет, балалар, көктем жайлы жақсы өлең шумақтарын  жақсы біледі екенсіңдер,керемет,жарайсыңдар!

 Көктем: Балалар, мен сеңдерге ризашылығымды білдіріп, мына гүлдерімді сыйламақшымын. Осы гүлдей жайнап жүре беріңдер.

(балалар гүл мен көктемді ортаға алып жаттығу жасайды)

Көктем: Мен сендерге Наурыз болып кірдім, енді төрлеріңнен орын аламын! (Әженің қасына барып отырады).

Жүргізуші: Қане балалар, көктемге өз өнерімізді көрсетейік 8- сынып қыздарының орындауында    «Наурыз-Көктем»   әні

Жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Наурыз көктем» әні

Әже: Қарашықтарым менің, өлеңді қандай жақсы айтасыңдар. Ал, енді отырып дем алыңдар.

Жүргізуші: Әже, Наурыз таңын қарсы аларда ырымдар жасап жүруші едіңіз ғой. Солардың сырын айтып берсеңіз. Әже: Иә, балаларым,   бұл күні адамдар таза киініп, төс қақтырып амандасады. Ауласын тазалап тал егеді. Бұлақтың көзін ашып, су жібереді. Жылы көже жасайды. Ол өте дәмді көже, бұйыртса, бүгін сол көжеден ауыз тиіп қайтасыңдар.

Жүргізуші: Әжесі, немелеріңіз өзіңізге арнап бір ән айтқысы келіп отыр. Әже: Айтыңдар, қарақтарым, айтыңдар. Әй, айналайындар, өздерің келіп, бір жасап қалдым ғой, мен де.  

Ендеше , Көкшетау қалалық филормониясының әншісі қонаққа келіп отыр екен. Ән  кезегін сол құрметті қонағымызға береміз! (домбырамен қазақтың дәстүрлі әндерін  орындайды.)

 2-жүргізуші: Халқымыз ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды. 21 наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Қызыр - адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейіпінде көрінетін қиял ғажайып адам.
Қыдыр ата: Жарайсыңдар, балаларым, өнерлерің өрге жүзсін!

Ата: Қыдыр атадан бата сұрайық.

Қыдыр атаның батасы: Азамат боп ержетіңдер,
                                          Ақылды болып ержетіңдер
                                            Азамат болыңдар көрікті,                                                               Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты! Әумин.

Ата: Бәйбіше, бүгінгі Наурыз мейрамын қос мерекеге ұластырып құдағиды шақырып немеремізді бесікке салғызайық. «Бесікке  салу » салтын 7-сынып оқушылары көрсетеді.

1-жүргізуші:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

9-10- сынып оқушыларының  орындауындағы «Қазақ  хандығы біздің »  көрінісін  қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші  ( көрерменмен ойын) Наурыз байланысты тағы қандай ерекшеліктер бар, халықтан сұрап көрейікші.

 (Дайындалған карточкаларды алып, сұрақтарға жауап береді).

         Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазакстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін бағалы өсімдік.

         Наурызек – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызегім келдің бе?» деп шақырып жем шашады. Наурызекті ешкім қумайды, үркітпейді.

        Наурызнама – шат-шадыман, ойын – сауық. Тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыздар жиналып бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селт еткізер» деп атайды.Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна пәктікпен жастықтың, тарақ әдемілік пен сұлулықтың, иіссу - бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.

         Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «белкөтерер»

деп аталатын дәм дайындалып таратылады.

         Наурызша. Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.

        Наурызкөже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен( сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,жеміс,т.с.с.) жасап, оған қазы,шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурызкөженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.2-жүргізуші: Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп.
Назарларыңызға «Биші қайың» би ұжымының орындауындағы «Қазақ биін» ұсынамыз.1-жүргізуші. Жарқырасын  Қызылтаңдай  жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз!
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,Малға толып жатсын барқыт беліміз!
2-жүргізуші:Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым! Береке бол ешқашанда тозбаған!

Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды.

Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін! Қош, сау болыңыздар!

 

 

Просмотров: 793


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст