Зеренді ауданы әкімдігінің "Қызылтаң орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кызылтанская средняя школа" акимата Зерендинского района

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану пәні онкүндігінің қорытынды есебі

Қызылтаң орта мектебі

Өзін-өзі тану пәні онкүндігінің қорытынды есебі

2019-2020 оқу жылы

2020 жылғы 03-12 ақпан аралығында: «Махаббат пен шығармашылық» тақырыбында өзін-өзі тану пәні бойынша он күндігінің  қорытынды есебі.

03.02. күні ашылу салтанаты барлық оқушы, мұғалімдер арасында таныстырылып қабырға стень шығарылып барлық мектеп оқушылары шаттық шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Қыздардың орындауында хор орындалып, бастауыш сынып оқушылары тақпақтар айтты.

03.02. «Қайырымдылық – жер бетінде!» атты 1-5 сынып оқушыларымен флеш-моб өткізілді. Оқушылар әсем әнге би билей отырып, көңіл-күйлері көтерілді.

 

04.02 күні Кітапханашы "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармаларының көрмесін ұйымдастырды.

 

05.02 күні «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыпта 7-10 сынып оқушыларына әңгімелер мен оқушылардың әлеуметтік жобаларының презентациялары өтті. Оқушылар бұл іс-шараға ерекше белсенді қатысысып, жасаған  жұмыстарымен бөлісті.

06.02. күні «Балапан» шағын орталығында, балаларды тарта отырып, «Дәрігер Айболит» ертегісіне театрланған рөлдік ойындар мен қойылымдар өткізілді. Ертегі балалардың қызығушылығын оятып, сөйлеу мәнерлерін дамыта түсті.

 

07.02 күні «Балаға жүрек жылуы» С.А.Назарбаеваға арналған 1-11 сыныптарында тақырыптық сағаттар мен сынып сағаттары өткізілді.

10.02 күні "Алтын жүрек анамыз" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Бұл мәнерлеп оқу сайысында Сара Алпысқызының өмір жолы таныстырылып, жетістіктері оқылды, оқушылардың жазған өлең жолдарын оқыды. Сара Алпысқызының "Өмір әдебі" деген кітабынан алынған ұзінді оқылды. Жүректен жүрекке кезеңінде Ж. Тұрбековтың сөзіне жазылған" Бақытты балалық шақ "әні орындалып оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен мәнерлеп оқу сайсы аяқтады. Сайыс сонында оқушыларға кішігірім сыйлықтар таратылды.

10.02 күні «Ән-көңілдің ажары» атты 5-6 сынып оқушылары арасында ән байқауы өткізілді. 5 сынып оқушысы Аблайхан Айымгүл өзінін әсем дауысымен ерекшеленіп, мақтау қағазына ие болды.

 

11.02. күні  тарих пәнінің мұғалімі Бакиров Д.Р. «Қазіргі жастарға патриотизм тән бе?» атты тақырыбынды 9-10 сынып оқушылары арасында дебат өткізілді.

Дебатта оқушылар өздерін еркін ұстап, тақырыпты тереңдете аша білді.

12.02 «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты тақырыбында 7 сынып оқушыларына ашық сабақ өткізілді. Сабақта оқушылар белсенді қатысып, шығармашылық жұмыстарды орындай отырып, қызықты мәліметтер дайындады.

12.02 9-11 сынып оқушыларының арасында Өзін-өзі тану пәнінен мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиада нәтижесі бойынша 9 сынып оқушысы Капышева Наргиза, 10 сынып оқушысы Мұрат Ақнұр, 11 сынып оқушысы Аубакирова Саида  1  орынды иеленіп, Мұрат Ақнұр мен Аубакирова Саида аймақтық өзін-өзі тану пәнінің олимпиадасына жолдама алды.

«Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» атты жабылу салтанатында іс-шараға белсенді қатысқаны үшін оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Жалпы онкүндігімізде ән айтыплып, көтеріңкі көңіл күймен аяқталды.


     

Жаңартылған күні: 08.03.2020 00:51
Құрылған күні: 09.03.2020 00:35

Текст