«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мәңгілік ел – мәңгілік тарих» атты суреттер байқауы

«Мәңгілік ел – мәңгілік тарих» атты суреттер байқауы

 

         Қайырлы күн құрметті де, қадірлі тәуелсіз елдің ұрпақтары! Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 28 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі. Тәуелсіздік – кез келген ел үшін жаңа сатыға көтерілу мен қайта түлеудің, гүлденіп дамудың тың қадамы, елеулі тарихи кезеңі. Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ өлкемізді cан жылдар бойы отарлықтың құрсауында ұстаған кеңестік империя күйрегеннен кейін Қазақ елі еркіндікке қол жеткізді. Алғашқы Конституциямыз бекітіліп, республикалық мемлекеттілігімізді заңдастырған кезден бастап, дербестіктің игілігін сезіне бастадық. Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Ел аңсаған азаттық 1991- жылы 16-желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Ал, мұны дүниенің жаратылысымен тарих дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық.                                       Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың жеңісі, елдің мерейі. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 27 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өрениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны, оған өзімнің куәгер болғаным – мен үшін шексіз қуаныш.

            Тәуелсіз еліміздің тарихы тамырында екені баршаға мәлім. Кешегі тарих бүгін үлкен алып бәйтерек іспеттес. Ал оның алтын діңгегі елбасының жыл сайынғы халыққа жолдаған жолдаулары. Осы жылдың қазан айындаға Елбасының Жолдауы: «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты тақырыпта жолданған, сонымен қатар қараша айындағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланған еді. Елбасының жолдаулары мен мақалаларының барлығы халықтың әл-ауқаты, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін жақсартуға негізделгені сөзсіз. Ендеше, бұл стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады. Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Елбасының    «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге тағзымды ету, салауат пен болашаққа деген сенімі мол болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қ    азақстанға деген құрмет сезімін ұялататын ата-бабамыздың сара жолындағы іс-әрекетті жалғастыру керек. 

       Қорытындылай келе, 5-9 сынып оқушыларының суреттері іріктелініп, жүлделі орындарға сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

     

 

Жаңартылған күні: 14.01.2020 00:25
Құрылған күні: 14.01.2020 00:25

Текст