Зеренді ауданы әкімдігінің "Қызылтаң орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кызылтанская средняя школа" акимата Зерендинского района

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тарих қадамдары» 7-8 сыныптар арасында өткізілген зияткерлік ойыны

 

Қызылтаң орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

«Тарих қадамдары»

7-8 сыныптар арасында өткізілген зияткерлік ойыны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген:тарих пәнінің мұғалімі Бакиров Д.Р.

 

 

 

 

 

 

 

«Тарих қадамдары»

(зияткерлік ойыны)

 

Мерзімі:12.12.2019 ж

Мақсаты:

Білімділік: Интеллектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту.

Дамытушылық: Қазақстан тарихы пәніне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.

Түрі: «Тарихи қадамдар» атты зияткерлік ойын

  Ойын барысында оқушылар сыныптар бойынша топтастырып, оқушыларды 7-8 сынып деп 2 топқа бөлінеді. Әр топтан бір - бір капитан сайланады. Әрбір орындалған тапсырма 5 балдық жүйемен бағаланады.

Көрнекіліктер: сынып бөлмесін пәнге сай безендіру, тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар, қазақ хандарының суреттері, музыкамен көркемдеу;

Мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушыны тәрбиелеу мен оқытудың бір формасы деуге болады. Сыныптан тыс жұмыстар балаларды біріктіріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мол мүмкіндік береді және оқушының өзіне деген сенімін арттырады, оқушы мен мұғалім арасында берік қарым – қатынас орнап, мұғалімнің оқушыны танып – білуіне мол мүмкіндік туғызады.

Барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Ойынның шартымен, сайыстың түрлерімен таныстыру

2. Әділ қазылар алқасымен, топ құрамымен таныстыру

Мұғалім:Құрметті ұстаздар және оқушылар!

 « Бірлік, ынтымақ, тұтастық - Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы » атты тарих апталығында өткізілгелі отырған 8 сыныптар арасындағы «Тарихи қадамдар» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер

Сіздерді алда келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймыз!

Тарих ол-уақытқа ұқсас толмайтұғын,
Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын, 
Тарих ол-бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.

Мұғалім сөзі

Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен — ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми  әрі теориялық, тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұстанумен келеді. Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кем де емес.

Ұлы Абай, Шәкәрім, Ыбырай сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес.

Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» — деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ендеше, құрметті жас достар! Ғылым мен білім бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақтары  қош келдіңіздер. ХХІ ғасырдың қазақстандық көшбасшылары, құрметті қонақтар, тарих пәні апталығына байланысты мектепішілік «Тарих қадамдары» атты тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1. Мектеп директорының м.а. Темирбаева Г.С.                                                                                                   2. Тәрбие ісінің меңгерушісі Азнабаева С.А.

3. Гуманитарлық әдіс бірлестігінің меңгерушісі Абдрахимовна Ж.А.

1 тапсырма.

Әр топ өз топ атауын, ұрандарын және эмблемаларын қорғайды. 3 мин (5 балл)

2 тапсырма.  «Миға арналған жаттығу» Командаларға 10 - сұрақ қойылады, көп ұпай алған команда ойынды бірінші бастауға мүмкіндік алады. Бұл кезеңде оқушының ойын жинақтау мақсатында төменгі сыныптарда өткен материалдар қамтылады:

2 тапсырма. Әр жауапқа 5 балл беріледі

1 топқа.

Әділқазы алқасына бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар сайыстарда неше бір.

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар..

1.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жанар Абдрахимовна

  1.  

1.Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс болған жылдар - 1783-1797 жж

2.Түркістан қаласында дүниеге келген хан – Абылай

3.1635 жылы қандай хандық құрылды -  жоңғар хандығы құрылды

4.Жалпы қазақтың ұраны – Алаш

5.18 ғасырға жататын ақын-жыраулар – Бұқар жырау, Ақамберді, Шал, Көтеш, Үмбетей

6.Бұланты шайқасы болған жыл -1728 ж

7.1756 жылы Абылай хан қай елмен дипломатиялық байланыс жасады –Қытай

8.Жоңғар шапқыншылығына қатысқан қазақ батырлары-Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, Баян, Наурызбай

9.1822-1824 жылдардағы реформа бойынша Орта жүз бен Кіші жүзде не жойылды – хандық билік жойылды

10. Исатай Тайманұлының  қайтыс болған жер атауы – Тастөбе

2 топқа

1. Қазақтың әйгілі ақын-жырау, «Көмекей әулие» атанған,Абылай ханның бас кеңесшісі –Бұқар жырау

2. Казак әскерлері Қазақстанның қай аймақтарына орналастырылды -

Жайық, Жетісу, Орынбор, Сібір

3. 1786 жылы Кіші жүздегі хандық биліктен қуылып, Уфаға жер аударылған хан - Нұралы

4. Кіші жүздің ішндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің Байбақты руынан шыққан ірі тұлға, батыр, шешен – Сырым Датұлы

5. Абылай хан қазақ халқының мазасын алған қырғыздарға қай жылы жорыққа шықты – 1779 ж

6. Қазақ жеріне Ресейдің қол астына өту туралы келісімге барған елшілер – С.Қойдағұлұлы, Қ.Қоштайұлы

7. Әбілхайыр ханмен келісімге келген орыс патшаймы мен орыс елшісін ата- Анна Ионовна мен Тевкелев

8. Жоңғарларға қарсы соғыс кездерінде атақты қандай әйел адамдар қатысты   -   Абылай сұлтанның қызы – Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы-Айбике, Қабанбай батырдыі әйелі-Гаухар

9. 1792 жылы Сырым Датұлы қай жерге, неше әскерімен шабуыл жасады – 1000 сарбазымен Елек қорғанысына

3 тапсырма

«Терминология»

Тапсырма. Берілген терминдердің мағынасын жазу, әрбір жауапқа (5 балл)

1 топ

Сепаратизм

 

А. Тұрғылықты мекенінен басқа аймаққа көшіп-қону

Миграция

 

В. Суықтан малдың қырылуы

 

Жұт

 

С. Жеке билікке ұмтылу

 

 

2 топ

Сардар 

 

А.Ру басшысы

Шежіре

 

В. Әскери басшы

Старшын

 

С.тарихи жылнама,қазақтардың генеологиялық жүйесі

 

4 тапсырма  «Математикалық шкатулка»

Тапсырма. Есеп шығарып, сол датада қандай оқиға болғанын айту. 3 минут 10 балл

  1.  (25+16)*(20*2)=1640 жыл «Далалық Жарғы» заң жинағы
  2. (500*3)+(200+26)= 1723 жыл Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
  3. (450+120)*(2+1)=1710 жылы Сыртқы жауға қарсы тұру үшін Қарақұмда құрылтай өтті
  4. (500*3)+(200+26)=1726 жылы Ордабасы тауында бүкілқазақтық құрлтай өткізілді
  5. (3*500)+200+28=1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында Қарасиыр деген жерде қазақтар жоңғарлармен ұрысқа шығып жеңіске жетті.Бұл оқиға тарихта қалмаққырылған деген атпен қалды
  6. (20*50)+(2*336+99)=1771 жылы - Абылай Түркістан қаласында қазақтың үш жүзінің ханы болып жарияланды
  7. (284+716)+(350+431)=1781 жылы Абылай қайтыс болып Қ.АЯссауи кесенесіне жерленді
  8. (20*62)+265+278=1783 жылы Сырым Датұлы бастаған көтеріліс басталды

5 тапсырма

«Ғалымдар айтады»

Оқылған мәтінді тыңдап деректердің авторын табу. (10 балл)

  1. « Олар мылтықтарын аттан түсіп ататын» деп жазған неміс ғалымы – Георги
  2. Жоңғар шапқыншылығында қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшыраған. Бірқатары құлдыққа сатылған. Халық ашаршылыққа душар болған. Өлмей аман қалу үшін қайңның сөлін ішкені туралы кімнің дерегінде кездеседі. - Ш.Құдайбердіұлы
  3. «Қырғыздарда әскер өнер қасиетті саналып, онымен бүкіл халық айналысты» - деп жазған зерттеуші -Гавердовский
  4. «Олар өлімнен қорықпайды, жау қолына түскеннен гөрі қолына қару ұстап ақырғы демі шыққанша шайқасып өленді ерлік санайды» - деп қазақ жауынгерлерінің ерлігі жайлы жазған ағылшын ғалымы - Д.Флэтчер
  5. «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді» - деген Кіші жүз ханы-Әбілхайыр
  6. «Ешбір ханның Абылайдай шексіз билікке қолы жеткен жоқ» -деп жазған ғалым Ш.Уалиханов
  7. «Абылай қалыптасқан нақты жағдайларға қарай бірде Ресейге, бірде Қытайға, енді бірде Жоңғарияға шын берілген болып көрінгенімен, шын мәнінде ешкімге де бас иген жоқ» - деп жазған орыс ғалымы – Крафтт
  8. « Сырым батыр – жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға» - деп жазған ағылшын журналисі Д.Ч.Бульжер

6 тапсырма:

«Ел тарихының білгірлері» бұл кезеңде әр топқа ел тәуелсіздігіне, 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық тұлғаларға байланысты үш сұрақ қойылады:

(5 балл)

І топ:

1. Әлемнің екінші ұстазы, Фараб қаласының тумасы философ, тарихшы, географ, математик -  Әбу Насыр әл Фараби 1150 жылдығы

2. Астрахань облысы, Красный Яр қаласының маңында дүниеге келген жырау – Қазтуған жырау 600 жылдығы

3. Қазақтың ұлы ақыны, Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан кім?  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы.

 

ІІ топ:

1. Кеңес Одағының батыры, Шығыс Қазақстанда дүниеге келген, ерлікпен қаза тапқан қазақ батыры – Төлеген Тоқтаровтың 100 жылдығы;

2. Бұл соғыста әлемнің 68 мемлекеті, 110млн адам қатысқан, 27 млн адам қаза тапқан – Ұлы Отан соғысына 75 жылдығы

3.

Қорытынды

Өткенім бар-өкініш, жасыра алман,
Тарихым бар жазылған ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын әйгіледім,
Жаңа ғасыр, сен енді бас ұр маған!
Орындалсын аңсаған асыл арман!
Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.
Тәуелсіздік бұл егеменді еліміздің ең биік тұғыры. Осы тәуелсіздік жолында қаншама ғасырды бастан кешірдік, азаматтық туы көкте желбіреп, бостандық қыраны көгімізде еркін самғап қалықтауы үшін өткелі қиын, бұралан жолдардан өтттік. Халқымыз батырлығы мен жігерлігі, рухының жоғарылығының арқасында тәуелсіздікке қол жетікізді.

Қазақстан көк байрақты нұр едің

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім

Өзің менің қуанышым, бақытым,

Өзің менің мақтанышым, тірегім.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасы р

Жас ұландар берік ұста туыңды

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.Мектебімізде дәстүрге айналған тәуелсіздік күні атты айтулы мереке қарсаңында тарих апталығы өтуде. Апталықтың ашылуын еліміздің тәуелсіздігі, амандығы жолында өзіндік керемет үлесін қосқан керемет тарихи тұлғаларға, тарихи оқиғаларға арнаймыз. Бүгінгі сайысымызға қатысқандарың үшін үлкен рахмет. Қош сау болыңыздар.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 14.01.2020 00:09
Құрылған күні: 14.01.2020 00:09

Текст