Зеренді ауданы әкімдігінің "Қызылтаң орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кызылтанская средняя школа" акимата Зерендинского района

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дана Абай атамыздың туғанына-175 жыл»

Сабақтың тақырыбы: «Дана Абай атамыздың туғанына-175 жыл» 

Толық аты-жөні: Жаңбырбаева Ж.А.

 

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мектеп: Қызылтаң орта мектебі.

Сабақ  тақырыбы:  «Дана Абай атамыздың туғанына-175 жыл» 

 

Күні:

 Мұғалімнің аты-жөні:  Жаңбырбаева Ж.А.

 

 

СЫНЫП: 7

Қатысқандар:  7

Қатыспағандар:0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру.

Етістіктің шақтарының (жедел өткен шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтайды, өмірдегі кейбір жағдаяттармен салыстырады;етістіктің шақтарының (жедел өткен шақ) қызметін  ауызша және жазбаша жұмыстарда көрсетеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтайды, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырады, жедел өткен шақтың қызметін ауызша және жазба жұмыстарда нобайын жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтайды, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырып  басым жақтарын мысалдармен көрсетеді; етістіктің шақтарының  жедел өткен шақ қызметін біледі, ауызша және жазба жұмыстарда қолданады.

Бағалау критерийлері:

 

«Дана Абай атамыздың туғанына-175 жыл»  тақырыбы бойынша  негізгі және жанама ақпаратты анықтайды

«Дана Абай атамыздың туғанына-175 жыл»  тақырыбын өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырады

Етістіктің шақтарының қызметін біледі,ауызша және жазба жұмыстарда қолданады ,жедел өткен шақтың қызметін біледі

 

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

«Дана Абай атамыздың туғанына-175 жыл»  мәтіннен  негізгі және жанама ақпаратты анықтай алады

Етістіктің шақтарының (жедел өткен шақ) қызметін біледі.ауызша және жазбаша жұмыстарда  орынды қолданады.

Етістіктің шақтарын біледі.

Жедел өткен шақтың жұрнақтарын белгілейді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: етістіктің шақтары, дана, мерейтой, даму, сұраныс, негізгі ақпарат, жанама ақпарат,  мүмкіндік,саналы,сала,ұлы адам,даму ,сұраныс, дара.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: дана адам,мерейтойы тойланады,туғанына,Абайды тану.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды  Абай шығармаларының  құндылықтарын білуге, дұрыс  таңдау жасай білуге  үйретіп, тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану,әдебиет,тарих

 

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы оқу/

Бастапқы білім

 Ұлы дала өркениеті

 

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған  жаттығулар

Ресурстар

Басы

3 мин

 

 

 

2 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

а)Сәлемдесу

ә) Сыныптағы оқушыларды түгендеу

б)Оқушылардың назарын сабаққа бейімдеу.

1.Психологиялық тренинг .

 Ақырын жүріп,анық бас

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға-оқушылар орындарынан тұрып өлең жолдарын мәнерлеп оқиды,авторын табады.

Мақсаты: Сабақтың оқылым дағдысына бейімделіп құрылғанын көрсетемін.

Тиімділігі: Мәнерлеп өлең жолдарын оқу арқылы оқушыларды сабаққа   бейімдеп алуға көмектеседі.

«Ой қозғау» әдісі.Оқушылардың өлең жолдарының мазмұнын қалай түсінгендерін тексеру мақсатында М-О арасында сұрақ жауап өткіземін.

-Балалар, бұл өлең жолдарын кім  жазған?

 Абай кімдерге арнап жазды?

- Ұстаз адам қандай болу керек?

- «Ақырын жүріп,анық бас»-дегенді қалай түсінесіңдер?

«Пазлдар» әдісі арқылы топқа бөлу. Оқушыларға «Бала Абай», «Дана Абай», « Дара Абай» суреттерінен пазлдар ұсынылады, осы суреттер бойынша 3 топқа бөлінеді.

«Абай Құнанбайұлы» бейнематериалды көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды, мақсатын айқындайды.

«Миға шабуыл» әдісі  арқылы талқылау сұрақтарын қоямын.

Талқылау сұрақтары:

-бейне материал кім туралы болды?

-Осы бейнематериалды көре отырып Сіздер бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?

 

 

 

Интербелсенді тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

Қима қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

kz_9s_710_1b.mp4

Ортасы

 

 

 

 

 

5 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы: 

Оқылым басы:  жеке жұмыс балардың өткен сабақта алған білімдерін пысықтап,жаңа тақырыпқа көшу мақсатында жасаймын.

Жаңа сөздер:

Балалық шағы-  

адамгершілік-  

балалық-   

армандаған-  

өлеңдері -  

Синоним сөздер: мүмкіншілік,білімді,оқыған,зиялы,бөлім, қиялда, өсу,  

Үлгі:  Мүмкіндік -  син.мүмкіншілік

(Мұғалім оқушылардың мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды дұрыс орындау мақсатында  мәтіналды  жұмысты жүргізеді.. Интерактивті  тақтадағы тақырыпқа байланысты  жаңа сөздермен таныстырады,  оқиды, оқушыларға қайталатады,мұғалім тарапынан синонимдерін таңдап айтуға мүмкіндік береді, сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрап айтады,сөздік дәптермен жұмыс жасатады.

Оқушылар жаңа сөздермен танысады, аудармасын айтады,қайталайды, синонимдерін таңдайды.

Оқылым мәтіні.  Енді осы мәтін бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Абай Құнанбаев Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері НизамиСағди, Қожа Хафиз, НауаиФизули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. ТолстойИ.А. КрыловФ.М. ДостоевскийИ.С. ТургеневН.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен ГетеДжордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, СпинозаСпенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.

 (Мұғалім қажеттілікке байланысты әр оқушыға оқушыларға А-4 парағында терілген мәтінді таратып береді.)

1-тапсырма.Жеке жұмыс.«Анықтама бюросы» әдісі

Мәтінді оқып,  мәтіннен  негізгі және жанама ақпаратты  анықтаңыз. Мәтінде берілген етістіктерді жедел өткен шақ жұрнағымен ауыстырып қолданыңыз және кестені толтырыңыз.

Мәтін

Нақты ақпарат

Жанама ақпарат

Жедел өткен шақ

Абай Құнанбаев

 

 

 

Анасы 

Ұлжан

 

 

 

Әкесі 

Құнанбай

 

 

 

Шығыс классиктері

 

 

 

Дескриптор:

-Мәтінді мұқият оқиды.

-нақты  ақпаратты анықтайды

-жанама ақпаратты анықтайды

-етістіктерді жедел өткен шаққа ауыстырады.

-кестені толтырады.

Қалыптастырушы бағалау. Өзін-өзі бағалау

Мұғалімнің дайын шаблонымен дескриптор  арқылы өзін-өзі бағалайды

Кері байланыс: «Мерседес әдісі» оқушылар не білдім,не білемін,не білгім келеді кестесін мерседес таңбасы арқылы айтады.

 Абай Құнанбаев туралы нені  білдіңіз?

Әкесі қандай кісі болған?

Жедел өткен шақтың жұрнақтары қандай?

Саралау: Мақсат бойынша саралау.

Жеке жұмысқа тапсырма беру барысында мақсат бойынша саралау түрі өткізілді.Оқушылар берілген мәтіннен нақты және жанама ақпаратты анықтайды, жедел өткен шақ жұрнақтарын қолданады, осы саралау түрі сабақ мақсатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Тапсырма орындау барысында оқушылардың жауабы білім деңгейлеріне сай болды.Балалар жеке жұмыс жасағанда мен олардың өзіне деген сенімділіктерін арттырамын.

Топтық жұмыс

2-тапсырма: «Өрмекші» әдісі арқылы мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтап, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырып, постерді толықтырыңыз.

 

Абай Құнанбаев

Дана адам

Ұлы ақын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлгі:    Абай Құнанбаев біздер үшін дана адам болды.

Дескриптор:

-Оқушылар нақты және жанама ақпаратты қолданады

-жедел өткен шақты дұрыс қолданады.

-өмірмен байланыстырады.

Қалыптастырушы бағалау. Өзара бағалау. «Бағалау парағын» критерий арқылы топ мүшелері  білімдерін өзара  бағалап өтеді..

 

Критерий

 

«+»

«-»

 Нақты және жанама ақпарат

 

 

 жедел өткен шақ

 

 

  Өмірмен байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Кері байланыс:  Критерий бойынша кері байланыс

  • Нақты ақпарат  жазылды ма?
  • Жанама ақпарат бар ма?
  • Өмірмен байланыс болды ма?
  • Жедел өткен шақтағы етістіктер бар ма?

Саралау:  Қарым-қатынас формалары бойынша саралау жұмысын жүргіземін. Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің  сыныптасынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.

Ынтымақтастық оқыту саралаудың тиімді тәсілі болып табылады. Оқушылар постерде берілген тірек сөздерді пайдаланып, ойларын пысықтап,жедел өткен шақта  3 сөйлемнен  еркін әңгіме жазады.

3-тапсырма. Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты    пайдаланып стикерге 3 сұрақ құрап жазыңыз. Жауап беру барысында өмірмен байланыстырыңыз.

Үлгі: Абай Құнанбаев қандай әулеттен шыққан?

 Абай көптеген орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Дескриптор:

-Оқыған мәтін  бойынша сұрақтар құрастырады.

-Берілген сұрақтарды таңдайды

-Өмірмен байланыстыра алады.

Қалыптастырушы бағалау.«Бағалау парағы» арқылы оқушыларбілімін бірін-бірі  бағалап өтеді..

Аты-жөні

Дескриптор

 

«+», «-»

№1

 

 

-Оқыған мәтін  бойынша сұрақтар құрастырады.

 

 

-Берілген сұрақтарды таңдайды

 

 

-Өмірмен байланыстыра алады

 

 

Кері байланыс:

 «Балмұздақ таяқшасы» арқылы жүргізіледі. Екі топ, бір-біріне кері байланыс жасайды. (стикердегі сұрақтарды пайдалануға болады)

Саралау:    Диалог бойынша саралау жұмысын жүргіземін.Оқушыларға оқылған мәтін мазмұны бойынша, өмірмен байланыстырып диалог құрастыруға тапсырма беріліп, диалог бойынша саралау жұмысы жүргізілді.Оқушылар оқыған мәтін мазмұнымен нақты және жанама ақпараттарды қолдана отырып ,өмірмен байланыстыра отырып диалогқа түсті. Екі оқушы диалогқа 2 сұрақ құрастырса, 4 оқушы сұрақтарға нақты жауап беріп,өмірмен байланыстыра білді.

Жаңа сөздерді жаттап,шағын «Бала Абай» монолог  жазып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А-4 парағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларға стикер таратылады

 

 

 

 

 

 

 Соңы

4 мин.

 

 Рефлексия «SMS – хабарлама» әдісі бойынша   қағаздан жасалған  қалта телефондарынан сабақтың қалай өткендігі туралы, ол қалай жұмыс істегені туралы бір-біріне қысқа SMS хабарлама жазыңыз.

     «Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына  жеттім»;

  • «Бүгінгі сабақта мен  қуан ...., себебі..... »;
  • «Мен өзімді....үшін мақта.... »;
  • «Маған ерекше ұна....»;
  • «Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»;
  • «Мен... орындадым»;
  • «...қызықты болды»;
  • «...қиын болды»;
  • «...мен түсіндім»;
  • «Мен үйрендім»;
  • «Мені... таң қалдырды»   

«SMS – хабарлама» әдісі арқылы сабаққа  қорытынды жасайды.

Қағаздан

 жасалған  қалта телефондары

 

Қосымша ақпарат

 

       

 

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

 Саралау: Мақсат бойынша саралау.

Жеке жұмысқа тапсырма беру барысында мақсат бойынша саралау түрі өткізілді.Оқушылар берілген мәтіннен нақты және жанама ақпаратты анықтайды, жедел өткен шақ жұрнақтарын қолданады, осы саралау түрі сабақ мақсатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Тапсырма орындау барысында оқушылардың жауабы білім деңгейлеріне сай болды.Балалар жеке жұмыс жасағанда мен олардың өзіне деген сенімділіктерін арттырамын.

Саралау:  Қарым-қатынас формалары бойынша саралау жұмысын жүргіземін.Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің  сыныптасынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.

Ынтымақтастық оқыту саралаудың тиімді тәсілі болып табылады. Оқушылар постерде берілген тірек сөздерді пайдаланып, ойларын пысықтап,жедел өткен шақта  3 сөйлемнен  еркін әңгіме жазады.

Диалог бойынша саралау жұмысын жүргіземін.Оқушыларға оқылған мәтін мазмұны бойынша, өмірмен байланыстырып диалог құрастыруға тапсырма беріліп, диалог бойынша саралау жұмысы жүргізілді.Оқушылар оқыған мәтін мазмұнымен нақты және жанама ақпараттарды қолдана отырып ,өмірмен байланыстыра отырып диалогқа түсті. Екі оқушы диалогқа 2 сұрақ құрастырса, 4 оқушы сұрақтарға нақты жауап беріп,өмірмен байланыстыра білді.

1-тапсырма.Жеке жұмыс.«Анықтама бюросы» әдісі бойынша тексеремін.Мәтінді оқып,  мәтіннен  негізгі және жанама ақпаратты  анықтаңыз. Мәтінде берілген етістіктерді жедел өткен шақ жұрнағымен ауыстырып қолданыңыз және кестені толтырыңыз.

2-тапсырма: «Өрмекші» әдісі арқылы мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтап, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырып, постерді толықтырыңыз.

3-тапсырма.Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты    пайдаланып стикерге 3 сұрақ құрап жазыңыз. Жауап беру барысында өмірмен байланыстырыңыз.

  •  

Өзін-өзі тану

 

Интербелсенді тақта

 

  • Оқушыларды  Абай еңбектерінің   құндылықтарын білуге,

 дұрыс  бағытта тәрбие алуға тәрбиелеу.

  •  

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақтың тақырыбы  «Дана Абай атамыздың туғанына-175 жыл»   деп аталғандықтан,  Абай өлеңін оқып тану, психологиялық ахуалдан бастадым. Өйткені әр оқушы  өлең жолдарын оқып, сабақтың қай дағдыға сай құрылғанын,тақырыптың не туралы екенін айқындады.

Менің ойымша, сабақтың оқу мақсаты шынайы және тиімді болды, өйткені тапсырма орындау барысында  оқушылар  берілген мәтін бойынша  нақты және жанама ақпараттарды анықтап,  тақырыпты өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыра білді,  жедел өткен шақ етістіктерін орынды қолдана отырып айта білді..

Сыныптағы оқушылардың көңіл-күйлері жақсы болды.Олар жеке, жұппен, топпен, жұмыс атқара отырып,  Абай шығармаларының өзіндік   ерекшеліктерін   білді.

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды. Өйткені топтағы әр түрлі деңгейлі балалар өз деңгейіне сай бірнеше тапсырмаларды орындағанда,өздерін еркін сезіне білді.

Мен сабақ барысының әр кезеңіне жоспарлаған уақытымды балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып,белсенді қатысуының арқасында тиімді пайдалана алдым.

 Мен өз жоспарыма өзгертулер енгізбедім, өйткені ешкандай ауытқулар болмады.

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылтаң орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

«Дана Абай атамыздың туғанына-175 жыл» 

7-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән мұғалімі: Жаңбырбаева Ж.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылы

Жаңартылған күні: 21.03.2020 09:46
Құрылған күні: 21.03.2020 09:46

Текст