«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің Тұңғыш Елбасым» Байсеитова С.А, Жаппаспай А.А.

Менің Тұңғыш Елбасым

 

Тақырыбы: «Менің Тұңғыш Елбасым!»

Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал,суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, мадақтау
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс – әрекеті.

Ән ұран:

Балалар топпен орындарынан тұрып ән ұран шырқайды.
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.

Шаттық шеңбер:

Біз ұқыпты баламыз

Айтқан тілді аламыз

Ойыншықтарды жинаймыз

Үлкендерді сыйлаймыз.
- Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
- Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
- 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер біздің  тұңғыш Елбасымызды білесіңдер ме?

- Балалар, бұл кім?

Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

 

Ал дәл қазір біздің Қазақстан Республикасының Президенті    Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

 

 

 

- Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?

-Қазақстан елінде!
- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің Тұңғыш Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасшымыз Астана қаласында тұрады. Бірақ 2019 жылы Астана қаласы біздің Тұңғыш Елбасымыздың құрметіне орай Астана қаласы-Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгертілді. Мынау – Нұр-Сұлтан қаласы.

 Ал мынау балалар, Елбасшымыздың жұмыс жасаған орны – Ақорда.


- Балалар Елбасшымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.
Дидар:

 Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда шешпеген

Шешімдері болмайды.

Нұрислам:

Жаса, жаса Қазақстан,

Өркен жая бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!

Ислам:

Асқақтай бер, Қазақстан,

Берекеге бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!

Аңсар:

Тәуелсіздікті елге сыйлады, 
Бейбітшілікті қалады. 
Халқымыздың ажарлы,

Орындалып арманы.

Аянат:

Барша әлемге әйгілі
Ел басымыз Нұр аға!
Мақтанышы елімнің
Нұрын шашқан, Нұр қала.

Шыңғыс:

Гүлдене бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам!

Жансая:

Отан,
Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Айдос:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Ақниет:
- Елбасымыз Нұр аға
- Салғызып Алтын орда
- Көркейтіп елін қазақтың
- Көрсетпей өмір азабын.
Жасұлан:
- Қазақ елі – Қазақстан
- Болашаққа үн қосқан
- Жақсы күнге жетелеп
- Елбасым менің – Нұрсұлтан
Дияр:
- Қуат алған өзінен
- Туған елдің ұлымын
- Бақытты етіп өсірген
- Отанымның нұрымын.
 

- Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?

 - Балалар бұл біздің мемлекеттік – Ән ұранымыз. Ән ұранды айтқанда оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып айтамыз.

Ал, мынау – Елтаңба.

 

Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
- «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк.

 

Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің  белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.

Ал, мынау болса Нұр-Сұлтан қаласының бәйтерегі.

 

Ал 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ЭКСПО көрмесі өтті. Біздің Мемлекетке барлық шет мемелекеттер қатысты.

- Балалар кім ортаға шығып Қазақстан Республикасының картасынан Қазақстанның қалаларын  айтып береді.

Ислам  шығып Қазақстанның қалаларын айтып береді.

- Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?

Айзара:
- Көк аспандай көкпеңбек
- Қазақстан жалауы
- Көк емес ол тектен - тек
- Елдің ашық қабағы.

Нұршат:
- Елтаңбасы елімнің
- Неткен әйбат әдемі
- Тұнығындай көңілдің
- Ортада аспан әлемі.
Нұрәділ:
- Құт береке – шаңырақ
- Орын алған – ол төрден
- Қанатты қос арғымақ
- Екі жақтан көмкерген.
Санжар:
- Тәуелсіздік жолында
- Талай - талай тер тамған
- Билігім өз қолымда
- Еркіндігім – елтаңбам.
Аиша:
- Көк аспанда Нұрлы Күлімдейді далама
- Бақыт тілеп тұр бүгін
- Ол барлық пәк балаға.
 

Тапсырмалар:

1.Қазақстанның картасынан қалаларды атау. (Ислам)

2.Мозайка құрастыру.

 

 - Отан туралы тақпақ, мақал - мәтелдер білеміз бе?
Ақниет:
- Отан – оттан да ыстық
Айзара:
- Отан - елдің анасы
Жасұлан:

- Отан – қуат
- Отбасы – шуақ

Аңсар

Нұримлам

Дидар

Аянат


Ән: Әр қашан күн сөнбесін.

Ислам ағылшынша айтады.

Балалар ортаға шығып өлең айтады.
- Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін! Келген қонақтарға сау болыңыздар дейік.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Елбасын және елбасы күнін
Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуді.

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 01.12.2019 01:41
Құрылған күні: 02.12.2019 00:49

Текст