«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларды мектептер арасында онлайн аудару

Балаларды мектептер арасында онлайн аудару eGov.kz порталында қолжетімді

Енді ата аналар мен заңды өкілдер портал арқылы баланы бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталында онлайн ауыстыра алады. Жалпы білім беретін ұйымды іздеу және таңдау процесі ата-ананың тіркеу орны негізінде шағын учаске бойынша оңтайландырылған.

Ата-аналар мен заңды өкілдер мектепті тек шағын учаскеде ғана емес, сонымен қатар оның қалауына сәйкес келетін жағдайда оның шекарасынан тыс кез-келген басқа жалпы білім беретін ұйымды таңдай алады. Сонымен қатар, жалпы білім беретін ұйымды таңдаған кезде пайдаланушыға таңдалған мектепте қолжетімді оқу тілі көрсетіледі. Жаңа процесс есептен шығару және бекіту талондарының, жеке істі берудің қажеттілігін жояды.
Сондай-ақ, өтініш беруші қажет болған жағдайда берілген өтінімді кері қайтарып ала алады.

Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушыға:

eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Білім» бөліміне өтіңіз;
тізімнен «Орта білім» бөлімін таңдап, «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдауды» таңдаңыз;
қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;
қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.

Жаңартылған күні: 27.08.2024 18:42
Құрылған күні: 27.08.2024 18:42

Текст