«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге» атты кітаптар көрмесі

Қызылтаң орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге» атты кітаптар көрмесі

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Бакиров Д.Р.

 

 

 

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылы

«Тарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге» атты кітаптар көрмесі

 

         Ауылдық кітапхана кітап баспасына бай емес, бірақ та тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолдары мен тәуелсіздікке қалай жеткеніміз, тәуелсіздік туралы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкері Сайран апай.«Н.Ә.Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының бірінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1989–1991 жылдар аралығында жұртшылық алдында сөйлеген өзекті сөздері кіргізіліп отыр.
         Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар» атты жаңа кітабы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған. Әрбір бөлімінде мемлекет пен қоғамның: экономиканың, әлеуметтік саланың, ішкі және сыртқы саясаттың табысты дамуы туралы сөз қозғалады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап бүгінге дейінгі статистикалық мәліметтер заманауи инфографика жанрында ұсынылған. Бұл               – Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жүріп өткен Ұлы өзгерістер жолы жан-жақты қамтылған тұңғыш кітап.
«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» басылымы – тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауымдастықтан лайықты өз орнын тапқан қазақ елінің жасампаздық қасиеттерін, әлем мойындаған оның ықпалды қайраткерлігін паш ететін көп томдық шығарма. Басылымда 1997 жылдың бірінші жартысында Н.Назарбаевтың әлеуметтік бағдарлы мемлекет орнатудың қазақстандық моделін қалыптастырудағы сарабдал саясатына шетел мемлекет және қоғам қайраткерлерінің оң көзқарастары, жоғары деңгейдегі іс – сапарлары, отандық және шетелдік ақпарат құралдарында берген сұхбаттары жинақталып, кең көлемде басылған.

            «Елбасы сыныптастары» кітабында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық және жастық шағы туралы сыныптас достарының естеліктері, білім алған мектептерінің тарихы, мұражайлар қызметі туралы баяндалған. Елбасы сыныптастырының мектептегі, кейінгі кездегі кездесулердегі құнды суреттерінің өзі тарихымыздың бір белесі болып табылады. 
Жиырма жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда өтіп жатқан өмірлік маңызы бар оқиғалардың бәрі де көрнекті мемлекет қайраткері, қазақстандықтардың әлем мойындаған жалпыұлттық көсемі Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз байланысты. Ол мықты мемлекеттің іргетасын қалады. Сол арқылы өз халқын даңққа бөлеп, әлемдегі миллиондаған адамдардың құрметіне ие болды. Тәжікстанда шығарылған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы бұл кітапта автор саясаткер тікелей ұлттың мүддесін көздесе, ұлтын өзінен де жақсы көрсе, табиғатынан тума дарынға ие болса және сол дарынын өз халқына қызмет етуге бағыштаса, көп нәрсе жасай алатынын көрсетуге тырысады. Кітаптың біраз бөлігі Нұрсұлтан Назарбаев өмірінің негізгі кезеңдеріне арналады. Әрі соның бәрінің лейтмотиві кітап кейіпкерінің еңбекке деген көзқарасын, борышын сезінуін, отандастарына деген қамқорлығын көрсетеді. Осы кітап оқырманға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұлғасын барынша жақсырақ танып-біліп, осынау тұлға басқарған мемлекеттің сәтті дамуының себебін түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз
          Бұл кітап «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы» сериясы бойынша шығарылып отырған кезекті басылым болып табылады. Кітапта 2000 жылы елімізде және шетелдерде Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген басты іс-шаралар жайында баяндалған, сонымен қатар осы кезеңде Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген толыққанды сөздерінің мәтіндері, 2000 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының маңызы зор заңдары мен Президент жарлықтарының тізбесі ұсынылған, түрлі анықтамалық ақпараттар келтірілген.
 

 

 

 

 

 

 


             

Жаңартылған күні: 14.01.2020 00:18
Құрылған күні: 14.01.2020 00:18

Текст