Мектеп асханасының жұмысын тексеру актісі №1

Мектеп асханасының жұмысын тексеру актісі.№1

Қызылтаң орта  мектебі бойынша мектеп асханасының жұмысын тексеру АКТІ

30.10.2020 жылы, төмендегі қол қойғандар, мектеп асханасының жұмысын тексерді. Тексеріс барысында  мынадай мәселелерге назар  аудардық:

1.Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын оның мәзірге сай дайындалуын тексеру.

2.Ұсыныстар мен шағым дәптерің қарау.

3.Тамақ өнімдерінің сапасын тексеру.

 

Тексеру қорытындысы:

1.Ас мәзірінде күріштің орнына макарон болды.Қалғаны ас мәзіріне сәйкес.

2.Ұсыныстар мен шағым дәптері бар.

3.Тамақ өнімдерінің сапасын дәм тату арқылы бағаладық.Макарон піскен,тұзы сай,дәмді болды,еті жұмсақ,кампот дәмділігі сай.

Шешім:

1.Шағын орталықтың  балаларына ас мәзірі сай дайындалсын.

2.Қайта-қайта аспазшы бергі залға шығуға болмайды.

 

 

Күні: 30.10.2020 жыл

Комиссия төрайамы:                                        Темирбаева Г.С.

Тәрбие жұмысын ұйымдастырушы:                Байсеитова  С.А.             

Ата-аналар комитетінің төрайымы:                   Жакашева А.

Медбике:                                                             Құдайбергенова М.М.

Бастауыш    ӘБ жетекшісі:                              Алина А.О.