«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9-сыныпта қазақ тілі пәнінен ашық сабақ

Қатысқандар:    6                Қатыспағандар: 0

Сабақ тақырыбы: Синтаксиc. Бұқаралық ақпарат құралдары

Сабақ мақсаты: 9.7.1.7. Газет-журналдардың адам өміріндегі орны.

 Себеп бағыныңқы сабақтас.

Оқу мақсаты: О7. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау

Ж2. Мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

Мәтін авторына сілтеме көрсетіп, бұқаралық ақпарат, оқу құралдарынан деректерді дәлел ретінде қолданады

Аудиторияның қызығушылығын арттыратын әртүрлі жанрдағы мәтіндер дайындайды.

Психологиялық ахуал . «Дөңгеленіп тұрамыз, Айналамыз, айналамыз.Уықтар боп кірігіп, Шаңырақты құрамыз!» Жұпқа бөлу. Алмаларды таңдап, артында жазылған Абай өлеңдерінен алынған қасиеттерімен жұптасады.

1-жұп. Талап, еңбек. «Ғылым таппай,мақтанба!»

Талап ,еңбек, терең ой, Бес асыл іс көнсеңіз! деген ұранын айтады.

2-жұп.Ақыл, еңбек, «Сенбе жұртқа» үзінді айтады.

Сенбе жұртқа тұрса да қаншы мақтап.Әуре етеді қулығын ішке сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен қайратың екі жақтап!

 3-жұп. Ақыл, қайрат. «Ақыл,қайрат , жүректі бірдей ұста,

                                       Сонда толық болсың елден бөлек!»

Үй тапсырмасы:  интертақтадан көрсетілген әр жұпқа 3 сұраққа жауап беру кәмпит беру  арқылы бағалау.

«Ойтүркі» әдісі Шарты: берілген суретке қарап, өз ойларын айтады.

БАҚ адам өмірінде атқаратын рөлі қандай?

 Оқылым. Мәтінді сызбадағы мәліметтермен қосып оқып, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшелігін талдаңдар.Ойталқы. БАҚ –ның қоғамдағы маңызы қандай деп ойлайсыңдар? Қай бұқаралық ақпарат құралдарына көбірек жүгінесің?

ҚБ. «Сигналды карта» әдісі Мұғалім комментарийі : Жарайсың! Керемет! Талпынды! . Орта, жоғары (қолдану, жинақтау )

Мәтін авторына сілтеме жасап, бұқаралық ақпарат, оқу құралдарынан алынған деректерді пайдаланады

Газет-журналдардың стилін, басты мақсатын, қолданысын біледі. Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтарымен таныс.

 

 

Бейнежазба. Себеп бағыныңқылы сабақтасқұрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Себеп бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқысы басыңқыдағы айтылған ойдың себебін білдіреді. Мысалы: Қожық Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан, Есенейдің қолына түспей кетті. Осы құрмалас сөйлемдегі Қожық Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан деген алғашқы сөйлем Есенейдің қолына түспей кетті деген екінші сөйлемнің себебін білдіріп тұр.

Себеп бағыныңқы сабақтас неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.

Себеп бағыныңқы сабақтастың баяндауыштары төмендегідей жолдармен жасалады

  1. Есімшенің өткен шақ формасына -дықтан/діктен қосымшасының жалғануы арқылы жасалады.
  2. Мысалы: Есі шыққан керуен аты жүре алмағандықтан, (неліктен?) айқай салып қашып еді

2. Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауының тіркесуі арқылы жасалады.

Мысалы: Халі ауыр болған соң, (неге?) арнаулы ауруханаға жатқызған-ды.

3. Көсемшенің жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады.

Мысалы: Қалада қона қоятын ағайын-туған болмай, (не себепті?) қысыла-қысыла жатаққа келдім

4. Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.

Мысалы: Үйдегілерді оятып алмайын деп, (не деп?) аяғының ұшынан басып өз бөлмесіне өтті.

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмаластың жай сөйлемдерінің арасына үтір қойылады Топтық тапсырмалар

Топтық жұмыс. SWOT-талдау әдісі .Үш жұпқа бөлініп тапсырмалар орындаңдар.

1-жұп. Оқылым мәтініндегі мәліметтерді негізге алып, себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерге мысал жазыңдар.

3-жұп. Оқылым мәтініндегі ақпаратты пайдаланып, «БАҚ қызметі» тақырыбында постер құраңдар7

и2-жұп. Оқылым мәтінініің тілдік құралдарын талдай отырып, стиль түрін ажыратыңдар Әдеби тіл нормалары. Грамматикалық тілдік материалдар бойынша жаттығулармен жұмыс жасап , өз біліміңді көрсет.

5-тапсырма. Басыңқы сөйлемін ойдан жазып, себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді аяқта.

2-тапсырма. Конверт – сұрақ әдісі
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.
3 жұпқа 3 сұрақ жазылған конверт таратылады. Әр оқушы конверт ішіндегі

2 сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратып, 1 сөйлемді басқа сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырып жазады. 
Дескриптор:- сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата алады; 
-сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолдана біледі.
Қалыптастырушы бағалау: 
Оқылым мәтінін тыңдап, топта өзара талқылап, өз көзқарастарын білдіріп,

1-жұп күшті жағын, 2-жұп әлсіз жағын, 3-жұп мүмкіндіктерін, қауіпті жақтарын айтып,сыни пікір білдіреді. 
Дескриптор:- мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді;
-сыни тұрғыдан баға беріп айтады.
Қалыптастырушы бағалау: Ауызша (қабілетті, дарынды оқушыларға: Мәтіндегі мәселені өте жақсы түсіндің, ойың өте орынды, жарайсың, креативті пікір білдірдің! Тамаша, БАҚ пен журналист мәдениетіне қатысты бүгінгі күннің өзекті мәселесін айттың! Орта деңгейлі оқушыларға:

 Бәрекелді, мына пікірің маған ұнады! Мәтінді мұқият тыңдағаныңды түсіндім,

жақсы ой айттың, мүмкіндіктер мен қауіпті толықтыра түсу үшін тағы ойлан!

Қолдауды қажет ететін оқушыларға: Мәтіндегі ойды жалпы түсініпсің,

Жазылым тапсырмасы. Оқылым, тыңдалым материалдары негізінде өз ойыңды

 жазбаша сауатты жеткізуге тырыс.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.3 жұпқа 3 сұрақ жазылған конверт таратылады. Әр оқушы конверт ішіндегі

2 себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу түрлерін ажыратып,

 1 сөйлемді жазып, түсіндіреді.. 
Дескриптор:
- сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата алады; 
-себеп бағыныңқылысабақтас құрмаластың жасалу жолын  сөйлемдерді қолдана біледі.Қалыптастырушы бағалау: 
Жазбаша және ауызша (Жарайсың, сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін жақсы ажыраттың!

Соңы 5 минут Рефлексия: Бес саусақ әдісі
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
Үйге тапсырма: Екі тапсырманың бірін орында. 1. «Артық болмас білгенің »

 айдарындағы берілген әр сөйлемге өз дәлелдемеңді қосу арқылы оларды себеп

бағыныңқылы сабақтасқа айналдыр.2. «Ғибратты сөз» айдарында берілген

 қанатты сөздерді қатыстырып, төменгі сынып оқушыларын газет оқуға

 қызықтыратын үндеу жазыңдар. Себеп бағыныңқлы сөйлемдердің

болуын қадағалаңдар. Сөз саны- 100.

Жаңартылған күні: 13.03.2020 01:03
Құрылған күні: 13.03.2020 01:03

Текст