«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақтың текті қыраны-Талғат Бигелдинов»

28.09.2022

   21 – қыркүйек бастауыш сыныптар арсында «Қазақтың текті қыраны» Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығына орай  іс –шара  өткізілді. Іс – шарада  оқушылар Талғат Бигелдиновтің өмірбаянымен танысып, өлең жолдары айтылып, ән шырқалып, би биленді.

Тақырыбы: Қазақтың текті қыраны-Талғат Бигелдинов

Мақсаты:
  Кеңес Одағының батыры атағын екі рет алған ұшқыш жауынгер Талғат Бигелдиновтың ерлік істері туралы әңгімелей отырып, өмір жолын, ерлігін танытып және үлгі-өнеге тұту.
    Негізгі ойды, идеяны ұғындыру, мәнерлеп айту дағдыларын жетілдіріп, сөздік қорын молайту.
   Елін, жерін қорғаған батырларды  құрметтеуге және олардың ерлігін  мақтаныш етуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

      Кіріспе бөлімі
                     Кіріспе сөз (интербелсенді тақтада слайдтар арқылы көрсету)
    Қыран бүркіт- киелі, қастерлі құс. Қыран құсты қазақ «көк тәңірісі », «аспан перісі», «қанаттылар ханы » деп құрмет тұтқан. Дәл осындай текті құстың болмысы Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғат Бигелдиновте бар еді.

 Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Болашаққа рухани мәдениетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы Ұлы Отан соғысы. « Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» деп дана халқымыз айтқандай, қан майдандарда қол бастап, елдің намысын жауға таптатпаған батыр бабаларымыз аз емес.
    Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен, аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Олар қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша аянбай шайқасты. Адам баласы бір жақсы қасиетті туған жердің топырағынан алады деген ұғым бар. Туған топырағынан жаралған әр адамзаттың болашаққа деген сенімі мен көзқарас еркіндігі тек қана бейбіт өмірге қамтамасыз етілген елде қалыптаспақ.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай күні.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
  Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін 1 минут еске алайық.   ( Үнсіздік минуты)

Бүгінгі тәрбие сағатымыз қазақ халқының ардақты ұлының бірі, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов туралы болмақ.

Ортаға 3- сынып оқушыларын шақырамыз.

 

 

 

1-    оқушы: Абай Айдос

   Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысына қарасты Майбалық  ауылында дүниеге келген.  Бірақ, кейіннен оның отбасы қазір Қырғызстанның астанасы болып, Бішкек деп аталған Фрунзеге көшіп кетеді. Талғаттың отбасы нашар тұрды, әкесі мен анасы жер жетіспегеннен туған ауылын тастап, шағын табыспен күн көру үшін көшіп кетеді. Ал бала Талғат ата-анасымен бірге 6 жасқа дейін өмір сүрді, содан кейін ежелгі дәстүрге құрмет ретінде біраз уақыт баласы жоқ ағайының отбасында тәрбиеленді.

2 -    оқушы: Абдильман Дидар

Ұшқыштың әкесі Жақыпбек 30-жылдары қиыншылық кезеңде жалға жер алып, таудың етегінде пияз, жүгері егетін. Үйдің үлкендері жаз бойы түгелдей егістік басында болады. Сонда әжесімен бірге қалып, үйді қарап, бие мен сиырды бағып, сауатын да Талғат еді. Осылайша, ол еңбекке де ерте араласты. Ол кезде Талғат Бигелдиновтың ауылында қазақ-қырғыз мектебі жоқ болған. Сонда атасы орыс тілін білмеген Талғатты 4 сыныпты татар мектебіне береді. Сөйтіп бала Талғат үйге келгенде қазақша сөйлеп, мектепке барғанда татарша оқып, сауатын ашады. Содан да болар оның сөйлеу тілінде орысша да, татарша да, қазақша да бар.

 

3- оқушы   Амантаев Ансар

 

Талғат бала күнінен ұшқыш болуды армандады. Орыс тілін білмесе де, 13 жасында барлық қиындықтарға қарамастан, арманына қол жеткізу үшін өз еркімен орыс тілді мектепке ауысады. Өжет жігіт 16 жасында «Екі капитан» романының кітабындағы кейіпкерлерге қызығып, ұшақты, жауынгерлік ұшуларды және аспанды армандай бастайды.

 

4- оқушы  Махамбет Нұрислам

Ұшқыш болуды армандаған жігіт Бішкектегі аэроклубка оқуға түседі. Бірақ, ондағылар Талғатты бірден қабылдағылары келмеді, өйткені, оның бойы өз жасы үшін өте кішкентай болды және ұшақ кабинасынан сәл ғана көрінген еді. Алайда, ол алға қойған мақсатынан қайтпай, өз арманына жетіп, ақыры оқуға қабылданады.  Сонымен бірге, ол отбасына да көмектесуі керек болды. Олар өте нашар жағдайда тұрды, киетін киіміне, тамағына  да ақша жетпегендіктен, Талғат жұмысқа орналасуға мәжбүр болды.

5- оқушы Асқар Ислам

Оқу бітіргеннен кейін Талғат аспан мен ұшақсыз өмір сүре алмайтынын түсінеді  және көп ұзамай ол ұшқыштың білімін жалғастыруға мүмкіндік алды.  Сөйтіп, ол 1940 жылы  Саратовқа кетеді.

 

 

6- оқушы  Жанатова  Жансая

Ақырында, училищеге майдангерлердің бір бөлігін майданға жіберу туралы бұйрық келеді. Талғат пен оның жолдастары ештеңеге қарамастан қалың майданға ұмтылып тұрды. Осылайша, Шығыстан шыққан жалғыз ұшқыш әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюша» ұшағымен 1942 жылы майданға аттанады.

 

7- оқушы Мухамбетхали Аянат

Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов соғыста екі жыл ғана күрес жүргізсе де, бірақ осы уақыт ішінде 305 әскери шабуылға шығып, көптеген ұшақтарды құлатты. Ол Берлин үшін жүргізілген шайқастарға қатысып, мыңдаған жауынгерлермен бірге Қызыл алаңда жүріп өтіп, елге нағыз батыр ретінде оралды.

Соңғы жылдарда Талғат Биегелдинов қатты сырқаттанып жүрді. 2014 жылдың 10 қарашасында белгілі ұшқыш осы дүниеден озды.
  Оның ерлігінің құрметіне 9 мамыр 2000 жылы Көкшетау қаласында Ұлы Отан соғысының даңқты батырының қола мүсіні қойылды.

Қарағандыдағы Республикалық әскери мектеп-интернатқа Талғат Бигелдиновтың есімі берілді. Сондай-ақ, авиация генерал-майорына Алматыдағы Қонаев көшесіндегі  батырға арнап ескерткіш тақта қойылды.

 

 Жүргізуші:
Ия, батырдың қан майдандағы ерлігінен бөлек, бейбіт өмір кезіндегі қазақ халқы үшін жасаған қызметі орасан. Мәселен, оның басшылығымен еліміздің көптеген облыс орталықтарында заман талабына сәйкес келетін ұшу-қону алаңдары бар аэродромдар салынды. Үкімет тапсырмасымен Лисаков кен байыту комбинатының құрылысына, Жамбыл суперфосфат комбинатына, Алматыдағы Республика сарайы, республикалық кітапхана ғимаратын салуға атсалысты. Осы жылдарда өзінің құрылысшылар ұжымымен барлық облыстарда автодромды автомектептер тұрғызған.

ӘН:  1- сынып оқушыларын «Ұшқыш болғым келеді» әнімен ортаға шақырамыз.

Ортаға 2- сынып оқушыларын ұшқыш жайлы өлең жолдарын оқуға шақырамыз.

Нұршат

Кең аспанды шарлаған,
Ұшқыш деген мен болам.
Зымырандай самғаған
Ерен жүйрік ер болам.

 

 

 

Алихан

Сапар шегіп тұс-тұсқа,
Жылдам жетіп бара алам.
Мен секілді ұшқышқа
Алғыс айтар бар адам.

 

Айзара

Көгiлдiр , кеңiстiк  айнала, 
Сүйедi ол қашан да биiктi. 
Өмiрiн қатерге  байлаған, 
Ұшқышқа кең аспан сүйiктi.

 

Ақниет

Жоғары , биiкте, 
Ақ шаңқан ұшағың ұшып жүр. 
Iшiнде  ұшқыш бар бiлiктi, 
Ол да бiр, самғаған құсың бiр. 

 

Дияр

Көкті шарлап, түн қатып,
Ұшқыш болу — бір бақыт!
Жолаушылар тасимын
Ұшақпенен  зырлатып!

 

Диас

Құздан өтіп құлдырап,
Бұлттан да әрі асқанда,
Көз ұшында бұлдырап,
Шығам шырқау аспанға.

 

Қорытынды:
 
Халқымыз Талғат Бигелдиновті ерекше мақтан тұтты, дүние есігін ашқан мыңдаған сәбилерге есімін берді. Олардың көбі батыр ағасына еліктеп, білікті маман, жақсы азамат болып өсті. Сонымен қатар Елбасы қаһарман отандасымыздың есімі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын, оның атындағы көшелер мен мектептер және ескерткіштер, кітаптар, фильмдер батыр есімін ұдайы есімізге салып отырады. Бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған батыр бабаларымызды ешқашан естен шығармаймыз, ұмытпаймыз.

Бүгінгі   Кеңес Одағының батыры, ұшқыш жауынгер  « Қазақтың текті қыраны-Талғат Бигелдиновке арналған іс- шарамыз осымен аяқталды.
    Қош сау болыңыздар.

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст