«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік.

Тақырыбы: Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік.

             Ер оқушыларды жинап алып, яғни 5-11 сыныптар арасында әлімжеттік және бопсалау туралы пікірталас өтті. Сонымен қатар мектеп директоры, Алғашқы әскери дайындық мұғалімі мен тарих пәнінің мұғалімі қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты мектеп ішінде және де мектептен тыс жерлерде әлімжеттікке жол бермеу және оның алдын алу шаралары туралы болды. Ең алдымен оқушыларды әлімжеттік пен бопсалау не екенін сұрадық. Кіші сыныптардың бұл сөздерді білмеуіне байланысты оларға түсінік берілді. Бұл сөздерді анықтап болған соң, бейнебаянға көңіл аударттық.

          Оқушылар бұл бейнебаянда болған оқиғаны баяндап, оның жақсы да жаман тұстарын айқын ажыратып, түсіне алды деп есептейміз. Одан соң интербелсенді тақтадағы мәтіндерге көз жүгірте отырып, әлемдегі және еліміздегі әлімжеттік пен бопсалау туралы мәліметтерді талқыладық. Ондағы мәлімет мынадай:

         Бүгін жаңалықтар оқып отырып, БҰҰ-ның Ресей мектептері жайлы зерттеу мақаласын көзім шалып қалды. Жазуға сенсек, Ресей мектептерінде оқушылардың

1/3-і түрлі мазақтаудың, физикалық және псиxологиялық әлімжеттіктің құрбаны болады екен. Осыдан бір жыл бұрын сол БҰҰ жанындағы ЮНИСЕФ қорының баяндамасында әлемде әр төртінші оқушы мектептегі әлімжеттіктің құрбаны деген еді.                                 Қазақстанда да forbes.kz сайтының мәліметіне сенсек, 11-15 жас аралығындағы оқушылардың 33%-ы, яғни 1/3-і мектепте өз қатарластарынан қысым көреді. Кәсіби

Бiзге хат жiберiңiз әдебиетте буллинг деп атайтын (bully ағылшын тілінде қорқыту, мазақтау) құбылысты ғалымдар 1978 жылдан бастап әлемде зерттей бастаған. Ең шарықтау шегі 3-6 сыныптарда болады. Балалардың бір-біріне қарсы шығып, топтасып, қысым көрсетуі мектеп жасына дейін де пайда болады, жоғары сыныптарда да жалғаса алады. ⠀

          Мұндай жағдайда 4 әлеуметтік топ пайда болады: агрессорлар, агрессия құрбандары, үнсіз бақылаушылар, болысуға тырысатындар. Ақылы жеке мектеп болса, буллинг болмайды деп ойлау қате, қайта сондай арнайы мектептерде бәсекелестік жоғары болады, оқушылар бірбірімен жарысқа түсіп, не түрлі жолмен авторитетке, басқалардың алдында жоғары бағаға жетуге тырысады. Күшпен, мазақпен, қорқытумен жоғары көтеріле алам деп ойлайтын бір бала мектепке келсе, ол жерде міндетті түрде буллинг орын алады. Ал 1000-ға жуық оқушы оқитын мектепте ондай бала болмауы мүмкін бе? ⠀

            Бүгін мектеп кезінде музыкалық мектепте неше түрлі әлімжеттік көрген журналистің мақаласын оқыдым. Ата-анасы мейірімді, барлық жарыстарынан қалмайтын қамқор адамдар болғанына қарамастан оларға айта алмапты. Себебі "әлсізсің деп өзімді кіналайды, өзім шешуім керек" деп ойлаған екен. Сырттай "үнемі бәрі жақсы, мектепте қызық болды, мынадай нәрсе болды, достарым көп" деп айтып жүреді екен. ⠀ Сіздің балаңыз сізге қаншалықты шынын айтады? Іштей тынып жүріп, ертең ауыр жағдайға тап болса, суицидке барса кім кінәлі болады? Баламызды агрессордан қорғау бір мәселе, ал өзі солай агрессор болмауын қалай бақылауға болады? ⠀

              Тәрбиеге қатысты мәселеге мектепті кінәлауға болмайды деп ойлаймын.  Мектеп білім береді, тәрбиені ата-ана береді. Бірақ дәл осы буллинг мәселесі тікелей білім алу құқығын шектейтін болғандықтан мектептегі жайлы атмосфераға мектеп әкімшілігі, ал баланың басқа балаға сыйластық танытуын ата-ана қадағалайды деп ойлаймын. Кейде маған қоғам саналы түрде жауыз, өзімшіл балаларды тәрбиелеп жатқан сияқты. Бір баланың айналасында шыр айналып, өбектеп жүрген ата-ана "басқа балалардан зәбірлік көрме" , "төмен болма" , "ол үшін өзің қайта барып тиіс", өзің мықты бол деп үйрететін сияқты.

Психологтардың айтуы бойынша ақыл-кеңес:

           Ата-анаға:

- Баламен сөйлесіңіз, күніне бір рет мектепте жағдайы қалай екенін біліп отырыңыз;

- Жағдай деген тек баға емес, псиxологиялық жағдайы да;

- Мектеп жасында балалар өтірікті сіздің реакцияңыздан қорыққанынан ғана айтады;

- Сондықтан ешқашан сынамай, ұрыспай, ойыңызды дәлелмен жеткізуге тырысыңыз;

- Мектепте қысым көретін балалардың ұйқысы мазасыз болады, қорқынышты түстерді жиі көреді, тырнақ тістеу де көбіне осыны білдіреді;

- Мазасыз, көңіл-күйі көбіне түсіңкі, бірақ тез ашуланады, үйде шектен тыс агрессия танытады;

- Көп жағдайда энурез болады;

- Дәл сіздің балаңыз қысым көрмесе де, басқа қысым көретін бала туралы айтып келсе, міндетті түрде реакция білдіріңіз;

- 11 жыл бойы мектеп балаға тұтас бір ағза, ондағы жағдай барлық мүшеге әсер етеді, әрі сіздің қамсыздығыңызға қарап балаңыз агрессия қалыпты нәрсе екен деп ойлауы мүмкін

Қазақстандықтар көп көрген интернет-видеолардың бірінде екі оқушы пышақ көрсетіп төбелеседі. Азаматтық белсенді билік мектептегі әлімжеттікті тіркеуге алмайды дейді. Ол ата-ана жауапкершілігін де айтады.

 

Әуесқой түсірген жан шошытарлық төбелес видеосының сипаттамасында оқиғаның Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында болғаны айтылады. Жан-жақтан жақтастары қаумалаған екі оқушының төбелесіп жатқаны көрінеді. Соңында олардың біреуі қалтасынан пышақ шығарады да, төбелес тоқтайды. Қоршап тұрғандар (сыныптастары болуы мүмкін - ред.) айғайды қойып, күле бастайды.

Орта мектептерде балалар арасындағы әлімжеттікке қатысты шағым жиі айтылады. Психолог ата-аналарға балаға көбірек көңіл бөлуге, әсіресе оның «жәбірлеуші» және «жәбірленуші» болуды үйренетін кезеңінде қамқорлық танытуға кеңес береді.

Оның айтуынша, балалардан жиналған ақшаға қажет затын сатып алады. Қыркүйектің басында жоғары сынып оқушыларының бірі «салық» ақшаға туфли, енді бірі ұялы телефон сатып алған.

10 сынып оқушысы Абушахман Ергеннің пікірінше, балалар агрессиялық мультфильм, кинофильмдерді көп көріп, компьютерлік ойындарды көп ойнағандықтан қатыгез болып барады.

ИНСПЕКТОРЛАР МЕН БАЛАЛАР

Балалар арасындағы әлімжеттікті тыю үшін әр мектеп өздігінше әрекет етеді. Қиын оқушыларды көбінесе аудандық ішкі істер басқармасына есепке қойып, олармен инспекторлар жұмыс істейді.

- Бұрын білім беретін, бала тәрбиелейтін, қазір білім беру саласында олқылық байқалады. Педагогтар да, ата-аналар да балалармен шұғылданбайды. Республика бойынша ресми статистикада әлімжеттік көрсетілмейді. Бұл - жабық тақырып. Журналистерге де шындықты білу қиын, - дейді ол.

ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ

Алматылық психолог Евгения Кислицина балалар арасындағы әлімжеттіктің қалай алдын алуға болатыны, бала келешекте мұндай жағдайға ұшырамас үшін не істеу керектігі туралы кеңес береді.

– Менің түсінігімше, әлімжеттік – бұрыннан келе жатқан әрі қарапайым «әкел, әпер» дегеннен бастап адамның психологиясы мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге дейін қамтитын ауқымды құбылыс. Мейлі бала бақша, мектеп, университет, армия немесе жұмыс орны болсын, ол маңызды емес. Әлеуметтік орын ретінде мектепте де әлімжеттік әрекеттері көп кездеседі . Мектеп дегеніміз - ересектер әлемінің кішігірім моделі, бала тұлға болып қалыптасатын орын әрі кезең. Бұл кезеңде адам көп нәрсеге, оның ішінде «жәбірлеуші» және «жәбірленуші» болуды үйренеді. Меніңше, жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік пен бір-біріне қатыгездік танытып, күш көрсетуі - үлкен проблема. Оны ата-ана, білім беру жүйесі және заң органдары бірлесіп шешуі тиіс, - дейді Евгения Кислицина.

Психолог «Баланың агрессиялық қылығының себептері әр қилы болуы мүмкін. Жасөспірімнің өзгелерді күшпен бағындыруының жалғыз себебі оның мінез ерекшелігінде ғана емес. Бұл агрессияның өзіндік тамырлары, себеп, салдарлары бар. Баланың агрессияға бейімділігіне ең әуелі оның шектен тыс қызба мінезі себеп болады. Кейбір ата-ана бұған мүлде мән бермеуі немесе ең сорақысы, агрессияны қалыпты мінезге балауы мүмкін. Ал кей ата-ана тәрбиенің қатал стилін ұстанып, баланы жасқаншақ етіп жібереді. Ондай бала өзіне де, өзгеге де бірдеңені дәлелдегісі келіп, ашу-ызасын кейін өзгелерден алады. Мектептің педагогтар қауымының мұндай балаға шамасы келмеуі де мүмкін» дейді.

  • Біріншіден, әке-шеше баласының қатігез болып бара жатқанына өздерінің де қатысы барын түсінуі тиіс. Екіншіден, дер кезінде психологиялық көмек көрсетілмесе, келешекте оның жайсыз зардабын бала да, ата-ана да тартуы мүмкін. Ата-ана бала өмірінің қиын кезеңінде оған қамқорлық танытып, оның проблемаларына дер кезінде көңіл бөлгені жөн, - дейді психолог.

Келесі кезекте ер мұғалімдер оқушыларға өз тәжірибесінде болған оқиғаларды айта отырып, келешекте ондай жағдайлар болмауына үндеді. Мектеп директоры Құдайберген Серік Қожантайұлы қанша жылдар бойы мектеп басында тұрғалы неше түрлі қиын оқушылар болғанын хабардар етті. Ол оқушыларды көбісі түзелді десе, кейбірі әлі де өз жаман әдеттерінен арылар еместігін мәлімдеді. Сонымен қатар мектеп басшысы жасөспірімдердің Ата заңымыздың қылмыс істеудегі жазалау баптарымен түсіндіріп кетті.

Қорытындылай келе оқушылар біраз мәлімет алып, ой түйіп, көп түсінік алды деп есептеймін. Олардың бірауыздан ондай олқылықтарға жол бермейтіндерін, мектептегі ұл балалардың бір-бірін кемсітпей, кіші үлкенді, үлкен кішіні өзінің бауырымен ағасындай тату-тәтті жүруге тырысады деп ойлаймын.

          Сол себептен мектеп ішінде 8-10 сынып оқушылары арасынан тәртіп капитанын сайламақшымыз. Оқушылардың қолдауы мен мұғалімдердің таңдауы бойынша 10 сынып оқушысы Абушахман Ергенді сайладық. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылтаң орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс іс-шара

«Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік»

5-11 сыныптар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Бакиров Д.Р.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

Жаңартылған күні: 14.04.2019 23:35
Құрылған күні: 14.04.2019 23:35

Текст