«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша 17 қазан күні "Алтын күз" 1-4 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды. Биылғы жылы "Алтын күз" өткізу жауапкершілігі 9 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Темирбаева Г.С-ға жүктелді. Мереке барысында барлық бастауыш сынып оқушылары мерекелік концерт қойып, олар өз сыныбымен үлкен жұмыс атқарды. 9 сынып оқушылары күзгі бал балаларға тек ғана тамаша жыл мезгілі туралы айтып қоймай, сонымен қатар қызықты ойындар ойнатты.
Іс-шара өтетін дәліз өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшыларымен мерекеге сай безендірді. Әр сыныптан би, ән, өлеңдер жолдарын көрермендер назарына ұсынылды. Концерттік бағдарлама 5-10 сыныптар оқушыларының дайындаған жәрмеңкемен жалғасты. Әр сынып жетекші ата- аналармен тікелей жұмыс жасап, неше түрлі тағамдарды сатылымға қойды. Кәсіпкерлікке үйреткен бұл іс-шара тартымды болып өтті.