«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош бол, сүйікті, Әліппе!

11.01.2023

Қош бол, сүйікті, Әліппе!

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Аяулы ата-аналар! Бүгін бізде үлкен той.

Кеше ғана 1- қыркүйек айында қолдарына алғаш рет әліппе кітабын алған бүлдіншіндеріміз,бүгін сол сүйікті әліппемен қоштасқалы отыр. -Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!

Қымбатты көрермендер, "Қош бол, сүйікті Әліппе! "атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер. Сонымен ортаға ертеңгілігіміздің кейіпкерлерін 1-сынып оқушыларына қол соғып, қошемет көрсетіп, ортаға шақырайық. 

Музыка жүргізіледі. Балалар сыныпқа кіреді.
 Өсті, міне, бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
 1-оқушы:Айша
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар!
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
 2- оқушы:Назым
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

М: Балалар, менің сендерге қояр сұрағым бар еді. Сендер осы қандайсыңдар?

3-оқушы: Әлімжан

Талабы биік таудаймыз

Мың бұралған бишіміз

Біз қызықпыз,қызықпыз

Кейде еркелеу бұзықпыз

4- оқушы: Санжарбек

Біз шеберміз

Ақылдымыз

Көңілдіміз

Үлкендерге ізеттіміз

Кішкентайларға қамқоршымыз

Жақсылықты ұнатамыз

Жамандықтан тез қашамыз

М: Өте жақсы, тағы бір сұрағым бар екен...
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Барлығы: Ол - сүйікті Әліппе.
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.
Барлығы: Әліппе,Әліппе,Әліппе. Сәлеметсіз бе, Әліппе!

Әліппе:
Армысыздар,жас достар!
Армысыздар,ата- аналар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.

Балалар бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жай келмедім, өзімнен  бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың Ана тілін шақыра келдім .

 Ана тілі:

Сәлеметсіздер ме?
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
 Мұғалім: Қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер,қасиетті Әліппе мен Ана тілі.
 5- оқушы:Назым
Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерге.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін алып берді.

 6- оқушы: Әлімжан
Іші толы әріпке,
Мынау- әйбат Әліппе!
Барлық ілім- білімнің,
Әжесі осы Әліппе!
 7- оқушы:Санжарбек
Әліппем, менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
 8- оқушы:Айша
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды,қолдайды.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Енді әліпбилер сырларын айтып берейік, балалар.
Айша: Алфавиттің «А» тұрады басында,
Назым: Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Санжарбек: Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Әлімжан: Ал осының сыры неде түсінші.
Айша: «А» деген ол- аналар ғой ардақты,
Назым: «Ә» деген ол- әкелер ғой салмақты.
Санжарбек: «Б» деген ол- балалар ғой әдемі,
Әлімжан: «Е» деген ол-  елде үшеуі де кәделі.
Айша:Алшақ кетпей сондықтан да, расында,
Назым: Тұрады олар алфавиттің басында.
 Би: «Әліппе» биі
Мұғалім:
 Әліппе, балалар, сізден не үйренді, кімдермен танысты, сіз білесізбе?
 Әліппе: Балалар, сендер мені оқыдыңдар, сонда меннен не үйрендіңдер, не білдіңдер?
Қане ортаға салайықшы.Ата- аналарың да естісін, ана тілі де көрсін.
 11- оқушы: Айша
Мақал-мәтел,, өлең- ән айту үйрендік, енді кез- келген кітапты оқи аламыз.

 12- оқушы: Санжарбек
«А- ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып, буынды енді.
Мұғалім: «Сөз оқимын айырып, буынды енді» деп айтып жатырсыңдар.Олай болса, осы «Әліппенің» бір тапсырмасы бар екен соны көрейік. Мінекей ол өлең шумағы екен.Қанекей бәріміз бірге оқып көрейік.
 Барлығы:
Жақсы кітап – Әліппе,
Үйретеді әріпке.

Мұғалім: 
- Рахмет, балалар! Міне, біз әліппені аяқтадық. Осы оқулықтан біз өз Отанымыз туралы көп оқып білдік. Ендігі кезекте Отанымыз туралы білгенімізді ортаға салайық.

- Балалар, біздің Отанымыз қай мемлекет?

- Біздің елбасымыз кім? 

- Біздің еліміздің елордасы қай қала?

- Ал рәміздерді білесің бе?

- Біз қай облыста тұрамыз?

- Ендеше Отан туралы қандай мақал-мәтелдер, өлеңдер үйрендік, соны ортаға салайық.

 Назым
Отан – менің жүрегім,

Отан – менің тірегім.

Отан – сені саяндап,

Бақыт құшып жүремін.

Отан менің әнім,

Отан менің тәнім.

Ер жеткен соң туған ел,

Сені құшап жүремін.

 Санжарбек:

  1. Туған жердей жер болмас,
    Туған елдей ел болмас.
  2. Отан – оттан да ыстық.

Әлімжан:

1) Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.

Айша:

  1. Алтын ұяң — Отан қымбат,
    Құт - берекең — атаң қымбат,
    Аймалайтын — анаң қымбат,
    Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).
    2) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға  4 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Мен қойған сұрақтарға тек оң қолыңызды көтеріп  жауап бересіздер. 
Ой ұшқырлығына құрылған есептер 
Ата-аналарға қойылатын сұрақтар 
1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.) 
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді) 
3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады? 
4.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз) 
6.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? ( 1 тауық, 2 бұзау) 
7. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам) 
Мұғалім: Рахмет  сіздерге,  құрметті ата аналар! Қазір балаларыңыз сіздерге өз алғыстарын айтып, әндерін арнайды.

 Ән  «Ата-ананы тыңдаймыз»

 Мұғалім: Әліппе, келесі сөзді сізге береміз.
Әліппе: Менің бетімді санап жүрген тентек бауырым бар еді,соны ортаға шақырыңдаршы.
Барлығы:Математика!Математика!
              Сәлематсіз бе, Математика!
Математика: Сәлематсіңдер ме, балалар! Міне, сендер де Әліппені оқып үйрендіңдер.Әріптердің барлығын танып білдіңдер!Оқу- жазуды білесіңдер.Сонымен қатар мені де жақсы оқып үлгеріп жүрсіңдер деп сенемін.енді қазір мен сендерге жұмбақ есеп айтамын, жүйріктерің соны шешіңдер!
Табақта 5 алма,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма?     (7)
 Балалар: 7 алма

Математика: Өте жақсы, рахмет сендерге.Өздерің өңкей білімді балалар екенсіңдер.Біз әлі сендермен балалар мектеп табалдырығынан қоштасқанша бірге боламыз.Әрдайым осындай білімді, тапқыр болыңдар!
 Мұғалім:Математика төрге шығыңыз!Оқушылардың бүгінгі болып жатқан қуаныштарының арасында болыңыз.

 Мұғалім:Ал, балалар сендердің іштеріңде 3+2, 5 алдым деп жүрген оқушылар жоқ па?

Барлығы: Жоқ

 16- оқушы: Әлімжан
«1» деген ол жаман баға,
Алады оны жаман бала.
 17- оқушы: Санжарбек
«2» деген нашар баға,
Інішегім нашарлама.
 18- оқушы: Айша
«3» дегенім орта баға,
Сапасы да орта ғана.
 19- оқушы: Назым

«4» дегенім жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
 20- оқушы: Әлімжан
«5» дегенім үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.

Мұғалім: Міне, балалар,өздерің айтқандай үнемі «4» пен «5»- ке оқуға тырысыңдар.Балалар сендерге осыншама өнер, білімді үйреткен кімдер?
Барлығы: Мектеп.Мұғалім.Ата-ана.Әліппе.
Мұғалім: Дұрыс.«Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті».Сол үшін әліппе достарыңа не деу керек?
 Барлығы: Рахмет, саған Әліппе!

Ән: Рахмет, саған Әліппе!
 Әліппе сөзі: Иә, балалар, өздерің айтқандай мен сендердің үлкен білім жолына тұсауларыңды кесіп бердім.Жолдарың даңғыл болсын, ол дегенім сабақтарыңды тек жақсы деген бағаға оқып, білімнің сыры мен қырын меңгере беріңдер.Сендер енді «Ана тілі» оқулығын оқисыңдар.Сау болыңдар, балалар!
21-оқушы: Айша

               Таныстырған 42 әріппен,

               Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

               Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

               Сауатты адам санатына кіргенім.

 Ана тілі: Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Бұған сендердің ұстаздарыңның еңбегі көп жұмсалатыны белгілі.

22-оқушы: Назым

                   Бізді үйреткен жалықпастан,

                   Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.

                   Біз-шәкірт, біз-Отанның болашағы,

                   Білімнің басқышына қадам басқан.

Ән:«Мұғалім-ол біздің»
Мұғалім:
 Қадірлі оқушылар, жаңбырменен жер көгерер деп ата- бабамыз тегін айтпаған.Бүгінгі біздің «Қош бол сүйікті Әліппе » атты  өтіп жатқан мерекеге ақсақалды атамызда келіп қалған екен.Олай болса атаны ортаға шақырайық, бата сұрайық.
 Бата

Оқуда зейінді болыңдар

Еңбекке бейімді болыңдар

Кір шалмасың қабақтарыңды

Ақ жол болсын қарақтарым

Оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің беске толсын

Әумин
Мұғалім:

Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігіміз аяқталып келеді! Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін және Әліппені аяқтағаны жөнінде диплом табыстау үшін мектеп директорын шақырамыз.  (Әліппені бітіргендері үшін куәлікті тапсыруға рұқсат етіңіздер.)

Куәлікті тапсыру.
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі. 

Би: Назым  мен Айшаның орындауыларында  «Айгөлек»  биін тамашалаңыздар.

 Қорытынды сөз: Қымбатты оқушылар! Сендер зейін қойғыштықтарың, еңбек сүйгіштіктеріңнің және білімге құштарлықтарыңның арқасында мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын.
Сендер Алфавиттің барлық әріптерін жаттап алдыңдар, әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың «Әліппе» бойынша оқуға үйрендіңдер.Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!Мектебіміздің мақтанышы болыңдар! Келгендеріңізге және назарларыңызға көп рахмет!
 


 

Просмотров: 314


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст