Қаңтардың 25 күні «Досболайық» жоспарының жұмысы бойынша, 5-11 сынып ата-аналарының арасында жиналыс өтті. Бағдарламасының негізгі мақсатына сәйкес ДТІЖО Жумабаева М.Б. слайд бойынша мәліметтер,мектеп психологі Мендекина М.К.-тренинг, әлеуметтік педагог Отанова Ж.У.- алдын-алу жұмыстары бойынша ата-аналардан сауалнама алды. Буллинг және кебербуллинг жайлы мәліметтер берілгенде ата-аналармен диолог ретінде талқылап, өз пікірлерін айтып отырды. Жалпы жарты жылдық қорытындысы бойынша ұрлық жасау, тонау, ұрып-соғу, күш көрсету, бопсалау, балағаттау сияқты құқықбұзушылық жағдайлар орын алған жоқ. Осы тәртіпсіздіктердің алдын алу мақсатында жергілікті учаскілік инспектор Умирзаков А.О. тарапынан 7-11 сыныптар арасында жиналыс өткізіліп тұрады.
