«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына САЛТАНАТТЫ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ

03.01.2021

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына

САЛТАНАТТЫ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ

 ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ

Түсініктеме: 1. «Жас Ұлан» ұйымының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі елімізде енгізілген карантин жағдайына байланысты онлайн түрде өткізіледі.

2. Қабылданған ұйым мүшелеріне электронды сертификат беріледі.

3. Төменде берілген нұсқаулық тек ұсыным ретінде қабылдансын. Әрбір мектеп осы нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, өз мүмкіндіктеріне байланысты өзгерістер енгізе алады.

Штаттық  режимде қабылдау   рәсімін ұйымдастырып өткізу нұсқаулығы

Қабылдау рәсімінің қатысушылары:

- мектеп директоры;

- мектеп директорының орынбасарлары;

 - аға тәлімгер; - мектептегі «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы;

 - шақырылған қонақтар (ұйымдастырушы шешімімен);

 - ұйым қатарына қабылданушы оқушылар;

 

Алдын  ала  барлық  қабылданушыларға  жасұландықтың  анты (жаттап алулары қажет) таратылып  берілуі  тиіс.  Антты айтуға 1 оқушы дайындалады.  Рәсімді  жүргізетін  адамды  ұйымдастырушы  мектеп белгілейді.  

Ұйым  қатарына  қабылданушы  оқушылардың  ата-аналары өз үйлерінен телефонға түсірілген бейнені көреді. Қабылданушылар мектеп формасында болуы керек.  Штаттық режимде қабылдауда, санитарлық режим сақталу қажет және өткізу барысында қабылдау өткізілетін фейде  артқы фонда мүмкіндігінше мемлекеттік рәміздер мен «Жас Ұлан» ұйымының атрибуттары (туы) болғаны жөн.

Штаттық режімде қабылдау рәсімі міндетті түрде жазылып алынуы керек.

 

Қабылдау рәсімінің барысы: - Жүргізуші  амандасып,  қатысушы қонақтарды  таныстырады.

 - Қазақстан Республикасының гимні қосылады. Іс-шара қатысушылары Гимнді мемлекеттік стандартқа сәйкес орындайды.

 - Аға тәлімгердің «Жас Ұлан» ұйымы жайлы қысқаша түсіндірме сөзі, берілетін сертификаттар туралы айтып өтеді.

- Ұланбасы сөзі

- Ант беру сәті. Дайындалған оқушы антты жатқа айтады. Қалған қабылданушы оқушылар «Ант етеміз» деп хормен қайталайды.

 - Мектеп директорының (немесе мектеп директорының орынбасарлары) ұйым қатарына жаңадан қабылданғандарды құттықтау сөзі

 - Шақырылған қонақтың (егер болса) құттықтау сөзі

- Егер ата-аналар құттықтағылары келсе сөз беріледі.

 - «Жас Ұлан» ұйымының гимні шырқалады.

 - Қатысушылармен қоштасу сәті. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұй

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының АНТЫ

 

Мен  _____________Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриотты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған Елім, жерім Отанымды мақтаныш етуге;

Ата – анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етеміз.

 

АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!

 

 

Просмотров: 218


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст