«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» тақырыбындағы мектепішілік акциясы Сценарийі

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жемқорлыққа  қарсы мәдениетін қалыптастыру» тақырыбындағы мектепішілік акциясы

Сценарийі

Өтілетін орны:   Файе.

Өтілетін күні:     29.11.2018ж.

Басталуы сағаты:  13:00 – де

Графапроекторда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар туралы деректерден көрсетіледі.

  1. Сахнаға  Биші қайың би тобы «Қазақ биі» биімен шығады.

 

Фанфара ойнайды, жүргізушілер ортаға шығады.

Наргиза жүргізуші:

 

Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр - әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен.

 

 Қайырлы күн жиналған қауым, Қазақстан  Республикасының Тұңғыш президенті күнімен тұспа – тұс келіп отырған  «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру»  тақырыбындағы  мектепшілік акциямыздың құрметті қонақтары мен қатысушылары. Қош келдіңіздер!

Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қызылтан орта мектебінің оқушыларының  «Адал ұрпақ»  ерікті  клубы  ашылуда.

 

Аружан жүргізуші:

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мақсаты:

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту, білім және мәдени деңгейін арттыру.

 

 

 

 

 

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының міндеттері:

Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру, саяси-құқықтық білімді қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлқының адамгершілік – этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.   

 

Наргиза жүргізуші:

Егеменді азат елде тұрам мен,

Білдірейін сезімімді ұранмен,

Жолыменен Елбасының жүрейік.

          «Жемқорлыққа жол жоқ» деген ұранмен – дей отырып, акциямызды ашып беру үшін мектебіміздің  директоры  Құдайберген С.Қ. сөз кезегін берсек.        

Аружанжүргізуші:                                                                                                                           Құметті қонақтар! Енді ант қабылдау рәсіміне кезек берсек. «Адал ұрпақ» еріктілер қатарына қабылдау үшін мектебіміздің үздіктерінен құралған оқушыларды сахнаға шақырамыз.

Адал ұрпақ ұйымына қабылданатын оқушыларға мінездеме:

Наргиза жүргізуші:

Әміржан Нұржан – оқу үлгерімі бойынша – екпінді, химия пәнінен аймақтық олимпада жүлдегері. Жас Ұлан ұймының көшбасышы.Көптеген сахналық қойылымдарға қатысып, актерлік шеберлігін дамытуда.

Аружан жүргізуші:

Төлеген Арлан –  Мектеп Ұланбасшысы, Ақбота интеликтуалды марафон сайысының қатысушысы, Степнагорск қаласында бокстан 3-ші орынды жеңіп алды, Көкшетау қаласында облыстық тунирде 3 орын .

Наргиза жүргізуші:

Амантай Дильназ .Оқу үлгерімі бойынша – үздік. Оқушыларды бастап, ұйымдастыра алу қабілеті жоғары. Дильназ кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің тек жақсы жағынан ғана көрінеді. Аудандық «Көктем аруы» сайысынының жеңімпазы, Ақбота интеликтуалды марафон сайысының жеңімпазы . Руский медвежонок сайысының қатысушысы. «Биші қайын» үйірмесінің мүшесі.

Аружан жүргізуші:

Көшпай Сезім     Оқу үлгерімі бойынша – үздік. Оқушыларды бастап, ұйымдастыра алу қабілеті жоғары.Ақбота интеликтуалды марафон сайысының жеңімпазы . «Биші қайын» үйірмесінің мүшесі

Наргиза жүргізуші:

Болат Аман -  Оқу үлгерімі бойынша – үздік.Руский медвежонок сайысының қатысушысы, Пони интеликтуалды марафонының жеңімпазы, Жас Қыран ұйымының көшбасшысы, бокс секциясының қатысушысы.

 

 

Жүргізуші:

          «Адал ұрпақ» еріктілер клубының анты қабылдансын:

«Адал Ұрпақ» еріктілер қатарына қабылдана отырып:

Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Өз отанымды, тілімді қастерлеуге;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге құштар болуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Абройлы, адал, әділетті болуға;

Өз бойымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстануға және оны өз достарымнан талап етуге Ант етемін. Ант етемін. Ант етемін.

 

«Адал ұрпақ»  еріктілер қатарын қабылдап, төсбелгі тағу рәсімі мектеп директоры  Құдайберген С.Қ.

 

 Наргиза жүргізуші:

Сахна төріне «Нұр аға» әнімен Жас Ұлан ұйымының көшбасшыларын шақырайық.

 Елбасымыз қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол-Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен  күрес жолы. Сондықтан, сыбайлас жесқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтарының азаматтық борышы деп білеміз. Біздің «Адал ұрпақ» ерікті клубы жемқорлықтың жолын кесіп, байтақ қазақ елінің гүлденуіне, шарықтауына өз үлесін қосады деп сенім білдіреміз.

         Аружан жүргізуші: Осымен бүгінгі «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» тақырыбындағы мектепішілік акциямыз өз мәресіне жетті.

 

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

 

 

Жаңартылған күні: 02.11.2019 11:22
Құрылған күні: 02.11.2019 11:22

Текст