«Бақытты отбасы» атты мерекелік флешмоб
Отбасы – бақыт мекені!
14 қыркүйек шаңырақтың шаттығын арттырып, отбасылық құндылықтарды дәріптеген «Бақытты отбасы» атты мерекелік флешмоб пен тартысты жарыс мектепалды сыныптың және балабақша ата-аналарының арасында өтті!
Сайысқа қатысқан әрбір отбасы өз ерекшелігімен таңқалдырып, лайықты номинациялармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен ыстық ықыласы үшін алғыс айтамыз! Әрбір шаңырақта тек қуаныш пен береке болсын!
