«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дебат Тақырыбы: «Байқоңыр-бағымыз ба, әлде-сорымыз ба?»

Қызылтаң орта мектебі

 

 

 

 

 

 

Дебат

Тақырыбы: «Байқоңыр-бағымыз ба, әлде-сорымыз ба?»

(9-11 сыныптар)

 

 

 

 

Өткізген: Бакиров Д.Р.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020-2021 оқу жылы

Тақырыбы: «Байқоңыр-бағымыз ба, әлде-сорымыз ба?»

Дебат

Сабақтың тақырыбы: «Байқоңыр-бағымыз ба, әлде сорымыз ба?» Дебат

Дебаттың өткізілуі мақсаты: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру. Оқушыларды сабаққа тарту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін, шығармашылыққа баулу. ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтауын, адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу, әрі қызығушылығын яту. Адам баласының ғарышқа алғашқы қадам басқанына 56 жыл толуынатап өту.

Формасы: Дебат(пікірталас)сабақ

Көрнекіліктері: интерактивті тақта: а)видеоклиптер; ә) көркем суреттер.

Дебаттың бағдарламасы:

І. Ашылуы. Кіріспе;

ІІ. Видеобаян

ІІІ. «Байқоңыр-бағымыз ба, әлде сорымыз ба?»пікірталас;

ІV. Қорытынды. Марапаттау.

Дебаттың барысы:

Сәлематсіздер ме құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі біздің алғаш рет адамның ғарышқа ұшқанына 65 жыл толуына орай өткізіліп отырған «Байқоңыр-бағымыз ба әлде сорымыз ба?» атты дебатымызға қош келдіңіздер!

Кіріспе.

Ғарыш дәуірі 1957 жылды 4 қазанында басталды. Бұл күні ғарыш ракетасы Жердің тартылыс күшін жеңе отырып, Жердің тұңғыш жасанды серігін орбитаға шығарды. Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – «Байқоңыр»

Байқоңыр-Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып орлатын ғарыштық обьектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б факторлар екерілді. «Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Републикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км² жерді алып жатыр. Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның (0-60С) төмендеупроцесі жиі байқалатыны белгілі.

Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барын айтпасқа болмайды. «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі-Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процесі. Сондықтан ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізеуде.

Ғарыш ұшу аппаратының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ау ағының (циклон) күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан-16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жанармай қалдықтары құрамында химиялық токсидті қосылыстардың болуында. Толығырақ тоқталар болсақ, зымыранның сұйық жанармай компонентіне кіретін «гептил» азатты органикалық қосылысы гидрозин туындыларына жатады. Химиялық құрамында сәйкес симметриясыз диметилгидрозин активті тотықсызданғыш, әртүрлі тотықтырғыштарда оңай тотығып, тетраметилтерзен (ТМТ), нитрозодиметиламин (НДМА), диметилметилгидрозин (ДММГ), диметиламин (ДМА), формальдегид (ФА), су, азот, аммиак және басқа өнімдерге айнала бастады. Көп сатылы «Протон» зымыран жеткізгішінің алғашқы блогы (алты бокты блок болады) жұмысын аяқтап, жерге құлағанда 1,5 тоннадан-3,5 тоннаға дейін гептил қалдығы жерге төгіледі. Сонда бір рет ұшылырғанда, орта есеппен 2 тонна гептил жерге төгілгенде, 44 жылда 520000 тонна гептил төгіледі. Экологиялық қауіпсіздікті сақтадық дегеннің өзінде, Қазақстан Республикасының ұлттық аэрокосмостық агенттігінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде зымыран жеткізгішінің жерді зақымдайтын гептил мөлшері 150-200 литр шамасын құрайтыны анықталған. Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған мынадай кері әсерін тигізеді:

  • ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;
  • атмосфераны және жері беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;
  • атмосфераның озон қабатын бұзады;
  • территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен зақымдайды;
  • қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
  • ауқымды масштабта температураның жоғарлауына әсерін тигізеді.

Қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын симмметриясыз диметилгидрозиннің биологиялық обьектілерге әсері жөніндегі қазіргі түсініктер толық мәліметтер бере алмайды.

Зымыран жанармай компененттеріне кіретін токсинді қосылыстардың табиғи жағдайдағы микробтар мен өсімдіктерге әсері туралы түсініктер мүлдем жоқ. Сондықтан осы бағыттағы зерттеулер қазіргі кезде аса өзекті мәселелерге жатады.

Лабораториялық жағдайда жүргізілетін зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқаболып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өсімдіктердің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендетінін көрсетеді.
 

 

1934ж-1968ж

Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуір адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды.

 

1946ж. 27 шілде

1991жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров

«СоюзТ-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді.

 

1953ж 7 қантар

Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994ж, 1998ж) болды.

 

1972ж 27 шілде

  • 2.10.2012жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қақақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді.
  • 2015жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М»кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.
  • Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған А.Айымбетовті президент Н.Назарбаевтың өзі күтіп алды.

Ендігі кезекті дебата береміз. Әрбір нәрсенің жақсы және жаман жақтары болады. Сондықтан да, бүгінгі дебатымыздың тақырыбы «Байқоңыр бағымыз ба, әлде сорымыз ба?». Дебатқа екі команда қатысқалы отыр.

І-команда: «Байқоңыр». «Байқоңыр біздің бағымыз» деген тұжырымы

ІІ-команда: «Бәйтерек». «Байқоңыр біздің сорымыз» деген тұжырымды ұстанады.

2 командаға бөлу үшін қар атысу әдісін қолданамын. Бөлінген соң оқушыларға Байқоңыр туралы видеобаян көрсетемін.

Дебат регламентері: Ритор-5 мин. Команда мүшелері-2 мин

  1. Байқоңыр ғарыш айлағы қай жылы салынды?
  2. Байқоңыр ғарыш айлағы қай мемлекет құзырында? Бізге қашан қайтарылады?
  3. Не себепті ғарыш кемелері Байқоңырдан басқа жерде ұшырылмайды?
  4. Байқоңырда құлаған Протон-М ракетасының зардаптары қаншалықты екені анықталды ма? Гептилдің пайдасы мен зияны жайлы анықталды ма?
  5. Байқоңыр ғарыш айлағы Адамзат ғылымының аса үлкен жетістігі екендігі мәлім. Бірақ сол тұрып жатқан халық үшін оның тигізер пайдасы көп болды ма, зияны көп болды ма? Міне ос ысұрақты шешу үшін сөзді команда риторларына береміз.

Риторлар сөйлейді. Сіздерге көп рахмет! Құрметті команда мүшелері, ендігі кезек сіздерге беріледі. Команда мүшелері сөйлейді.

Ал енді, бүгінгі дебатымыздың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттау.

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Келіп тамашалғандарыңызға шексіз алғысымызды білдіреміз. Назарлаңызға рахмет.


 

 

 

Жаңартылған күні: 30.12.2020 09:13
Құрылған күні: 30.12.2020 09:13

Текст