Құрметті ата-аналар!

06.04.2026

 

Құрметті ата-аналар!

2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау бойынша маңызды ақпаратпен танысуларыңызды сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жаңа нұсқаулығына сәйкес (2026 жылғы 30 наурыздағы №2-20-6/2297-И хат), биыл құжаттарды қабылдау мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.

Қабылдау кестесі (өңірлер бойынша)

27 мамыр – 31 тамыз:

Ақмола облысы (соның ішінде Зеренді ауданы) бойынша қабылдау 2026 жылғы 10 маусым – 31 тамыз аралығында жүргізіледі.

Өтініш беру тәсілі:

Өтініш «Электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады: egov.kz

Қажетті құжаттар:

- Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші

- Баланың 3×4 см цифрлық фотосуреті

- №052-2/у нысаны бойынша баланың денсаулық паспорты

- №065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы

- ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда)

Қарау мерзімі:

Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.

Қабылдаудан бас тарту себептері:

- Сыныптардың толық болуы

- Құжаттардың толық болмауы немесе деректердің дұрыс енгізілмеуі

Құрметті ата-аналар, балаңызды мектепке уақытылы тіркеуді ұмытпаңыздар!

 

 

Просмотров: 790


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу