«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыныптан тыс іс-шара «Биология әлеміне саяхат» 7-8 сыныптар

23.01.2021

 

Қызылтаң орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс  іс-шара

«Биология әлеміне саяхат»

 7-8 сыныптар

Өткізген:Биология пәнінің мұғалімі:Конарова Р.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020-2021 оқу жылы

 

 

Сыныптан тыс іс-шара «Биология әлеміне саяхат»

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,табандылықпен шешім қабылдауға,оны дәлелдеуге үйрету,биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

 

Сайыстың барысы:

Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

7 –8 сыныптар арасында өткізілетін «Биология әлеміне саяхат» атты танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Ақыл - тон, аңдағанға тозбайтұғын,

Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет  Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысымызды бастаймыз.

  Ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз, ол үшін ойынның барысымен және шарттарымен таныстырып өтейік. Ойын 7 сайыстан тұрады:                                             1. " ТАНЫСТЫРУ" КЕЗЕҢІ

  2. " БӘЙГЕ " КЕЗЕҢ 

 3. "ОЙЛАН ТАП" КЕЗЕҢІ
 4."ҰЛЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛІ  ҒАЛЫМДАР" КЕЗЕҢ
 5. "КІМ ШАПШАҢ" КЕЗЕҢІ
  6. "КІМ ТАПҚЫР" КЕЗЕҢІ

 7. " ҚИЯЛ ҒАЖАЙЫПТАР"КЕЗЕҢІ

 

2-КЕЗЕҢ. «Бәйге» кезеңінде 10 сұрақ  беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан есептеледі.

1 топ

  1. Алғаш жасушаны көрген ғалым (Роберт Гук)
  2. Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)
  3. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)
  4. Ұрықтан дамитын тамыр (негізгі тамыр)
  5. Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (Айна)
  6. Жасуша ішіндегі сұйықтықты реттеп отыратын бөлігі (Вакуоль)
  7. Өсімдіктің ұзарып өсуін қамтамасыз ететін ұлпа (Түзуші)
  8. Негізгі тамыр өте жақсы жетілген тамыр жүйесі (Кіндік тамыржүйесі)
  9. Өркеннің бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі (Буын)
  10. Ұша алмайтын құс (Пингвин)

 

 

 

 

 

 

 

2 топ

  1. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым (Микология)
  2. Ең үлкен құс (Страус)
  3. Тісті емдейтін дәрігер (Стоматология)
  4. Адамға ең жақын жүретін және бірге тұратынжануарлар (Ит, мысық)                 
  5. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері (Аталық,аналық)
  6. Бидайдың жемісі қалай аталады (Дәнек)
  7. Амеба кандай өсімдік (біржасушалы)
  8. Сорғыш құрттар өкілі (бауырсорғыш)
  9. Шұбалшаң қандай құрттар типпіне жатады (буылтық құрттар)
  10.  Бидай,жүгері,тары, күріш жемістері қалай аталады?

3-кезең.   "Ойлан тап"   Өсімдіктерге байланысты метафоралық теңеулер-10ұпай

Оқушыларға уақыт беріледі әр сөздің қасына тиісті сөздерге стрелка қою арқылы дұрыс жауабын табамыз

1.Кактус              –       түн аруы

2. Күріш              –       ақ маржан

3. Мақта              –       ақ алтын

4. Бәйшешек                 –       көктем гүлі

5. Картоп            –       екінші нан

6. Емен                –       ағаш алыбы

7. Зығыр             –       жібек түрі

8. Итмұрын                  –       емдік бұта

9. Жүзім              –       оңтүстік шырыны

10. Сексеуіл                  –       оңтүстік отыны

«Анықтама бюросы» 5 ұпай
1. Мысықтың төлін – марғау
2. Аққу төлі – көгілдір
3. Арыстан төлі – абадан
4. Түйе төлі – бота
5. Жолбарыс төлі – шөнжік
6. Қаз төлі – мамыр
7. Қой төлі – қозы
8. Түлкі төлі – түлкішек, мыршай
9. Сиыр төлі – бұзау
10. Ешкі төлі – лақ

Терминдер
1. Цитология - жасуша
2. Бриология - мүк
3. Микология - саңырауқұлақтар
4. Физиология - мүшелерді
5. Арахнология - өрмекшілерді
6. Гельминтология - паразит құрттар
7. Орнитология - құстар
8. Ихтиология - балықтар
9. Маммалогия – сүтқоректілерді
10. Ботаника - өсімдіктерді

4- кезең. " Ұлы және белгілі ғалымдар "бастаймыз. Онда келесідей ережелер мен шарттар белгіленген:

  • 4 сұрақ берілген, әрбір дұрыс сұраққа 10 балл;

Сұраққа бір ғана нақты жауап қабылданады. Ойын шарттары сіздерге түсінікті ме? Олай болса бастайық, іске сәт!

1. Алғаш рет биологиялық білімдерді жіктеп, жануарларға қарапайымдарынан күрделілеріне дейін ретімен орналастырып жіктеу жасаған ғалым.  (Аристотель).

2. Біржасушалы организмдерді  микроскоп арқылы зерттеген. (Антони ван Левенгук).

5 кезең. Логикалық сұрақтар

І-топ:

1 сұрақ.  Екі қолымызда 10саусақбар, 10 қолда қанша саусақ бар? /50/

2 сұрақ. Үстелдің 4 бұрышы бар.Бір бұрышын кесіп тастадық, қанша бұрыш қалды? /5/

3 сұрақ. Ешқандай арифметикалық амал қолданбай 666 санын 1,5 есеге арттыр. /999/

ІІ-топ:

1 сұрақ. 3 майшам жанып тұр еді 2-уін сөндірсе нешеуі қалады? /3/

2 сұрақ.Апамнын сандығында бәрі бар ,не жоқ? /босорын/

3 сұрақ. Бұл жануарда 2 оң аяқ және 2 сол аяқ, 2 аяғы алдында, сонша аяқ артында. Бұл жануардың аяғы нешеу /4/

ІІІ-топ:

1 сұрақ.Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг?( 3кг)

2 сұрақ.Балықтар неліктен сөйлемейді?(Су жұтып қоймау үшін)

3 сұрақ.9 бас, 22 аяқ. Неше тауық, неше ешкі? (2 ешкі, 7 тауық).

 

6-кезең. Кім тапқыр. Қара жәшік

1 топ- Білгірлер

    «XVI ғасырдың бас кезінде Педро Де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді. Ол мұнда жергілікті адамдардың осымен тамақтанатынын байқайды. Перуліктер оны папа деп атайды екен. Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды. Ал француздар оны жер алмасы деп, итальяндықтар әуелі тартуфоль деп атапты. Ресейде XVIII ғасырдан бастап тарай бастады. Оның мұнда таруына III Петрдің еңбегі зор. Сандықшада не бар?»  (Картоп)

 

2 топ- Тапқырлар

Мен Азияда тудым, бірақ Еуропа мен Африкада тұрамын. Орта ғасырларда мен батырлар кеуделеріне тұмар етіп жүрген, өйткені мен әр түрлі оқтан, садақтың оғынан қорғап жүргенмін. Тіс ауырғанда пайдаланады мені.Өзіме тән иісім бар. С дәруменінің көзімін, сондықтан тұмаумен ауырғанда пайдаланған жөн. (Сарымсақ)

 

 

 

 

 

 

 

7- кезең  Қиял ғажайыптар әлемінде

Жоспар бойынша 5 минутта бір жеміс немесе көкөніс туралы қиялды  шытырман ды   оқиға құрастыру керек

    Жоспар
1. Аты.
2. Суреті (Параққа салынады)
3. Қайда өседі.
4. Несімен пайдалы.

 

Қорытындылау:

Жүрегімде  тербеген   бір арман бар

Аман болсын аңдар, құстар, ормандар.

Ақыл ойды жоюға емес адамдар

Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар.

 

Әділ қазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды.

Сөз кезегін әділ – қазы алқаларына  береміз. Сонымен бүгінгі «Биология әлеміне саяхат» атты танымдық сайысымыз  өз мәресіне жетті. Алда әлі де биік – биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст