Текст
Зеренді ауданы, Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалім Абдильман Замзагуль Аскаровна, Республикалық “Алтын тұғыр” олимпиадасына қатысып, сертификатқа ие болды. Наурыздың 27-27 күндері Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасы өтті. Облыстық кезеңге қатысқан 15000 мұғалімнің ішінен 158 мұғалім іріктеліп, өз бақтарын сынады. Бұл кезеңге өту-өз алдына үлкен жетістік. Осы орайда біз Зеренді бөлімінің басшысы Кенжеболатова Динара Шаймерденовнаға ұстаздың бойындағы шығармашылықты, шеберлікті көрсетуге ат салысып, қолдау білдіргені үшін алғысымызды айтамыз.