04.12.2025
Аудандық шешендік өнер байқауы 2025 жылғы 2 желтоқсанда «Өнер мектебі» базасында Аудандық шешендік өнер байқауы өтті. Байқауға аудан бойынша 70 оқушы қатысты. Қызылтаң ауылының ЖОББМ 8-сынып оқушысы Жанатова Жасмин, 7- сынып оқушылары Жанбай Әпен және Сайлаубек Мәди қатысты. Аудандық кезең төрт кезеңнен тұрды: 1. Алдын ала дайындалған сөз. Қатысушылар ұсынылған тақырыптардың бірі бойынша алдын ала дайындалған сөз сөйледі. 2. Импровизациялық сөз Қатысушы билет арқылы таңдалған тақырып бойынша экспромт сөз сөйледі. 3. «Рөлдерге бөліп көркем оқу» Қатысушы ұсынылған мәтінді 5–10 минут дайындалғаннан кейін рөлдерге бөліп, интонациямен, эмоциямен жеткізіп оқыды. 4. «Дубляж. Видеофрагментті дыбыстау» Қатысушыға қысқа бейнеролик (фильм немесе мультфильм үзіндісі) ұсынылды. Міндеті – бейнематериалды кейіпкерлердің эмоциясын, мінезін сақтай отырып дыбыстау. Қазылар алқасы төмендегі критерийлер бойынша бағалады: – тақырыпты ашу, ойдың логикасы және құрылымы; – мазмұнның тереңдігі мен ерекшелігі; – сауаттылық және сөйлеу мәдениеті; – көркемдік, эмоция; – аудитория алдында өзін ұстау; – уақыт регламентін сақтау. Қорыта келе Жанатова Жасмин мен Жанбай Әпен сертификатпен, ал Сайлаубек Мәди сертификатпен, дипломмен марапатталып, Гран-при иегері атады. Жеңіс құтты болсын!
