" />
02.01.2026
Жаңа жыл мерекесі «Балапан» шағын орталығында және мектепалды даярлық сыныптың арасында өткізілді. Кейіпкерлер Элза мен Анна және жүргізуші – апайлар болып,қыз балалар шырша, ал ұл балалар аққала болып киініп, мерекелік таң ғажайып ертегілер әлемінде ұйымдыстырылып өткізілді. Аяз ата мен Ақша қар сыйлықтарын таратып, демеуші Серкенов Жасқайрат ағамыз болды. 20 тәрбиеленушіге жаңа жылдық тәтті дорба сыйлады.Жалпы қаатысқан адамдардың саны 25.
Жаңа жыл мерекесі 1-4 сыныптар арасында мектеп фойесінде өтті.Ертегілер аясында өткен бұл іс-шара қызықты да, тартымды болып өтті. Мұғалімдер түлкі, қоян, жылқы және жылан болды, ал оқушылар әр сынып ертегілер киіпкерлері болып киінді. Билерін билеп, Аяз атаға өлеңдерін айтып, шыршаны айналып әндерін шырқады. Бұл жаңа жыл шыршасына демеуші Аккузов Ерлан жерлесіміз болды. 19 оқушыға жаңа жылға арналған тәттілер дорбасын таратты.
Жаңа жыл мерекесі 5-11 сыныптар арасында мектеп фойесінде өтті. Бал маскарат ретінде өткен бұл мереке өте жоғарғы деңгейде өткізілді. 9-11 сынып оқушылары жаңа жылдық вальспен бастады. Бір сыныптан бір би немесе ән дайындады. Жауапты 11-сынып 2 ән және би билеп, қызықты ойындар ойнатты. Аяз ата заманауи стильде ортаға шақырылды. Мектебімізде педагогикалық тәжірбиеде жүрген Уралов А. және Бейсенбаева А. болып кешті ары қарай жандандырып жалғастырды. Демеуші Аккузов Ерлан жерлесіміз болды. 43 оқушыға жаңа жылға арналған тәттілер дорбасын таратты.
