«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарих апталығының өтуі бойынша ақпарат.

21.01.2026

Қызылтаң ауылының жалпы білім беретін мектебінде қаңтардың 12-16-сы күндері аралығында тарих апталығы өтуде. 12 қаңтар күні тарих апталығының ашылу салтанатына орай алғашқы іс- шара өтті. Іс-шара тақырыбы: “Абылай ханның туғанына 315 жылдығы” атты 7-10 сыныптар аралығында тарихи конференция өтті. Іс-шара барысында 7 сыныпқа Абылай ханның балалық кезі, 8 сыныпқа батырлығы мен ерлігі, 9 сыныпқа ішкі саясаты, 10 сыныпқа сыртқы саясаты мен тарихи маңызы туралы талқылады. Аталмыш шарада проблемалық сұрақтар мен қазір еліміздің көшбасшыларымен салыстырды. Қорытындылай келе, оқушыларға өткенді еске түсіріп, қосымша тың деректерді талдап, өз білімі мен патриоттық сезімдерін өз бойларына ұялатты деген ойдамын.  Тарих апталығының екінші күні яғни 13 қаңтар 5-6 сыныптар арасында интеллектуалды- танымдық сайыс өтті. Сайыс тақырыбы: “Қазақстан тарихының білгірлері”. Оқушылар 2 топқа бөлініп, әр сайыстың кезеңінде оқушылар белсенділікпен қатысты. Бұл іс -шара жасанды интеллект арқылы құралғандықтан, оқушылар өз білімдерін ортаға салды. Қорытындылай келе, екінші топ оқушылары (5 сыныптан Булатхан Диас, Жанат Аят, 6 сыныптан Маханбетов Нұрислам, Абай Айдос, Амантаев Аңсар және Абдильман Дидар) жеңіске жетті. 

    

Просмотров: 308


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст