Текст
29.01.2026
Мектепалды сыныбында Қазақ тілі пәннен «Ұлттық киімдер» атты іс-әрекеті TopIQ цифрлық платформасының негізінде ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің мақсаты:
Білімділік: TopIQ платформасындағы интерактивті суреттер арқылы қазақ халқының ұлттық киімдерінің атауларын меңгерту.
Тіл дамыту: Цифрлық тапсырмаларды орындау барысында балалардың сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуін арттыру.
Танымдық: Ұлттық құндылықтарды заманауи технологиялар арқылы дәріптеу, балалардың пәнге деген қызығушылығын ояту.
💻 TopIQ платформасының артықшылығы:
Интерактивті оқулық балаларға киімдерді жай ғана көріп қоймай, олармен «тілдесуге», дыбыстық сүйемелдеу арқылы сөздерді дұрыс айтуға көмектесті.