03.02.2026
Мектебімізге, "Бұқпа" КММ "Қыпшақ" орман шаруашылығының орман шеберлерлері және орманшылар келіп,оқушылармен құстарға қамқорлық көрсету сабақтарын өткізді.
Құстарға қамқорлық – ортақ міндет. Табиғатты қорғау – әрбір адамның, әсіресе жас ұрпақтың басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта мектеп оқушылары орманшылармен бірлесе отырып, құстарға арналған ұяшықтар жасап, оларды орман аумағына ілді.
Бұл игі іс – құстарды қорғауға, олардың санын көбейтуге және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Ұяшықтар құстардың қауіпсіз мекендеуіне, балапан басып шығаруына және қоршаған ортаға бейімделуіне үлкен көмек береді.
Шара барысында оқушылар табиғатты аялау, жан-жануарларға қамқор болу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы мол мағлұмат алды. Орманшылар өз кезегінде құстардың табиғаттағы рөлі мен оларды қорғаудың маңызын түсіндірді.
Осындай бірлескен жұмыстар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастырады.