Апталықтың тақырыбы:
«Болашақ формуласы: математика + физика + информатика + ЖИ»
Мақсаты:
Оқушылардың математика, физика және информатика пәндеріне қызығушылығын арттыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін нақты ғылымдармен кіріктіре отырып, логикалық ойлауын, зерттеушілік және цифрлық сауаттылығын дамыту, болашақ мамандықтарға бағыт-бағдар беру.
Апталықтың міндеттері:
• Математика, физика және информатика пәндерінің өзара байланысын көрсету арқылы білімді кіріктіру;
• Жасанды интеллектті оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдарымен таныстыру;
• Оқушылардың логикалық, алгоритмдік және сыни ойлау дағдыларын дамыту;
• Зерттеушілік, жобалық және практикалық жұмыстар арқылы шығармашылық қабілеттерін ашу;
• Цифрлық технологияларды қауіпсіз әрі жауапты қолдану мәдениетін қалыптастыру;
• Оқушылардың өз бетінше білім алуға, жаңашылдыққа қызығушылығын арттыру;
• Дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау, қолдау.
Күтілетін нәтижелер:
• Оқушылар нақты ғылымдар мен жасанды интеллекттің өзара байланысын түсінеді;
• Математика, физика және информатика пәндеріне деген танымдық қызығушылық артады;
• Логикалық ойлау, алгоритм құру және мәселе шешу дағдылары жетіледі;
• Оқушылар ЖИ құралдарын оқу мақсатында тиімді пайдалануды үйренеді;
• Зерттеу және жобалау жұмыстарына қатысу белсенділігі жоғарылайды;
• Цифрлық сауаттылық пен технологиялық мәдениет қалыптасады.
|
Реті |
Іс-шараның атауы |
Мерзімі |
Қатысатын сыныптар
|
Жауапты мұғалім |
|
1 |
Апталықтың ашылу салтанаты «Ғажайып үштік» |
09.02.2026 |
5-11 |
Темирбаева Г.С. Шулембаева Г.С. Айтанов Н.Е. Зәйкен Н.Е. |
|
2 |
Жасанды интеллект: Болашақ пен бүгін. |
10.02.2026 |
10-11 |
Айтанов Н.Е.
|
|
3 |
«Қызықты математика + ЖИ» |
11.02.2026 |
5-11 |
Темирбаева Г.С. Шулембаева Г.С. |
|
4 |
«Жас физиктер алаңы»
|
12.02.2026 |
7-9 |
Зәйкен Н.Е. |
|
5 |
Апталықтың жабылу салтанаты: «МИФ апталығы: Білім мен жаңашылдықтың қорытындысы» |
13.02.2026 |
5-11 |
Темирбаева Г.С. Шулембаева Г.С. Айтанов Н.Е. Зәйкен Н.Е. |
Мектеп директоры: Серкенова Г.Б.