«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Армандаған мамандық» атты сурет көрмесі

25.02.2026

«Армандаған мамандық» атты сурет көрмесі өтті

Мектебімізде 1–4 сынып оқушылары арасында «Армандаған мамандық» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру.

Көрмеге бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысып, өз армандарындағы мамандық иелерін бейнелеген суреттерін ұсынды. Оқушылар дәрігер, мұғалім, ұшқыш, өрт сөндіруші, полиция қызметкері, ғарышкер және басқа да түрлі мамандықтарды шығармашылықпен суреттеді. Әрбір жұмыс баланың қиялы мен болашаққа деген сенімін көрсетті.

Көрме барысында оқушылар өз суреттерін таныстырып, таңдаған мамандықтары туралы ойларымен бөлісті. Бұл шара балалардың сөйлеу мәдениетін дамытып қана қоймай, өз мақсаттарын айқындауға ықпал етті.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше байқалды. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Просмотров: 80


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст