"Алтын тұғыр" олипиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздары.
02.11.2026
29 қазан күні Зеренді ауылында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Алтын тұғыр" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Мектебіміздің екі бастауыш сынып мұғалімі жеңімпаз атанды. Аудан бойынша 83 педагог қатысып, өздерінің кәсіби білімдері мен математикалық қабілеттерін көрсетті, педагогикалық шеберліктерін шыңдауға деген ұмтылыстарын танытты.Олимпиада қорытындысы бойынша І орын алған 8 педагог облыстық кезеңге өтті, оның ішінде біздің мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері Амренова Гульден Сериковна, Мендекина Гульнара Байкеновна жоғары нәтиже көрсетті.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!!!
Просмотров: 10