«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кел,балалар оқылық!» атты білім күніне арналған салтанатты жиынның сценарийі.

03.09.2021

 

                                                                                                    «Бекітемін»

Мектеп директоры:

_______________.Темирбаева Г.С.

 

 Білім күніне арналған салтанатты жиынның сценарийі.

Басталуы: 11-00

Мерзімі: 1 қыркүйек 2021 жыл

Сапқа тұрғызу.

 

Салтанатты жиынның ашылуы.

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және қонақтар! Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.

Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!

Ал ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен  мерекелік шараны ашық деп жариялаймын.

Бүгінгі күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары – мектептерде 2021-2022 оқу жылының алғашқы қоңырау салтанаты жиынын өткізуде. Ел іргесі кеңіп, босағасы берік, шаңырағы биік болар, бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен тәуелсіз, азат өңіріміздің әр жылы, әр күні өзіндік ерекшелігімен өтуде.

 Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан еліміздің ырыс-несібесі мол болсын, ағайын!

 

1-сыныпты  алаңға шақыру.

Халқымыз «Ата-баба дәстүрі – асыл мұра» дегендей «Бала – бауыр етім» деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің  6-ға келіп, 1-сыныпқа қабылданып, «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысу сәті.

Бұл той – баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы.

Құрметті халайық, олай болса, ортаға алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді шақырамыз.

Қарсы алыңыздар. 1-сынып оқушылары Сынып жетекшісі:  ______________  Сыныпта 9 оқушы.

(Музыка ойналады. Сынып жетекшілерімен 1-сынып оқушылары алаңға өтеді.)

 

 Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын. 

 

Салтанатты жиынның алғашқы сөзі  мектеп  директоры   Темирбаева Г.С.  беріледі.

 

 

 

 

          Мерекелік ән-шашу.

Өнерпаздар жарысып сан-салалы,

Жиын десе, той десе би билейді.

Салтанатты жиынның құрметіне,

 Бүлдіршіндер ән  жолдайды,қабыл алыңыздар!

 

1-сынып бүлдіршіндерінің ән-шашулары.

Айқара ашқан есігін

Қайнары білім нұрының

Мектебің – алтын бесігің

Жылы ұяң міне сыныбың

 

Қаламсап алып қолыңа,

Достасарсың да әріппен

Шуағын себер жолыңа,

Жан серігің – әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілей отырып,  сәттілік тілейміз.

 

Ата-ана құттықтауы.

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың, қарағым,

Білімнің кілтін ашатын, - деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата-аналарымызға береміз. Ортаға 1-сыныптың ата-анасы _____________________________________________________ шақырамыз.

 

Ән шашу.

Мерекелік салтанатты жиынымыздың құрметіне арнап    1-сыныптың орындауындағы «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.

 

  1-сынып оқушыларына  оқулықтарды   табыс етеді.

 Алғашқы қоңырау соғу.

Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын.

Бөбектер жұп болып,

Алғашқы қоңырау қағылсын.

Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін  мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршінімізді Абылайхан Ақниетті  шақырамыз.

 

Салтанатты жиынның жабылуы.

Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймын.  

Просмотров: 709


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст