«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алтын күз 5-11 сынып

23.10.2018

Алтын күз

1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ханымдар мен мырзалар.

2- жүргізуші: Қайырлы күн, ұлағатты ұстаздар, ата –аналар, жалынды да,

жігерлі жас достарым мен қонақтар.

Кездескен соң күзімен

Бұтағынан үзілген

Ақ жапырақ – сары

алтын

Айналаның бәрі алтын

.

Берекелі де, мерекелі

алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын.

1-жүргізуші:

Қош келдіңіз

көрермен,

«Күзгі бал»

сын-кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді»

тойлаймыз.

2- жүргізуші:

Алтын күз біз бен

сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі

күйін ашсын.

Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен

ортақтассын.

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық.

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық.

2- жүргізуші:

Ал енді бүгінгі «Арайлы алтын күз» кешінің сұлу, сүйкімді

жас оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

1-Жүргізуші:

 Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас

иеді күллі әлем

Жүйрік озар

сайыстарда неше бір

Сарапқа сал,

әділдікпен шеше біл деп, бүгінгі әділ – қазылар алқасымен таныс

болыңыздар. 

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2- жүргізуші: Бүгінгі «Алтын күз»! мерекесінің бағдарламасымен таныс

болыңыздар. Бағдарламада:

1.      

Таныстыру

2.      

2 нөмірден әр бір топ өнерлерін шыңдайды

3.      

Үй тапсырмасы (композиция)

4.      

Қызықты ойын

5.      

Ас адамның арқауы /дастархан мәзірі/

1-Жүргізуші:

Таныстыру

Ендеше, құрметті

көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты

сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп

қарсы алыңыздар, біздің сұлу да сүйкімді топтар өздерін таныстырсын.

(қатысушыларға сөз беріледі)

Ортаға 5-11 – сынып,

яғни дәнді-дақылдар

Ортаға 6-10 – сынып,

яғни көкеністер тобы

Ортаға 7-8 –

сыныптар, яғни жеміс-жидектер тобын шақырамыз.

2- жүргізуші:

Өнерлі өрге жүзер /ән немесе би/

Ал кімнің

өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал

біреуі ән салыпты.

Бүгінгі

сайыста бәйге алуға

Үміткерлер

аянбай жан салыпты,  енді әр топтың өз

өнерлерін тамашалайық.

1. Ортаға

дәнді-дақылдар тобын шақырамыз. (рахмет сіздерге)

2. Ортаға көкеністер

тобын шақырамыз.

3. Ортаға

жеміс-жидектер тобын шақырамыз.

1-Жүргізуші:

Бес әзіл /КВН/

Жайдарман- ау,

жайдарман

Күлкі толы бұл алаң

Жасы мен қарттарын

Жинап алған ду-

думан,  дей келе келесі кезекті 9-

сыныптың орындауында әзіл.

1. Ортаға

дәнді-дақылдар тобын шақырамыз. (рахмет сіздерге)

2. Ортаға көкеністер

тобын шақырамыз.

3.Ортаға

жеміс-жидектер тобын шақырамыз.

2- жүргізуші:

Үй тапсырмасы /композиция/

Ақ қағаз, түрлі –

түсті бояу алып

Қызыл- жасыл қағазын

тағы алып

Күз мейрамын ақ

қағазға саламыз

Сыныптар фантазиясын

аямапты дей отырып келесі кезек композицияға беріледі. Әділ – қазылар алқасы

үстелдегі оқушылардың туындыларын көріп, бағалап өтсеңіздер.

1-Жүргізуші:

Қызықты ойын

Қазақтың түрлі –

түрлі ойыны бар

Оның сырын ашқанға

жұрт қызығар

Ойын ойнап

көрермендер қатыссын

Сол себептен әр

сыныптың дайындаған ойыны бар деп, ортаға әр сыныптың көрермендерге дайындаған

ойындары бар. Ойын ойнайық.

2- жүргізуші:

Ойын

1-Жүргізуші:

Ас адамның арқауы /дастархан мәзірі/

Ортаға 5-11-

сыныптарды шақырамыз.

Ортаға 6-10-

сыныптарды шақырамыз.

Ортаға 7-8-

сыныптарды шақырамыз. 

 2-

жүргізуші:

Ал әділ – қазылар алқасы сіздер ерекше билеген

ханшайыммен ханзадаға әділ бағаларыңызды берсеңіздер.

2- жүргізуші: Қымбатты көрермендер! Жеңіпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар

тұғырлары биіктей берсін дей отырып кешімізді осымен аяқтаймыз.

1- жүргізуші: Тамашалағандарыңызға рахмет, сау-саламат болыңыздар.

 

Просмотров: 2175

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст