Текст
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қызылтаң ауылының ЖОББМ—де бокстан жасөспірімдер арасында мачтық кездесу және қазақ спортының тарланы Теміртас Жүсіповпен кездесу өтті. Кездесуге Өркен, Краснояр, Көкшетау қаласының жас боксерлері келді.Осындай ауқымды турнирге Зеренді ауданының маслихат хатшысы Аугалиев Қ. Д,Мамандандырылған БЖСМ директоры Калибаев Қ.Ә, Зеренді ауданының білім басшысы Нурова Д.Ш қатысты. Нәтижесінде жеңімпаздар кубок мақтау қағаздарымен марапатталды. Менің ойымша осындай додалы жарыстар жас жеткіншектің спортқа деген құлшынысын арттырады. Бокс турнирін ұйымдастырған спорт ардагері Құдайберген С. Қ. Сарин Е. Аккузов Д.-ға алғысымыз шексіз.