«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балапан» шағын орталығының жарты жылдық жұмыс есебі.

30.12.2021

«Балапан» шағын орталығының жарты жылдық жұмыс есебі:

 «Балапан» шағын орталығы 2021 оқу жылында  төмендегі мақсат, міндеттерге сүйене  отырып, жұмыс істеді. «Жеке-нысаналық әдіс арқылы, мектепке дейінгі балалардың шығармашылық потенциалын қалыптастыру»

Міндеттері:

-Әр баланың өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін еске ала отырып, сапалы білім беру.

-Балалардың дамуындағы ауытқушылықтың алдын алу.

- Балалардың денсаулығын сақтау ережелерін жете меңгерту.

- Мектепке дейінгі балаларды әсемдікке тәрбиелеу арқылы жан жақты және үйлесімді дамыту.

- Қоршаған әлемді өзгертуге шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Биылғы оқу жылына шағын орталыққа 2-3-4 жас аралығындағы 17 бала қабылданды. Оның 8-қыз бала, 9-ер бала.

Ата – аналардың  көмегімен бүлдіршіндер үшін күнделікті ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Қызылтаң орта мектеп жанындағы «Балапан» шағын орталығының 2021-2022 оқу жылына  жылдық жұмыс жоспары құрылды. Жылдық жоспарға педагогикалық, әдістемелік кеңестерінде қарастырылатын тақырыптар мен «Тіл туралы заңының» орындалу жөніндегі жоспар, ата- аналармен жұмыс жоспары еңгізілді. Жылдық жұмыс жоспары бойынша жарты жылға жоспарланған іс шаралар  орындалды. Сонымен қатар оқу тәрбие жұмысының да жоспары мен күнтізбелік  тақырыптық жоспарлары жасалды.

Бағдарлама бойынша II сәбилер тобының (3 жастан бастап 4 жасқа дейін) базистік оқу жоспары мен күн тәртібі құрылды. Негізгі бағдарламада бес білім беру саласы қарастырылады. Олар «Денсаулық», «Шығармашылық», «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта» болып бөлінеді.Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің әрбір түріне тоқталып, күнтізбе  тақырыптық жоспары жасалды. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің жалпы көлемі 12 сағат болса, ұзақтығы 7- 15 минут. Апталық сабақ жүктемесі:

«Денсаулық» - 2 сағ

«Қатынас» - 2  сағ

«Таным» - 2  сағ

«Әлеуметтік орта» - 1 сағ

«Шығармашылық» - 4 сағ

I-жартыжылда 3 жасар балалардың үлгерім-ынталары орташа болса, 4 жасар балалардың деңгейі тіл дамыту, қоршаған орта, құрастыру пәндерінен жоғары, ал көркем әдебиет, математикадан орташа көрсеткіштер көрсетілді.I-жартыжылдығында алғаш келген үш жасар балалар, төрт жасар балалармен бірге жұмыс жасап өздерінің ынталарын көрсете білді. Кішкентай бүлдіршіндер 4 жастағы балалардың жасаған еңбектерін көріп, үлкен нәтижеге жетті.

Бағдарлама бойынша 5- ке дейін тура және кері санауды меңгере алды. Геометриялық пішіндерді салыстырып, түстерді ажырата білді. Жыл мезгілдерін, айларын, апта күндерін атауды үйрендік.

Шағын орталықта білім берумен қатар тәрбиеге көп көңіл бөлінеді. Өткен жарты жылдықта көптеген ертеңгіліктер өтті.«Балапан» шағын орталығында тіл меркесі «Ана тілің-арың бол» атты ертеңгілік өтті. Өте жақсы өтті. Ертеңгілік барысында әнұран айтылып, шағын көрініс өтті. Ән айтып, ойын ойнатылды. Балаларға сұрақтар қойылып, жауап алынды. Балалар арнайы қазақша киімдер киіп келді.

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст