«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9-сыныпта химия пәнінен ашық сабақ өтті.

02.03.2022

 

Бөлім:

9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV)  -топ элементтері және олардың қосылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Серкенова Гулдана Болатхановна

Күні:

24.02.22

Сыныбы:

9

Қатысушылар саны

7

Қатыспағандар саны

 

Сабақтың тақырыбы:

Фосфор және оның  қосылыстары

(46-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.1.22-фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру

9.4.2.2 -фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау

9.2.1.23-фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

 Барлық оқушылар үшін:

фосфорға  периодтық  кестедегі орны   бойынша сипаттама береді;

Көпшілік оқушылар үшін:

Р құрылысы мен аллотропиялық түр  өзгерістерін бейнелейді;

Кейбір оқушылар үшін:

фосфордың жану өнімдерін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы.

1 минут

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

1.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

2.Класта ынтымақтастық орта қалыптастыру.

 

Оқушылар сабақ тақырыбын болжайды.

 

 

     Сәлемдесу;

1)Сыныпта жағымды  атмосфера  қалыптастыру;

 « Боди арт» әдісі арқылы топқа бөліну.

1.«Он сұрақ»  әдісі арқылы  жаңа тақырыпқа  байланысы бар өткен сабақтағы  ұғымдар мен анықтамаларды еске түсіру;

1.Таза азот қышқылы қандай зат?

2. Аммиактың физикалық қасиеттері қандай?

3. Азот қышқылы қайда қолданылады?

4.Азот қышқылының тұздарын қалай атайды?

5. Аммоний гидроксидінің екінші атауы?

 6.Аммоний тұздарының құрамы жағынан басқа тұздардан айырмашылығы неде?

7. Азот диоксиді адам қанынан нені азайтады?

8. Азоттың металдармен қосылысы не деп аталады?

9. Азоттың маңызды қосылыстарын ата?

10.«Патша сұйықтығы» құрамына кіретін қышқылдар?

 

Мәтін беріледі.

Қызығушылықты ояту:

«Болжау» әдісі

Жай   металдарды алтынға айналдыратын  «Философиялық тас»    іздеу барысында Гамбурк  тұрғыны,ал химик Х.Бранд 1669 жылы алғаш рет зәрдің құрғақ қалдығынан ақ фосфор алды. Алынған зат қараңғыда сәуле шығаратын болғандықтан, ал химик іздеген «философиялық тасты»    таптым деп ойлады. Бранд бұдан басқа барлық металдарды алтынға айналдырғысы келді.Бір де ол жаңа рецепті бойынша зертханада жұмыс істейді. Адам зәрін су алтып,оған көмір мен құмды араластырып ауа қатыстырмай қыздырады.Құтының ішінде жылтыраған бір нәрсенің бар екенін көрді. Алынған зат жарық шығарады, осыны пайдаланып,  Бранд байларға сатып ақшаға кенеледі.Бұл зат не деп ойлайсыңдар?

Дескриптор

  • Берілген болжам арқылы тақырыпты ашады.

«Болжау» әдісі тапсырмаларына жауап беріп,өз ойларымен бөлісе отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

 

 

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

https://twig-bilim.kz/ru/film/the-elements-phosphorus

 

Жаңа сабаққа кіріспе.

Мағынаны тану.

15 минут

 

Оқушылармен бірлесе отырып сабақ мақсаты айқындалады:

 

Мағынаны тану: Бүгінгі сабақтың мақсаты:

-Фосфордың периодтық жүйедегі орны,физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттап, реакция теңдеулерін жазу,есеп шығару

 

- Фосфордың тіршіліктегі маңызын түсіндіріп, фосфордың әсерінен туындаған проблемаларды айқындау.

Бағалау критерийлері

Білу

Фосфордың периодтық жүйедегі орны мен атом құрылыс туралы біледі;

Түсіну

Фосфордың физикалық қасиеттерін сипаттайды, табиғатта таралуын айта алады ;

Қолдану

Фосфордың  химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін  жаза алады;

Талдау

Фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерін сипаттай алады.

Жинақтау

Фосфордың тіршіліктегі маңызы мен биологиялық  ролін  сипаттайды;

Бағалау

Фосфордың әсерінен туындаған проблемаларды айқындап, шешу жолдарын ұсынады;

 

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен  ынталандыру. 

Сабақтың ортасы

15 мин.

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке жұмы

Оқушыларға фосфордың аллотроптық модификацияға ие элементтің бірі екендігін түсіндіріңіз. Оқушыларға P4 молекуласының моделін құруды сұраңыз. Ақ фосфор: оқушылардан неліктен ол химиялық активті екендігін сұраңыз.

 

Химиялық  қасиеттерін сипаттау үшін электрондық оқулықтан көрсетілім бойынша реакция теңдеулерін жазғызу.

1)фосфордың жануы

2) Фосфордың сутекпен әрекеттесуі

3) сіріңкені жағу(5КСІО3 + 6Р →   5КСІ+ 3Р2 О5)

Дескриптор

  • Фосфордың химиялық қасиеттерін сипаттап, реакция теңдеулерін жазады;

Жасырын жұмбақ

Мен туралы аңыз көп.Ақша жасайды,алтын деген түк емес дейді,  талайды ақшамен жарылқады дейді,сенбесеңіздер. Мен-Ақбаймын,Қарабаймын және Қазбек деген сыңарларым бар.Үшеуіміз егіз болғанымызбен түріміз де ұқсамайды. Мәселен,менің мінезім нашар,қызбалаумын,тез тұтанып шыға келемін.Өзім улы заттар қоймасында жұмыс істеймін. Екі ағам  маған  қарағанда момындау. Қарабай әскери адам, түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді. Қазбек-сіріңке зауытының директоры.

Менің басқа ағайындарым ауыл шаруашылығында маңызды жұмыстар атқарады.Мен және менің туыстарым

(Ақ,қызыл,қара фосфордың физикалық қасиеттерін түсіндіру

«Алақан,жұдырық» әдісі арқылы7

АКТ бойынша интерактивті тақтада не ноутбукта http://LearningApps.org

Сабақты бекіту мақсатында  дарынды бала мен үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргізу үшін табандылықты дамытуға арналған кеңейтілген тапсырмалар  ұсынылады.


Есеп шығару.

1.Фосфордың пайыздық мөлшері қай қосылысында жоғары екенін есептеп табыңдар?

P2O5, PH3, H3PO4, P2O3

 

2.3,1г кальций фосфатынан қанша фосфор алуға болады? 0,62г

 

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.  Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

https://twig-bilim.kz/ru/film/the-elements-phosphorus

 

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Жұптық жұмы

 

Үйге тапсырма

 

 

Бағалау

 

Рефлексия

 

 

 

«Мұғалімге хат» әдісі арқылы кері байланыс

7 мин.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Айналымдар тізбегін жүзеге асырыңдар.

Р→ P2O5→H3PO4→Ca3(PO4)2→CaCl2

Оқулық бойынша сандық есептер шығару.№1,2 51 бет

§40.г№5 49 бет.

Сабақтың соңында кері байланыс «Бағалау сатысы» бойынша жүзеге асады.

Бүгін не білдім..

Қызықты болды..

Қиын болды..

Мен тапсырманы орындадым..

Өмірде қолдануға үйретті.

 

"Мұғалімге хат"әдісі оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе түсінбеген, түсініксіз сұрақтар бойынша ұсыныс жазады.

 

 «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

https://twig-bilim.kz/ru/film/the-elements-phosphorus

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қызылтаң ауылының  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Фосфор және оның қосылыстары»

(9- сынып)

 

Пән мұғалімі: Химия пәні мұғалімі

Серкенова Г.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2021 – 2022 оқу жылы

 

Просмотров: 392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст