«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бір бағыттағы артта қалып қою қозғалысына берілген есептерді шығару" математикадан ашық сабақ 4-сынып

10.02.2019

Күні

 

Пәні:    математика

       96-сабақ

Сабақтың тақырыбы

Бір бағыттағы артта қалып қою қозғалысына берілген есептерді шығару

Мақсаты

бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығара білу қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, геометриялық фигуралар мен шамалар туралы білімін бекіту; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығара білу қабілеті мен есептеу дағдыларын жетіледі, геометриялық фигуралар мен шамалар туралы білімін бекітеді.

Оқуда қолданатын әдіс-тәсілдер

СТО (қызығушылық ояту, постер жасау) Диалогтік оқыту (сұрақ-жауап). Жас ерекшеліктеріне сәйкес  тапсырма беру. АКТ (сергіту сәті).  Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  

   

Сыныптағы өзара әрекеттестік

Жұптық жұмыс, сұрақ-жауап, дид-лық ойындар,  постер қорғау

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 

Кіріспе

 

 

І. Ұйымдастыру.  Психологиялық дайындық

Қане, қатар – қатар түзеліп,

Оқушыға лайық.

Қолымызды жіберіп, түп – түзу тұрайық.

Бірінші қатар жай отыр.

Екінші қатар сен де отыр.

Үшінші қатар тез отыр.

Ғылымның  сырын  ұғына, (слайдтан оқу)

Жетіңдер  білім  шыңына.

Ұқыптылық пен  зеректік,

Жеткізер   сіздердей  өренді

Математика сырына.

Балалар, бүгінгі сабағымызды осындай жақсы көңіл – күймен бастайық.

Қызығушылықты ояту

 

ІІ. Тірек білімдерін дамыту.        

  "Жасырын сөзді тап"

о

қ

з

а

ғ

л

с

ы

9сағ

2сағ

60км/сағ

80км/сағ

75км

90км/сағ

1200км

450км

қ

о

з

ғ

а

л

ы

с

  1. Велосипедші 15км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Ол 5 сағатта неше км жүреді? (75 км)

2. Адам 5км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Ол 45км жерді неше сағатта жүріп өтеді? (9сағ)

3. 6 сағат ішінде пойыз тоқтамастан 480км жол  жүрді. Пойыз қандай жылдамдықпен қозғалды? (80км/сағ) 

4. Арасы 130км екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы екі мотоциклші шықты. Егер бірінші мотоциклші 35км/сағ, ал екінші мотоциклші  30км/сағ жылдамдықпен қозғалса, олар неше сағаттан кейін кездеседі? (2сағ)

5. Машина қаладан таңғы сағат 9-да шығып, 11-де ауылға келді. Егер қаламен ауылдың арасы 120км болса, машинаның жылдамдығы нешеге тең?(60км/сағ)

6. Көлік 2 сағатта 180км жол жүрді. Көлік қандай жылдамдықпен қозғалды? (90км/сағ)

7.  Электрлі пойыз 90км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүрді. Ол осы уақыт аралығында қанша қашықтықты жүріп өтті? (450км)

8. Ұшақ 400км/сағ жылдамдықпен 3 сағат ұшты. Ол қандай қашықтықты  артқа тастады?(1200км)

Шыққан сандарды өсу ретімен қоя отырып, шыққан сөзді оқиық.

- Ендеше бүгінгі біздің сабағымыз қозғалыс процессіне арналады. Қозғалыс деген ұғыммен күнделікті біз қай жерде кездесеміз?   

1. Қозғалысқа берілген есептерде қандай шамалар кездеседі?

Қашықтық, жылдамдық,  уақыт.
2. Осы шамаларды табу формулаларын айтап беріңдер.
3. Жолдың формуласындағы әріптер қандай шаманы білдіреді?

      

Негізгі бөлім

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

      ІІІ. Жаңа сабақ

1 №1 есеп шығару сызбамен жұмыс

- Өрнектер арқылы нені табуға болады? Қандай формула қолданылды?

2. №2 берілген есептер бойынша постер құрастыру.

- Сонымен автобус пен жеңіл көліктің қашықтау яғни қалып қою жылдамдығы    V қаш = Vж.к. - Vавт.

3. №3 сызбаларды қарастырып есептер құрастыру

ІҮ. Сергіту сәті

 Бір сөзден көп сөз құрастыру:
1-жұп: Жылдамдық: Жыл, адым, мал, жылы, дымқыл, дамыл, қыл, алдым, алды, қыжыл.

2-жұп: Қашықтық: Қашық, ашық, ақы, ақтық, тық, қаш, шақ,
3-жұп: Уақыт: Ақ, уақ, ақы, тақ, тауық, уық, тау, ату, ат.

Ү. Өткенді пысықтау

№4 кесте бойынша өрнектер құрастыру

Қорытынды

 

 

 

 Ү. Сабақты қорыту.

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Достарың да табылады қасыңнан.

Қызықты есептер.(топтық жұмыс)
№1
Балапан өзінен 40м қашықтықтағы өрмекшіні байқап оны қуа жөнелді.
Егер балапанның жылдамдығы 370м/мин, ал өрмекшінің жылдамдығы 360м/мин болса, балапан өрмекшіні қанша минуттан кейін қуып жетеді?
№2
Тышқан ірімшікті ұрлап қаша жөнелді. Оны 8м қашықтықта тұрған адам байқап қуа жөнелді. Егер тышқанның жылдамдығы 2 м/с, адамның жылдамдығы 3м/с, тышқаннан ініне дейінгі қашықтығы 10м болса, ол қашып үлгере ме?

-  Сабақтың мақсаты қандай болды?

   - Сабақтағы тапсырмаларды орындай отырып, біз мақсатымызға жеттік деп айта аламыз ба?

   - Сабақта  не ұнады?

   - Сабақта қандай тапсырма  қиын болды?

   - Қандай  тапсырма жеңіл болды?

   - Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларыңа баға бер.

ҮІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. №5, 38-бет

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау

Рефлексия:  Стикерге пікірлер жазып берілген смайликтерінін тұсына  жапсырады.

                                                            

Просмотров: 804


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст