«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеңісің құтты болсын Ильяс!

23.02.2019

Ильястың алғашқы жеңісі

    Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. «Дені саудың – тәні сау» деп көне Рим ойшылы Юневал айтпақшы, әр адам өз денсаулығының кепілі. Қазіргі кезде  жас ұрпақтың білім алып, өнер және спортты меңгеруіне жағдай көптеп жасалуда.Мысалы,біздің шағын Қызылтаң мектебінің оқушылыры үнемі облыстық, республикалық бокс турнирлеріне қатысып отырады.Ол әрине Құдайбереген С.Қ. мен Жұмабаев Ә.Б.сынды бапкерлеріздің тынбай ,талмай жасап жатқан еңбектері. Үнемі бапкерлеріміз  уақытпен санаспай,күнделікті тыңғылықты дайындап, үлкен жеңістерге жетелейді.Сол дайындық нәтижесі болар,жуырда ақпан айының 11-15 күндері аралығында Көкшетау қаласындағы Қажымұқан спорт кешенінде өткен облыстық турнирде біздің боксшылар жүлделі оралды. 2005-2006 ж жасөспірімдер арасындағы  турнирде біздің  мектептен Аманжол Ильяс,Төлеген Арлан, Аккузов Адай қатысты.Солардың ішінен Аманжол Ильяс 3-орын иеленді.Ильяс 1 жекпе -жегінде Сапаров Ерасыл атты Көкшетау қаласының баласымен шығып айқын жеңіске жетті. Ал екінші жекпе- жегін Степногорск спорт мектебінің  мықты баласымен қолғап түйістіріп, бұл сайыстада айқын жеңіске жетті.Үшінші  жартылай финалдық ойын қиынға түсіп,Степногорсктың Абдикадиров Ғанибет атты баласынан 2:1 жеңіліске ұшырады.Төлеген Арлан  мен Аккузов Адай да  жақсы ойын көрсете білді.Ал қазіргі кезде Ильяс Республикалық сайысқа қызу дайындық  үстінде,спортшымыздың алдағы уақытта болатын жарыс биігінен көрінуіне тілектеспіз.

 

Просмотров: 440


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст