«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Айналайын - анашым» атты 8 наурыз – Аналар мерекесіне арналған кештің сценарийі

13.03.2019

Мақсаты: 
-мерекелік көңіл-күйін құру 
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту 
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру 
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру 
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. 

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра, орамалдар, 


Ертеңгіліктің барысы: 
Ұлдар қыздардың қолдарынан ұстап алып шығады
Ұлдар қыздарға басын иеді. 
Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемділік сыйлайды. 

 

Қане ұлдар қыздарға гүлдерімізді  берейік

Ұлдар қыздарға гүлдер сыйлайды.
 

Аналарымызға арнап балалар тақпақтарын айтады.

1 Айдос: 
Бүгінгі көктем күнінде, 
Барлық адам қуанар, 
Аналарды мейраммен 
Құттықтайды балалар. 


2 Санжар: 
«Жаным» дейсің мені, 
Жаратушым – бір сен. 
Жалғыз өзің, тегі, 
Жанашырым білсең, 
Айналайын ана! 


4 Аянат: 
Ананың біз гүліміз, 
Ана біздің күніміз. 
Ұландарды қуантып, 
Ұзақ өмір сүріңіз. 

 

 


5 : Нұрислам
Қандай бала болмайық, 
Анамызға б алдаймыз, 
Көтерейікші көңілін 
Ән салайық бәріміз. 

 

6.Лунара

7.Жұлдыз

8.Айсұлу

 

 Би:  Қуыршақтар биі

Ойын: Гүл жинау


Ән «Айналайын, ақ мамам!» (хормен) 


Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға сюрприз дайындап келді ғой.

Сыйлықтарын береді

Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесді құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер. 
Балалар шашырап тұрады. 
1 Аңсар: ______________________________ 
Әжемді мейрамымен құттықтаймын, 
Айтатын ән, беретін гүлім дайын. 
«Әжетай сені жақсы көремін», деп 
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын. 

2 Айзара: ________________________ 
Әжем менің әлі де, 
Ұқсамайды кәріге. 
Шай қайнатып береді, 
Қажет болса бәріне. 

 

Айым

Айдарбек

Мади

Аилин


3 Дияр: _____________________ 
Өзің мені өсірген, 
Айналайын, ақ әжем. 
Тентек болсам кешірген 
Шөлдедің бе, дана әжем. 


4 Нұршат:________________________ 
Шай қайнатып берейін, 
Шекер салып жан әжем 
Өзім құйып берейін, 
Балдай тәтті бал әжем! 


Ән «Мама» 

Лунара, Мади,Жұлдыз

 

Ойын: Балаңды тап


Жүргізуші: 
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!

 

Қымбатты ата-аналар енді ертеңгілігіміз мерекелік дастарханмен жалғасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст