«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Рахмет, ана!" Муханбетхали Ақерке

13.03.2019

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп, Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

                                                                                                 Рахмет, ана!

Ана керек о, адамдар ана  керек  адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда,

Пікірімді ұнатпаған таптықта дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.- дейді Т.Айбергенов

 Мен анамды ерекше қадірлеймін, аялаймын.Мені ешкімнен кем қылмай тәрбиелеуде. Жалпы, анам, өзіне аты сай, гүлдей мейірімді, кейде мұғалім болғандықтан қатал.Анамның бойындағы анаға тән мейірімділікті, әйелге тән нәзіктікті көріп өсіп келемін. Анамның қолы босаса ас үйдің мәзірін жайнатады. Қазақтың нағыз бауырсағын дайындап әлек болады. Қаншалықты шаршап шалдығып тұрса да, үйдің тазалығын жаны ұнатады. Анам үшін ең жақсы сыйлық-балаларының саулығы, күлкісі.

   Менің анам отбасына да , жұмысына да әрдайым уақыт табады.Мінеки анам менің осындай ерекше адам. Қарлығаштай ешқашан тыным таппайды.Қыстың қаһары кетіп, көктемнің жылы лебімен халықаралық әйелдер мейрамы келе жатыр.Бұл мереке мен үшін өте маңызды, өйткені мен анама, әжеме,әпкелеріме деген құрметімді, сүйіспеншілігімді жеткізе аламын.Әсіресе,анама деген құрметімді аямауым керек.Сол күні мүмкін болса, барлық үй шаруасындағы күйбелең жұмысты өз мойныма алғаным жөн.

   Анашым!Енді балапаның ескейді,ержетті.Тек денсаулығың жақсарсың, өмірің  ұзақ болсын.Өмір берген анама үлкен рахметімді айтамын. Мен анамды қорғаймын,аялаймын,еңбегің ақтаймын.Рахмет саған, анашым!

Муханбетхали Ақерке

6-сынып оқушысы

Қызылтаң орта мектебі.

Просмотров: 354


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст