«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз - ізгілік пен жақсылықтың мейрамы Абдирзакова Ж.А.

08.04.2019

Наурыз -ізгілік пен жақсылықтың мейрамы

   Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамы, бұл қазақ халқы үшін тек көктемнің ғана емес, бірінші кезекте ізгілік пен жақсылықтың мейрамы.Данышпан ата-бабаларымыз осы күнге табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып таңдау жасаған.Бұл күн мен түн теңелетін уақыт ,төрт түлік мал төлдейтін ай, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін мезгіл. Биылғы келген жаңа жылымыз қасиетті жұма күнімен қатар келіп, ел-жұртымыздың көктен тілеген ниет- тілегін қабыл еткендей  ерекше жылығын сыйлап, көңілін жадыратты.

Жыл сайын мектебімізде өтетін дәстүрлі наурыз мерекесіне арналған іс-шарамыз 3 кезеңмен өткізілді. 18-наурыз күні бала-бақша бүлдіршіндері былдырлаған тәтті тілдерімен өлең оқып, ән салып, ата-аналары дастарқан жайып, наурыз көже дайындауларымен басталды.

    19- наурыз күні Бастауыш сынып мұғалімдері де жан-жақты безендірілген киіз үй жабдығымен  дастархан жайысып, ет асып, салт-дәстүр көрсетіп, қазақтың кең пейілін келер ұрпаққа  дәріптеген мерекелі қойылымдарының тәрбиелік мәні зор болып, әр сәбиді, ата-ананы ынтымақ- бірлікке баурай білді деп айта аламын.

 Ал 20-күні ауылымыздың мәдениет үйінде аймақ әкімі –Мархабия Қағабатқызының  бастамасы  ауыл тұрғындары және мектеп ұжымы  ұйымдастырған іс-шара бүкіл ауылдың көше-көшеге бөліп, ет асып, дастархан жайып қазақы дәстүрлеріміз жасалынып, ән әуелеп, күй төгілген шынайы мерекеге ұласты. Мектептің жоғарғы сынып оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаға Кеден Департаментінің қызметкерлері,  Көкшетау өңіріне  ерен еңбегімен кең танымал зейнеткер атамыз Ибраев Тиімбай ата келіп, ел -жұртымызға, оқушыларымызға ақ тілектерін жауғызып, арнайы сыйлықтарын табыс етіп, зейнеткер атамыз ақ батасын берді. Мерекелік бағдарламаның көркін қыздырған Үкілі Ыбырай филармониясының әншісі Қасенов Сәрсенбай  ағамыз келіп, Арқаның алып әншілері Ақан серінің ,Біржан салдың , Үкілі Ыбырайдың «Гәккуін, кейін Сәкеннің «Тау ішінде» әндерін әсем, зор даусымен  салғанда естіген жұрттың Абайша айтқанда , көңіл құсын шартарапқа құйқылжытқан тебіреністі күйге енгізді. Мектеп оқушыларының дайындаған әсем әндері мен көрікті билеріне сүйсінген жұрт алғыстарын жауғызып,ал әкім бастамасымен шаруашылық иелері дайындаған ең үздік өнер көрсеткен оқушыларға, ауыл жастарына  сый-сияпаттарын үлестірді.

     Ауыл әкімі Ерғалиева Мархабия Қағабатқызының ауылымыздың жеке шаруашылық басшыларына  осы айтулы мерекеге  атсалысып , өнерін ортаға салған тұрғындарға қаржылай сый-сияпат жасауына ұйытқы бола білді.Ұлыстың ұлы күні қарсаныңда кең көлемде ұйымдастырылған мерекелік іс-шара әр сәбиді, ауылымыздың тұрғындарын бірлікке, бауырмалдыққа үндеп, ата-ананы өнегелікке баурай білді . Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамы, биылғы жылы біздің Қызылтаң  халқы үшін тек көктемнің ғана емес, бірінші кезекте ізгілік пен жақсылықтың ,ауызбіршіліктің  мейрамы бола білді деп  осындай ізгілікті бастаманы ұйымдастыра білген  округ басшысына, клуб жетекшісіне және жеке шаруашылық  қожалықтарына  алғысымызды жеткізгіміз келеді.

                                     Абдирзакова Ж.А.       Қызылтаң ауылының тұрғыны.

Просмотров: 592

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст