«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ЖАС ҚЫРАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ

18.05.2019

«ЖАС қЫРАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР ҰЙЫМЫна қабылдау СЦЕНАРИЙІ

 

Өтетін уақыты: 2019  жыл  29 сәуір

Өтетін жері: Мекпеп залы

Өткізілу түрі: Жас қыран ұйымының салтанатты жиыны.

Қатысушылар: Мектептің оқушылары, ата - аналар , мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері

 

Жүргізуші :

-          Қайырлы күн,  оқушылар және ұстаздар!  Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар ұйымы қатарына бүлдіршіндерімізді қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

Жүргізуші :

-          Бірыңғай « Жас қыран» балалар ұйымы  Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші :

-          Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар  ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр.
Тыңдаңыздар! Мектеп түзел! Жас Ұлан ұйымының туы енгізілсін!

Жүргізуші :
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын Жас Ұланың әнұраны!
Жас Ұлан ән ұран ойналады

Жүргізуші :

-          Ендеше, оқушыларды  «Жас Қыран» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

«Жас Қыран» ұйымының әрбір мүшесі:

Жүргізуші :

ü  Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

Жүргізуші :

ü  Қазақстан Республикасының туындағы күннің  түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.

Жүргізуші :

ü  Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.

Жүргізуші :

ü  Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.

Жүргізуші :

ü  Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

Жүргізуші :

v  Жас Қыран ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.

Жүргізуші :

v  Жас Қыран ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші

Жүргізуші :

v  Жас ұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

Жүргізуші :

v  Жас Қыран ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар

Жүргізуші :

v  Жас ұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.

Жүргізуші: «Жас қыран» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. 

Жүргізуші :

Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!

 


Жүргізуші :

-          Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға  төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)

-           

Жүргізуші: «Жас қыранға» қабылданатын оқушылар: 

Омарова Айлана оқу екіпіндісі, мәдениет секторының басшысы. Бос уақытында  кітап оқуды ұнатады.

 

Назымбек Адиа оқу үздігі, сабағын жақсы оқиды, іс –шараларда белсене қатысады,  аймақтық шахматтатың 2 орын жүлдегері, Халықаралық «Пони» байқауының жүлдегері. Аймақтық шахматтан ІІ орын жүлдегері. Сыныпта тазлық секторы.

 

Жанаш Амірхан  оқу екпіндісі, сыныпта спорт секторы, бос уақытында спортпен айналысады.

 

Ерік Нұрай оқу екіпіндісі, сыныпта топ басшы. Спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.

Халықаралық «пони» сайысының жүлдегері.

 

Уралов Алишер  оқу екпіндісі,  сыныпта ұйымдастырушы секторы. Халықаралық «пони» сайысының  жүлдегері.

 

Жанат Жасмин оқу екпіндісі, сыныпта білім секторы,  іс – шараларға белсенді қатысады.

 

 

Жүргізуші: Біз Отанның Ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!

Жүргізуші :
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін « Жас қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
( «Жас Қыранның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
Жүргізуші :

Құттықтау сөз мектеп директоры Құдайберген Серік Қожантайұлына беріледі.

Жүргізуші :

-          Құрметті, оқушылар  «Жас Қыран» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз. Жас Ұлан ұйымының туы шығарылсын.

Жүргізуші :
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Қыран» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
Жүргізуші :
Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар  ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

 

Концерттік бағдарламаны 1 – сынып оқушылары жалғатырады.

Өлең жолдары және ән.

Жумабаева Мархаббат Батырбековна

Просмотров: 741


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст