«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарлама.

18.05.2019

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

 1 - жүргізуші: Құрметті  қонақтар. Бәріміздің көптен күткен  Ұлы Жеңіс күні құтты  болсын. Ардагерлерге мың тағзым!Жеңістің туы мәңгі желбірей   берсін!

ҚР әнұраны орындалсын.

2 - жүргізуші: Жер үстінің шуағы тарқамасын! Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған гүл тәжі қойылсын. 

 1 - жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына арналады.

2 - жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілгенқан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.

Қирады талай арман көңілге алған

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Өз жерлестеріміз де бар. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде  қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

(1 мин үнсіздік)

1 - жүргізуші : Айналайын  халқым! Ұрпақтарым. Біздің еренді еңбегімізді елеп, ескеріп, мәртебемізді көтеріп, қошеметтеп, жыл сайынғы елде жасап жатқан жақсылықтары бізді қуантып, марқайтады. Елбасымыз өз жолдауында халықтың жағдайын жасаумен бірге ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне зор көңіл бөлгеніне ризашылығымызды білдіреміз.

 

Құттықтауы сөзі ауданымыздың әкімі ____________________________________________

беріледі.

 

Құттықтауы сөзі ауданымыздың,ауылымыздың құрметті азаматы,Көкшетау тіс емханасының бас дәрігері,ардагерлерімізге арналған  ескерткішімізді орнатып берген  Кенжетаев Сағынтай Кенжетеевке беріледі

Құттықтауы сөзі мектеп директоры ____________________________________________  беріледі.

2 - жүргізуші:

 Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлерге арналған

Би: «Сылқылдақ»  орындайтын Биші қайың би тобы.

 2 - жүргізуші:  Ән: « Катюша» хор.

 1 - жүргізуші:Келесі орындалатын Ән «Жиырма сегіз батыр»орындайтын бастауыш сынып оқушылары.

2 – жүргізуші: би  «Брянские улицы» »орындайтын Биші қайың би тобы.

2 – жүргізуші: : Батыр үлесімдері ақталады Жыр болып  жүректерде сақталады. Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп, Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

1 - жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 74-ші көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы  Жеңістің 75жылдығында кездесейік.

2 - жүргізуші: Ұлы Жеңістің 74 жылдығына  арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.

1 - жүргізуші: Ардагерлерге мың тағзым!

2 - жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбірей берсін!

  2 - жүргізуші:  Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман – сау болыңыздар!

Просмотров: 447


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст