«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жойылсын жалғыз сөз «Соғыс» деген!

18.05.2019

Жойылсын жалғыз сөз «Соғыс» деген!

        Жеңіс күні - қазақ үшін Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Иә, Ұлы Жеңіс оңайлықпен келмеді... Иығына аса ауыр жүк түскен майдангерлеріміз Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды...Арын – байрақ, намысын-найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз.

Ұлы Жеңіс тақырыбын сөз еткенде Сырбай ақынның «Түбірлер» өлеңі маған осындай ой салады. Міне, Сырбай ақынның өлеңдері ойыңа ой қосатын озық туынды екенін осыдан–ақ көруге болады. Ал  «Соғыс не?! Менен біліңдер»- Деп тұрғандай түбірлер» -деп аяқталатын өлең жолдарында ақын адамзат тарихында  болған қанқұйлы  соғыс қасіретінің ешқашан ұмтылмайтынын айқын көрсете білген және сұрапыл соғыстың зардабы мен сұмдығын жүрегіңмен сезіндіре білді. Сұм соғыстың Табиғат-Ананың ет-жүрегін тілгілеп, күллі табиғат тіршілігіне тигізіп жатқан зор қасіретін көресіз. Көресіз де, көз алдыңызға елестетесіз.

«Айырылған аяқ-қолдан түбірлер,

Мүгедек солдат секілді», -  деп, жазады сыршыл ақын. Томар боп  қалған түбірді соғыстың кесапатын тартқан мүгедек солдатқа теңеу арқылы оқырман жүрегіне жеткізіп тұр емес пе?! Осы өлеңді оқып отырғанда менің көз алдыма нағыз батырлықтың символына айналған аңыз – адам, жерлес Рақымжан Қошқарбаев бейнесі келді. Ал, енді «Құлын» өлеңінің астарына үңіліп көрсек...  «... Шашыраған көк жалын бүркіп темір, Орманның іші үрейлі» деген өлең жолдары  жан-дүниеңді түршіктіріп, дір еткізеді де, «Ал оттың ортасында – Шіркін өмір, Құлын боп кісінейді», - деп ертеңгі күннен зор үміт күттіреді. Сырбай ақын соғыс  тауқіметін қаншалықты аянышты көрсете білгенімен,  жарқын болашаққа деген үмітін соншалықты басымырақ  жеткізе білді. Бұл ақындық шеберліктің айқын көрінісі екені даусыз.

         Бұл ұлы Жеңіс - қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының жемісі.

         Бұл соғыста көптеген қазақтың батыл, қайсар азаматтары қаза тапты,бірақ ешкім де ұмытылмақ емес. Есімдері қазақ халқының мәңгілік есінде шығыстың қос жұлдызы атанған Мәншүк пен Әлия апаларымыз, екі мәрте кеңес Одағының батыр атағын алған «қара » атанған Талғат Бигелдинов,  ерлігімен гвардия полковнигіне деген жеткен Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы, қайтпас қайсарлығымен Кеңес Одағының батыры атағын алған Нүркен Әбдіров, Рейстагқа ту тіккен батыр жерлес атамыз Рақымжан Қошқарбаев және тағы басқа аталарымызбен біз мақтанамыз!

 Біз бұл есімдерді мәңгі ұмытпаймыз және де ұмытуға хақымыз да жоқ деп ойлаймын. Бүгінде біздің міндетіміз – сабағымызды үздік бағаға оқып, Отанымызды сүйіп, елімізді, жерімізді қорғайтын үлкен азамат болып өсу.

Капышева Наргиза

8-сынып оқушысы

Қызылтаң орта мектебі

 

 

Просмотров: 685


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст