«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Атамның аты ерлігі мен қажымас қайратының ізі ретінде қалған.

18.05.2019

Атамның аты ерлігі мен қажымас қайратының ізі ретінде қалған.

 

1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатысты. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздегенқала мен елдімекендердіжоқ етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қанаемес, соныменқатаролбатыр ата- бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді.

    Сол сұрапыл соғысқа менің атам Серкенов Әубәкір де қатысып, елін, жерін маңдай терімен қорғауға ат салысқан. Атам фронтқа жігіт уақытында аттанған болатын. Соғыстың ұзақ жылдары аяқталғаннан кейін, 23 ақпан мен 9 мамыр күндері өзінің өңі кеткен солдат формасын киіп, ІІІ дәрежедегі орденің (орден Славы третьей степени) және «За отвагу» медальін тағатын. Атам Ә.Серкенов, кейіннен атақты жазушы атанған, Бауыржан Момышұлының полкінде қызмет етті, және өмірінің соңғы күндеріне дейін хат жазысып тұрған. 12- минер- тыңшылардың басшысы атанып, жаудың лагерьіне тыңшылыққа жіберілген. Осы ерлігінің марапаты ретінде «За отвагу» медальімен марапатталған. Екі мәрте жараланған атам, әр сауыққаны сайын сарбаздардың қатарына қосылған. Соғыстың ауыр күндері аяқталып, үйге аман- сау келген атамтылда еңбек етіп, 1975 жылдың 30 желтоқсанында дүниеден мәңгілік сапарға аттанды. Бүгінгі күнде ауылымыз Қызылтаңның орталығынан орын алған ескерткіште атамның аты ерлігі мен қажымас қайратының ізі ретінде қалған. Мен Әубәкір атамның атамның Бауыржан Момышұлындай даңқты қолбасшысының қол астында болып Мәскеу түбінде жан қиярлық соғысқа қатысқанын мақтан тұтамын!

Қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ бұл азаттықтың қалай келгенін әрине біледі. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату - тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік менің Отаныма берілген тәңірдің сыйы. Аналар да, балалар да жыламасын, даламыз жұтамасын. Ұланғайыр кең даламды соғыс өрті шарпымасын. Бұл әрине барлық адам баласының арман - тілегі. Бейбітшілікжасасын!

 

Аубакирова Саида 10- сынып

 

Қызылтаң орта мектебі

 

Просмотров: 560


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст