«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» салтанатты жиынының сценарийі

16.06.2019

 

 

Мақсаты: 2018 - 2019 оқу жылындағы 11, 9 сынып оқушыларына куәлікті тапсыру.  

Фанфары.

 

1-жүргізуші: 

Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата – аналар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұямектебім!» атты аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.

2018 - 2019 оқу жылында 6 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр.  


Бүгін қандай шаттық толы кешеді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әр біркүнің, әрайың.
Тойларыңыз құтты болсын ата - ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде
Шырқалсын Қазақстан әнұраны.
(Әнұран ойналады.)

Бүгінгі «Қош бол, ұстаз алтын ұя мектебім» атты мерекелі к кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.


1.--------------_---------------------------------------------------
2.------------------------------------------------------------------
3.--------------------------------------------------------------------
 Қош келдіңіздер.
 

 Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

 Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

 Өмір бойы мектебімді жыр етем,

 Бір  өзіңде бақыт, білім, берекем.

 Шәкірттерің өрістесін,өрлесін,

 Құтты болсын, жас түлек  мерекеңіз

 

1-жүргізуші: 

 

 Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда,

Мұндай күй болған, бәлкiм баршаңызда .

Қол соғып қошаметпен шақырайын,

 "Жас түлектер" келсiн, кәне ортамызға!

 

Қарсы алыңыздар, 9- сынып оқушылары

Мұрат Ақнұр Маратқызы:оқу екпіндісі,топ басшысы, «Биші қайың» би үйірмесінің мүшесі.

Муханбетқали Аслан Жасқайратұлы  сынып екпіндісі, мектеп КВН тобының   белсенді мүшесі.

Уралов Ельдар Хасенқанұлы  сынып белсендісі, мектеп КВН тобының   белсенді мүшесі.

11-сынып оқушылары:

 1. Болатов Арсен Әсетұлы – отбасының тұңғышы,сынып белсендісі,география пәнінен аудандық пәндік олимпиада жүлдегері,

2. Байсеитова Айдана Елубайқызы  -  «Биші қайың» би үйірмесінің мүшесі. биология  пәнінен  аудандық олимпиада жүлдегері, 

3. Бейсенбаев Ерназ Сапарұлы – «Бокс»  үйірмесінің мүшесі, бірнеше сайыстардың жеңімпазы.
4. Сапаров  Жандос Жанатұлы– отбасының кенжесі,  сынып белсендісі

5  Назымбекова Аида Асанқызы   «Биші қайың» би үйірмесінің мүшесі.

 аудандық,облыстық көркемөнерпаздар байқауының жүлдегері,оқу екпіндісі

6  Аубакирова  Аида Талғатқызы «Биші қайың» би үйірмесінің мүшесі.

аудандық,облыстық көркемөнерпаздар байқауының жүлдегері,оқу екпіндісі. 

 

 Жүргізуші:  Кештiң ашылу салтанатын мектебіміздің директоры  Құдайберген С.Қ.  беріледі.

 

 «Вальс»

 

 Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Біркірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық  куәсі,
Аттестат деген – өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.

 

1-жүргізуші:   Марапаттау және негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру рәсімі мектеп директорына Құдайберген С.Қ. беріледі.

 

Қолдарыңызға алған куәліктеріңіз құтты болсын деген ниетпен
 ________________________________________________

әнін тамашалаңыздар.

 

1-жүргізуші

Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп, аялаған алақанын

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын деп

 11сыныптың Ата-аналары атынан тілек сөз   ------------------------------                             беріледі.

 

 

1-жүргізуші:

Өткенде бізден ағаттық,

 Байсалдылықпен тағат қып,

Балалық болса кешірген,

Байыппен баурап өсірген,

Үлгілі әр кез, ұстамды,

Сабырлы, ізгі ұстазды

 Анадай көріп сыйлаймыз:

 Келесі сөз кезегі жас түлектердің сынып жетекшілеріне  беріледі.

Сөз кезегі сіздерде құрметті сынып жетекшілері

 

    ___________ әнімен қарсы алыңыздар

 

2 - жүргізуші:
Бүгінгі таңда мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі – өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтың – адамгершілік қасиеті мол, сондай – ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын өресі биік, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бұған жету жолдары еңбек, ізденіс, сапалы білім.
Құрметті оқушылар еңбек етіп білім шыңына жетіңіздер дей келе

Сөз кезегі түлектерге беріледі
 

Жүргізуші:

Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді

Қыран болып ұшыңыз,
 Грандка  түсіңіз.
 

Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.
Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.

Просмотров: 1356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст