«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балапан" ШО алтын күз мерекесі

31.10.2019

Тақырыбы: Сиқырлы күз.

Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу.Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

 Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Сиқырлы күз»  атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз.

Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

Сиқырлы күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Сиқырлы күз!

 

Сиқырлы күз:  Береке бақ дарыған,

                           Жомарт көңіл жарқын жазым.

                           Сары алтынға малынған,

                           Сиқырлы күз  мен болам.

 

Армысыздар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалған жоқпан ба?

Балалар:  Жоқ.

Жүргізуші:    Шоғы толған гүлдей жайнап

                        Шақырады жарқын жүз

                        Сайрандаған күліп-ойнап,

                        Келді міне Сиқырлы күз!

Сиқырлы күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Ал сендер шешімін табыңдар!

                      Ағайынды бәрі

                      Шықса жасыл

                      Түссе –сары. Бұл не? (Жапырақ)

Балалар: (Жапырақ)

Сиқырлы күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

 

Жүргізуші: Сиқырлы күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі.  Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

 

Ән «Алтын күз»

Сиқырлы күз: Балалар қандай тамаша өлең айттыңдар.

 

Жүргізуші: Нөлінші сыныпты тақпақтарымен ортаға шақырамыз.

 

Дидар:
Көрініп еліме,
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.

 Аянат:
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.

 

Жансая:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.

 

Нұрислам:
Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала – бай дала
Алтын астық айнала.
 
Аңсар:

Алақай, алақай,

Шаттанды балақай

Береке -салты күз                                         

Мереке- алтын күз!

     

Шыңғыс:        

Күзім –ау, күзім-ау                                       

Мінезің  бұзық-ау.                           

Жаңбырың сіркіреп,                        

Келгенің қызық-ау!

 

 

Сиқырлы күз: Балалар сендерге келгеніме өте қуаныштымын. Сендер маған осындай мереке сыйлап отырсыңдар.

 

Енді қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын  ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

 

Ойын: Кім жылдам

Жүргізуші: «Балапан» шағын орталығын тақпақтарымен ортаға шақырамыз.

 

Әлімжан:

Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау  

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!  

 

Ақниет:

Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді  

Құс біткен керуен түзеді,  

Көңілсіз неліктен күз енді? 

 

Дияр:                 

Кездескен соң күзіммен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын

 

 

Санжарбек:       

Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты.

 

Аят:               

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

Нұрәділ:              

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

 

Жасұлан:             

Көбейді құт-береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

 

Нұршат:

Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның.

 

Алихан:               

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап

Ағаштаръхдан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

 

Жандос:                

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

 

Айзара:                    

Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз

 

 

Жүргізуші:   «Қолшатыр» биі (қыздар)

 

Ән «Күз»

Кап,кап тук,тук

Тереземді кім қақты

Таңертең жаңбыр жауып

Балаларды оятты

 

 Кап-кап дун-дун

Тамшылардан нұр шашты

Екеуі шықсаң далаға

Қолшатырды ұмытпа

 

Мода

 

Сиқырлы күз: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенін табу.

 

Сиқырлы күз:  Жарайсындар, балалар! Ал мен өзіммен бірге ата аналарға жұмбақ алып келдім. Қонақтарымызды сынап көрейік «Ұйқасын тап» ойыны

 

1.Пісетін кезі дәл күзде

   Мезгілсіз оны үзбе

   Аузынан кетпес бал дәмі

   Онын аты (шабдалы)

2. Кіп-кішкене болса да,

   Ағаштың басын иеді.

   Жемістерін айырып,

    Танисың ба? (шиені )

3. Жапырақты тасалап,

    Өсетін жері-бақша-бақ

    Күрен қызыл шіркін-ай

    Оның аты…(танқұрай )

 

«Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?

Сиқырлы күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

                             Берекелі бақ-дәулет,

                             Арта түссін тойланып.

                             Сау болындар, балалар,

                             Келгенше жыл айналып

Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.

Жүргізуші: Осымен, Сиқырлы күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!

Просмотров: 477


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст