«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық руханиятымыздың өзегі тіл.

01.11.2019

Ұлттық руханиятымыздың өзегі тіл.

 Біздің тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сінген асыл қазынамыз, сондықтанда өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз.’’Тіл адалдық өлшемі’’ деп халқымыз бекер айтпаған. Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстанның болашағы қазақ тілінде” деген сөзінде түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер білімді, ғылымды игереміз,өткен- кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып,дінімізбен салт-дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ, келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарғанымыз. Өйткені өз тілін, дінін, тарихын жақсы білмеген адам басқа тілдің қадірін білуі мүмкін емес. Қазақ халқы өзінің шешендігімен, шеберлігімен, даналығымен ерекшеленеді.

Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы,  еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалануды көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата-бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын,тұрмыс-салтын, үлгі-өнегесін жүзеге асыруымыз қажет. Осы мақсатқа жету үшін біздің Қызылтаң орта мектебінде тілдер декадасы болды. Декада барысында ашық тәрбие сағаттары,кештер,интеллектуалдық ойындар өтті. Тілдер мерекесі біз үшін маңызды тартымды болды. Декада барысында тіліміздің баға жетпес асыл мұра екенінін, байлығымыз екенін түсіндік.

Қызылтаң орта мектебінің оқушысы Муханбетхали Аслан 

Просмотров: 2032


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст