«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қызылтаң ауылының жалпы білім беретін мектебінің 5 -15-қыркүйек аралығында «Қазақстан Халықтарының Тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар туралы МӘЛІМЕТ.

15.09.2022

 

 

Қызылтаң ауылының жалпы білім беретін мектебінің 5 -15-қыркүйек аралығында «Қазақстан Халықтарының Тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген  іс-шаралар туралы

МӘЛІМЕТ.

 

5 қыркүйек «Қазақстан Халықтарының  Тілдері күні» мерекесіне орай   Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында мерекелік іс-шараның жоспары құрылып, бекітілді. 05.09.2022 күні «Ахмет Байтұрсынұлы және тіл тағылымы.» атты мерекелік апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. Тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға,  қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс-шараға 5-8- сынып оқушылары белсенді қатысты.  Оқушылар авторлар өлеңдерін оқып, тіл тазалығына байланысты көріністер көрсетіп, орта буын оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан сұрақтарға жауап беріп,  ақынның  өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ақын-жазушылардың тілге байланысты нақыл сөздерімен таныстырды.

 

 06.08.2022  «Дәуірдің жарық жұлдызы, зиялылар көсемі.» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Бұл көрме  - болашақ жас ұрпақтың дүниетанымының дұрыс қалыптасуы, ой-өрісінің биік болуына байланысты өткізілді.
Описание: http://33-taraz.mektebi.kz/uploads/posts/2019-01/1548232930_1548232845689.pngОписание: http://33-taraz.mektebi.kz/uploads/posts/2019-01/1548233010_1548232968836.png

 

07.09.2022 күні  9-11- сыныптар аралығында «Тіл – ел байлығы.» атты

эссе жазу байқауымен жалғасты. Оқушылар  эссе  жазу барысында тілге деген өз ой түйгендерін қағаз бетіне түсіріп нақты да, дәл жеткізе білді.

08.09.22.күні «Тіл білімінің атасы» Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толу мерейтойына  арналған «Ұлылықтың отын жаққан шырағымыз.» ғылыми конференцияны тіл жіне тарих пәні мамандары Жанбырбаева Ж.А. мен Бакиров Д.Р.және кітапханашы Абдильман С.Б. . 

9-11-сынып оқушылары арасында ұйымдастырды. Ғылыми коференцияда Табиғатынан аса дарынды туған «Қазақ халқының рухани көсемі - Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы» туралы Амантай Дильназға сөз кезегін

береміз. Слайд көрсетіледі №1  Тіл білімінің атасы «Ахметтің ақындығы және Қазақ жазуы» жайында

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жанбырбаева Ж.А.ортаға шақырамыз.
Слайд көрсетіледі №2Ахмет атамыздың өлеңдеріне кезек берейік.(Ортаға оқушылар шығады)
    Оқитындар: Мұрат Мерей«Анама хат» өлеңі;: Жакашева Зарина «Замандастарыма» өлеңі;

10-оқушысы: Амантай Дильназ  «Оқуға бар» өлеңі ;Махамбетова Даяна «Өгіз бен бақа.»

11- оқушысы: Аманжол Ильяс  «Туысыма» өлеңі.9-сынып Булатқан Ернар «Егіннің бастары.»

11-сынып оқушысы Абылайхан Сабрина «Ек шыбын» мысал өлеңі.

Қазақ ұлты үшін жанын аямай қызмет қылған, халының арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін, бір басын бәйгеге тіккен мемлекет қайраткері «Алаштың Ахметі» туралы тарих пәнінің мұғалімі: Бакиров Д. Р.сөз алып, бейнебаянмен сөз өрбітті.Ахмет атамыздың қалдырған бай мұрасының бір саласы – аудармалары. Сөз кезегін «Ахмет Байтұрсынұлы – аудармашы, ғалым» тақырыбында 11 сынып оқушысы Абылайхан Сабринаға береміз. №4

Қазақ халқы үшін Ахмет жасаған әдеби дүниенің көркемдік – әлеуметтік таным әсері ғаламат.    «Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған рухани мұралар» туралы ортаға мектебіміздің кітапханашысы –Абдильман С.Б.шақырамыз. Слайд № 5 «Ахмет Байтұрсынов мұражайы» көрсетіледі
       Тумысынан ауыз әдебиеті, халық әндері мен күйлерін еміп өскен Ахмет

Байтұрсынұлы ұлттық аспаптардың бәрінде бірдей ойнайтын шебер орындаушылығымен қатар,

өзі де жанынан ән шығарған айтулы композитор болған. «Ахаңның сазгерлік қыры» жайында 10 сынып оқушысы Ақерке оқиды.«Анама хат» әні тыңдалады.
 

Іс-шара жоспарына сәйкес 09.09.2022 аралығында «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімінің атасы», «Латын әліпбиінің  негізін қалаушы», «Тілге құрмет, елге құрмет» атты тәрбие сағаттары өткізілді.Сынып сағаттарының алға қойған мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу және оқушылардың азаматтық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін, ұлттық  рухани санасын, эстетикалық биік талғамын, өмірлік тәжірибесін байытып, тілімізді құрметтеп, аялай білуге тәрбиелеу болмақ.

Ұлы даланың ұлы тұлғалары бағытымен12.09.22ж.2-4 –сынып оқушыларымен бастауыш сынып мұғалімдері және сол күні 5-8-сынып оқушыларымен тіл мамандары  Амренова Г.С мен Жанбырбаева Ж.А. «Орта жүздің бас биі-қаз дауысты Қазбек би»көркемсөз сағатын ұйымдастырылды.Іс-шара өте жақсы деңгейде өтті. Оқушылар Қазақ  халқының айтулы кемеңгер билерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек бидің толғауларын жатқа оқып, әділ биліктері туралы ел аузынан жеткен төреліктері туралы көріністерін сахналады. Кеш қазақ тілі әнімен аяқталды.

13.09.22. «Дарынды ақын, әдебиеттанушы ғалым, Ұлт ұстазы –Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Үш тілде білім беру қажеттілігі.» тақырыбындағы пікірсайысты Бакиров Д.Р 7-8 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырды. Оқушылар қызығушылықпен дайындалып, сөз додасына түсті. Жақсы қатысқан оқушылар марапатталынды.

 Әр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек. Тіл мәселесін көтеруде барлық іс-шарааларды ұтымды ұйымдастыруға жаппай  мектеп ұжымы ат салысады.  Тілдің діңгегі одан әрі күшею үшін әлі де талай игі істер  бірігіп атқарылады.  Тіл үшін күрес –тәуелсіздікке қосқан үлес деп есептейміз, тілімізге шынайы  жанашырлық танытуға мектебіміздегі басқа ұлт өкілдері де ат салысатынына  сенеміз.

 

Просмотров: 418


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст