Желтоқсан айының 15-і күні 4-сыныпта Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты Тәуелсіздіктің маңызын түсіну, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті, Отанға деген мақтаныш сезімді тәрбиелеу болды. Тәуелсіздік жолында құрбан болған азаматтардың ерлігіне бас ию, есімдерін мәңгілік есте сақталатынын түсіну.
Балалар мерекеге сай киініп, ашық сабаққа жауапкершілікпен келді. Өлең жолдарын бар ықыласпен мәнерлеп оқыды. Тапсырмаларды тиянақты орындады. Өз білімдері мен қатар өнерлерін де көрсетті. Тәрбие сағаты ҚР-ның Гимнін орындаудан басталды. Сұрақтарға жауап бере отырып, ашық сабақтың тақырыбын ашып, мақсатымен танысты.
Ашық тәрбие сағаты барысында балалар Отан, тәуелсіздік туралы өлең жолдарын оқыды, ән айтты. Сабақ жақсы деңгейде өтті.